Тарих кафедрасы


тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің мәдени даму тарихынан - 1 сағат



бет6/12
Дата31.12.2019
өлшемі2,47 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

18 тақырып. ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің мәдени даму тарихынан - 1 сағат

  1. Мәдени дамудың бағыттары

  2. Оқу-ағарту саласындағы табыстар

  3. Отандық ғылымның құрылуы

  4. Орыс өнерінің гүлденуі

Россия ХV111-X1X ғасырлар аралығында.
Территориясы мен халқы. XV111 ғасырдың аяғында Россия Европаның ең ірі мемлекеттерінің бірі болды. Оның территориясы (шамамен 16 млн. шаршы км) солтүстікте Баренц теңізінен оңтүстікте Кавказ бен Қара теңізге дейіңгі, батыста Балтық теңізінен шығыста Ұлы немесе Тынық мұхитқа дейінгі жерді алып жатты.

Россия халықтары қоныстанбаған жерлерді игеріп, өз еңбегімен, қаһармандық күресімен қуатты мемлекет құрды, дүние жүзілік тарих пен дүние жұзілік мәдениетке ұлы үлес қосты.

Россия территориясының климат жағдайы мейлінше алуан түрлі. Елдің европалық бөлігінің солтүстігінде және Сібірде полярлық суық климат: қысы ұзақ әрі қатты, ал жазы өте қысқа. Россияның орта өңірінде климат қоңыржай, ал оңтүстік аудандарында – жылы. Россия орманға, өзен мен көлге бай. Оңтүстігінде халық аз қоныстанған ұшы-қиыры жоқ жазық дала.

XV111 ғасырда Россия халқы 11 миллионнан 36 миллионға дейін көбейді. Халқының саны жағынан Россия Европадағы ең ірі елдердің біріне айналды. Ол кезде Францияда 27 млн. адам, ал Англияда (отарларсыз) 16,4 млн. адам болды. Бірақ Россияда халықтың тығыздығы ең төмен – 1 шаршы километрге 2,25 адамнан келетін.

Россия – көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында тұрған түрлі халықтар (орыс, украин, белорус, поляк, литван, чуваш, марий, мордва, бурят, якут, эвенкілер және көптеген басқа да халықтар) кіретін. Халықтың негізгі көпшілігін бүкіл халықтың 60-70 %-і болған орыстар құрады.

Экономикасы. 19 ғасырдың бас кезінде Россияда әлі феодалдық қатынастар үстем болатын. Елдің негізгі байлығы – жерді халықтың 1 проценті болып табылатын помещиктер иемденді. Өздеріне феодалдық тәуелділікте болған шаруалардың негізгі көпшілігін де солар меншіктенді; шаруалардың 55%-і крепостной болатын. Помещиктер: оларды сатуға да, сыйлыққа беруге де, айырбастауға да ерікті болды, олардың өмір-тіршілігіне бүтіндей қожалық етті.

Шаруалардың мемлекеттік шаруалар деп аталатын қалған 45%-і мемлекеттің меншігі болып есептелді, олар мемлекеттің пайдасына феодалдық міндеткерлік атқарды.

Россия аграрлы (ауыл шаруашылықты) ел еді: оның халқының 95,5%-і деревняда тұрып, ауыл шаруашылығымен шұғылданды, тек 4%-тен сәл астамы ғана қала тұрғындары болды.

СССР тарихының V11 класқа арналған курсынан білетіндеріндей Россияда үстемдік еткен феодалдық құрылыс XV111 ғасырдың өзінде-ақ ыдырай бастады. Өнеркәсіп

Дамыды, ал оның кейбір салалары, әсіресе мақта-мата өндірісі жалдамалы еңбекке негізделді. Ішкі және сыртқы сауда өсті. Сауда орталықтары – жәрмеңкелер – жыл сайын өзінің айналымын арттыра берді. Атап айтқанда, Нижний Новгородқа таяу жердегі Макарьев жәрмеңкесі жылма-жылға миллиондаған сом сауда айналымының арқасында сол кезде бүкіл россиялық маңыз алды. Ауыл шаруашылығының патриархалдығы мен натуралдығы ыдырай бастады. Деревня өз шаруашылығын қаламен барған сайын тығыз байланыстыра түсті, сауда-рынок қатынастарына тартыла бастады: помещиктер мен шаруалар ауыл шаруашылығы өнімдерін рынокта сатып, өнеркәсіп бұйымдарын сатып ала бастады. Орыстың ауыл шаруашылық товарларын шетелге сату ұлғайды. Осының бәрі феодалдық құрылыс қойнауында жаңа, капиталистік қатынастардың туа бастағанын көрсетті. Осы процестердің ықпалымен ескі феодалдық сословиелер – дворяндар, шаруалар мен қала тұрғындарының түрлі топтары ыдырай түсіп, буржуазиялық сипат ала бастады. Жаңа таптар – сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен пролетариат қалыптаса бастады. Алайда бұл процесс өте баяу жүрді. Өнеркәсіптің, сауданың өсу қарқындары төмен болып, елдің өскелең талаптарына сай келмеді, ал еңбек өнімділігі, өнеркәсіптің, әсіресе ауыл шаруашылығының техникалық дәрежесі әлі де болса орта ғасырлық деңгейде болды.

Экономикалық дамуға басты бөгет крепостнойлық право болды: жер де және оны өңдеуші шаруалар да помещиктердің бүтіндей меншігі болып табылды. Өнеркәсіптің өркендеуі үшін бос жұмыс қолы жетіспеді. Крепостнойлық еріксіз еңбектің өнімділігі аз болды, өйткені таяқтың күшімен помещикке жұмыс істеген шаруалар өз еңбегі үшін еш нәрсе ала алмады, сондықтан олар сол еңбектің нәтижелеріне мүдделі болмады. Помещиктер езгіні күшейтті. Шаруалар бұған жаппай қашумен, бүлік шығарумен жауап берді, үкімет әскерлері оны аяусыз басып-жаныштап отырды. Өткен жылы сендер Е.И.Пугачевтің басшылығымен болған шаруалар соғысы туралы оқыдыңдар, XV111 ғасырдың аяғында X1X ғасырдың бірінші жартысында шаруалардың крепостнойлық еріксіздікке қарсы наразылығы әлсіреген жоқ, қайта алуан түрлі формалар мен сипаттар алды, бірақ шаруалар соғысына айнала алмады, өйткені күшейіп алған самодержавиелік үкімет шаруалар толқуын туып келе жатқан кездің өзінде тұншықтырып отырды. Шаруалар наразылығының өсуі – феодалдық қоғамның қайшылықтары шиеленіскендігінің аса маңызды көрсеткіші. Шаруалар тек крепостнойлық правоның аса қатал көріністеріне ғана емес, сонымен бірге крепостнойлық еріксіздіктің бүкіл системасына қарсы күресті.

Сол кездегі алдыңғы қатарлы адамдар крепостнойлық правоны жоймайынша елдің одан әрі ілгері дамуының мүмкін емес екенін түсінді. Өздерің білесіңдер, орыстың тамаша революционер-жазушысы А. Н. Радищев «Петербургтан Москваға саяхат» атты кітабында крепостниктер мен самодержавиенің қатыгездік езгісін ашу-ызамен әшкереледі. Алайда «Жалғыздың үні шықпас» дегендей Радищев әлі жалғыз еді. Помещиктердің басым көпшілігі крепостнойлық правоға қатты жармасып, онан айрылғысы келмеді, оны жою былай тұрсын, тіпті шаруалардың жағдайын аз да болса жеңілдеткілері келмеді.

Россияның саяси құрылысы. Россия өзінің құрылысы жағынан самодержавиелік монархия болды. Мемлекеттің басында патша, яғни жұрт атағандай, бүкіл россиялық самодержец тұрды. XV111 ғасырдың аяғынан бастап патша тағы мұрагерлікпен патшаның үлкен ұлына, егер оның ұлдары болмаса, патшаның аға-інілерінің үлкеніне берілуге тиіс болды. Монархтың билігін ешбір заң да, ешбір мемлекеттік мекемелер де шектей алмады. Патша дворяндардың жоғары тобынан жасақталған орасан көп чиновниктер армиясының көмегімен елді емін-еркін билеп төстеді. Чиновниктер жоғарғы өкімет орнына мүлтіксіз бағынды, өйткені олар соған бүтіндей тәуелді еді. Россия губернияларға бөлінді, оларды іс жүзінде бақылаусыз билік жүргізген губернаторлар басқарды.

Крепостник-помещиктердің мүдделерін қорғаған патша өкіметі елдің дамуына кедергі болды.

XV111 ғасырдың аяғында дүние жүзінде Россия тарихы үшін де зор маңызы бар аса ірі оқиғалар болды. Францияда буржуазиялық революция жеңді. Жаңа тарих курсында сендер бұл революцияның себептерін, сипаты мен маңызын оқыған болатынсыңдар. Бұл жерде айта кететініміз, француз халқының феодализмге қарсы күресі Европа халықтарын ғасырлар бойғы ұйқыдан оятты, оларды бостандық пен әділеттілік жолындағы күреске шақырды.

Француз революциясының ұлы идеялары орыс қоғамына да үлкен ықпал етті. Оның алдыңғы қатарлы бөлігінің арасында самодержавиені құрту және крепостнойлық правоны жою талаптары барған сайын күшті естіле бастады. Шаруалардың саяси сана-сезіммен қамтылмаған бытыраңқы бас көтерулері самодержавиелік өкімет үшін онша қауіпті болмады. Өзінің экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының дәрежесі жағынан Россия буржуазиялық революциялар болып, капитализм нығайған алдыңғы қатарлы батыс европалық елдерден артта қалды.

Крепостнойлық правоны жоюға патшалық самодержавиені мәжбүр ету үшін халықтың алпыс жылдан астам уақыт бойы табанды күрес жүргізуіне , оның ең таңдаулы өкілдерінің – революционерлердің ересен азап шегуіне, құрбандықтарға ұшырауына тура келді.

Самодержавиенің ішкі және сыртқы саясаты (1801-1812 жылдар)

1801 жылға сарай төңкерісі. 1 Александрдың патшалық құра бастауы. X1X ғасырдың басында Россияда жаңа сарай төңкерісі болды. Өздерің V11 класта танысқандарыңдай, XV111 ғасырдағы бұдан бұрыңғы төңкерістер сияқты бұл төңкеріс те дворян топтарының өкімет билігі үшін күресінің нәтижесінде жасалды.

1801 жылғы марттың 11-нен 12-не қараған түні негізінен гвардиялық офицерлер мен сарай маңындағылардың бір топ қастандық жасаушылар Павелдің ұйықтайтын бөлмесіне баса-көктеп кіріп, оны өлтіреді. Таққа 1 Александр отырды (1801-1825). Бұл өз заманы үшін жеткілікті білімді, сарай маңындағылардың қулық-сұмдық мектебінен өткен, 11 Екатерина мен Павелдің арасында ала аяқтығымен тіл тауып жүрген әлі жас жігіт еді (ол 24 жаста болатын). Замандастары жаңа патшаның қу, екі жүзді екенін, оның сирек кездесетін дипломатиялық қабілетін атап көрсеткен. «Ұстараның жүзіндей жұқа, иенің ұшындай өткір, теңіздің көбігі сияқты алдамшы»,-деп жазды ол жөнінде замандасы.

Өзінен бұрыңғы патшалар сияқты 1 Александр да самодержец және крепостник, дворяндардың мүдделерін білдіруші және қорғаушы болды. Қастандық жасаушылар таққа отырғызған ол өзінің патшалық етуінің алғашқы кезінде әкесінен әлде-қайда епті әдіспен әрекет етті. Дворяндардың қалың топтарын өз жағына тарту үшін ол 11 Екатеринаның дворяндары арасында әйгілі болған «Заңдары мен жүрек әмірі бойынша» басқарамын деп уәде етті. 1 Александр Павел сүйіктілерін сарайдан қуды, 1 Павелдің тұсында қуғынға ұшыраған дворяндарға кешірім жасады; Россияға келуге және одан кетуге жеңілдік берілді, цензура тәртібі біраз жеңілдетілді.

Бұл шаралар самодержавиелік құрылыстың негізіне ешбір нұқсан келтірген жоқ, тек патша өзінің қол астындағыларға қамқорлық жасауда деген жалған елес туғызды.

Х1Х ғасырдың басынан бастап крепостнойлық право туралы мәселе мейлінше қатты қойылды, өйткені шаруалардың наразылығы барған сайын кең құлаш жая бастаған еді.

Шаруаларды жерсіз сатуды кенінен қолдану, жеке-жекелеп, балаларды семьяларынан айырып, ата-аналарынан бөліп сату озық ойлы адамдардың ашу-ызасын туғызды. Алайда үкімет шаруаларды сату жөнінде газеттерге хабарландыру беруге тыйым салумен ғана шектелді. Дворяндар бұл заңды оп-оңай орағытып өтті: сол кезден бастап шаруаларды «жалдауға» беретіндіктері туралы хабарландырулар жариялана бастады, іс жүзінде бұл да сатуды білдіретін.

1803 жылы «ерікті егіншілер» жөнінде указ шықты, бұл указ бойынша помещиктерге құн алып, өз шаруаларын жерімен қоса (жеке-жеке немесе бүкіл деревнясымен бірге) босатуға право берілді. Іс жүзінде бұл указдың берген нәтижесі шамалы: 1 Александрдың бүкіл патшалық құрған кезінде бұл указды бірнеше помещик қана пайдаланды және ерікті егіншілер тобына крепостной шаруалардың 0,5%-тен де азы көшірілді. Алайда бұл указдың белгілі бір маңызы болды: үкімет шаруалардың крепостнойлық еріксіздіктен босануға мүмкіндігін ресми түрде мойындады және бұл бостандықтың шартымен халықтың жаңа топтарының – «ерікті егіншілердің» праволарын заң жүзінде анықтады.

Ал тұтас алғанда шаруалар мәселесі жөніндегі үкімет қызметінің нәтижелері тым мардымсыз еді.



Мемлекетті басқару мен ағарту ісі саласындағы реформалар. Мемлекетті басқару саласында жасалған қайта құрулардың зор маңызы болды.

Өкіметтің орталық аппаратында едәуір өзгеріс жасалды. Петрдің бұрыңғы коллегияларының орнына министрліктер құрылды, бұлардың бірден-бір басшысы министр болды және ол тікелей императорға бағынды. Министрліктердің жергілікті жерлерде өзіне бағынышты мекемелері болды. Мұның өзі мемлекетті басқарудың қайсыбір саласына басшылық жасауды жақсартуға мүмкіндік берді. Соғыс, теңіз, сыртқы істер, ағарту, финанс және басқа да министрліктер ұйымдастырылды.

Сенат империяның жоғарғы сот органына айналды. Мұнымен қоса оған елде заңдылықтың сақталуын қадағалап, әкімшілік органдарының қызметіне бақылау жасап отыру міндеті жүктелді.

1810 жылы құрылған Мемлекеттік совет басқарудың жоғарғы органы болды. Оның құрамына патша тағайындағын министрлер мен басқа да ірі чиновниктер кірді. Патша жанындағы кеңесші орган болып саналған Мемлекеттік советте жаңа заң жобалары мен аса маңызды мемлекеттік істер қаралды. Советтің шешімдері тек патша бекіткеннен кейін ғана заң күшіне енді.

Бұл реформалар басқару ісін онан әрі орталықтандыруға және самодержавиелік өкіметті күшейтуге мүмкіндік берді. Реформалардың нәтижесінде бюрократтық аппарат өсті, мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінде чиновниктердің ролі күшейді.

Өкіметтің Х1Х ғасырдың бас кезінде құрылған орталық органдарының системасы аздаған өзгерістермен 1917 жылға дейін қолданылып келді.

Ағарту ісі саласында жасалған шаралардың пайдалы маңызы болды. Білімді мамандар мен чиновниктерді даярлап шығару үшін орта және жоғары оқу орындарының саны көбейтілді «рас, оларға көбінесе дворяндар ғана түсетін), Қазанда, Харьковте, Петербургта, Дерптте (Тарту) университеттер ашылды. Оқу программалары жағынан бұларға біршама жақын бірнеше лицейлер, соның ішінде А. С. Пушкин оқыған Царскосельский лицейі ашылды. Жаңа гимназиялар мен уездік училищелер ашылды.

Бастауыш мектептерді дамыту үшін бұдан әлдеқайда аз нәрсе істелді. Крепостниктік мемлекет бастауыш және орта мектептердің тұрақты берік жүйесін жасай алмады.

Бұл қайта құрулардың бәрі патшалық монархия мен крепостнойлық правоны сол мызғымас күйінде қалдырды. Олар самодержавиелік құрылыс пен крепостниктік тәртіптерді нығайтуға, олардың өмірін ұзарта тұруға тиіс болды.
Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970


19 тақырып. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей - 1 сағат

  1. І-Александр: басқару саласындағы қайта құрулар, мем лекеттік машинаны модернизациялау

  2. ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қоғамдық-саяси өмір.

Россияның Х1Х ғасырдың бас кезіндегі халықаралық жағдайы. Россияның Х1Х ғасырдың бас кезіндегі халықаралық жағдайы айырықша ауыр болды. Россия самодержавиесі ХV111 ғасырдың аяғында-ақ Францияға қарсы шиеленісті күреске тартылды. Бұл күресті дүние жүзілік рынокта үстемдік алуға ұмтылған француз буржуазиясымен бәсекелес болған Англия буржуазиясы басқарды. Бұл күресте Россияның патша өкіметі өз мүдделерін көздеді.

1804 жыл Наполеон өзін Францияның императорымын деп жариялады. Ол ірі буржуазияның мүдделерін көздеп, басқыншылық сыртқы саясат жүргізді, Европаның барлық мемлекеттерін өзіне бағындыруға тырысты. Француз империясын құру Европаның бірқатар халықтарын құлдыққа түсірумен қатар жүргізілді. Наполеонның басқыншылық саясаты ұлт-азаттық соғыстарды туғызды.

Жаңа тарих курсынан ғасырдың басында-ақ Россияның әуелі Англиямен және Австриямен одақтасып (1805 ж ), ал одан соң Англия мен және Пруссиямен одақтасып (1806-1807 жылдары) наполеондық Францияға қарсы соғыс жүргізуіне тура келгенін білесіңдер, алайда ағылшын әскерлері соғыс қимылдарына қатынасқан жоқ. Бұл соғыстар одақтастар үшін сәтсіз болып шықты, сондықтан патша үкіметі 1807 жылы Тильзит бітімін жасауға мәжбүр болды. (Тильзит деген жерде қол қойылған).

Бұл шарт бойынша Россия ешбір территориясынан айрылған жоқ. Император келісімінің мәні мынада еді: Наполеон Батыс Европада, ал Александр Европаның солтүстігі мен оңтүстік-шығысында әрекет жасайтын бостандық алды. Сөйтіп, императорлар бұл аудандарда бір-біріне бөгет жасамауға уәделесіп, Англияға қарсы одақ құрды.

Алайда, тұтас алғанда бұл шарт Россия үшін тиімсіз болды. Ол континеттік блокадаға қосылуға міндеттенді. Мұның мәнісі мынада еді: Франция мен Англияны теңіз бөліп тұрды, Англияға соғыста күйрете соққы беруге мүмкіндік болмады, ал теңізде ағылшын флоты үстемдік құрды. Наполеон Англияның экономикалық күш-қуатын ойсыратуға ұмтылды. Англияны континенттен түгелдей бөліп тастау үшін ол барлық европалық мемлекеттерге Англиямен сауда жасауға тыйым салды, яғни континенттік блокада орнатты. Тильзит шарты жағдайы бойынша Россия, басқа да европалық елдер сияқты Англиямен барлық сауда қатынастарын үзуге мәжбүр болды. Пруссиядан тартып алынған, іс жүзінде Францияға бағындырылған жерлерде Варшава герцогтығы құрылды: Наполеон Россияға шабуыл жасау үшін қолайлы плацдарм жасап алды.

Тильзит бітімі берік емес еді. Наполеон Францияның Европаға толық гегомондығын орната алмағандығына өзіне риза емес күйде қалды, сондықтан Тильзит бітімін Россияға қарсы жаңадан үлкен соғысқа әзірлену үшін керекті тыныс алу деп қана қарады.

Англиямен саудажасауға мүдделі орыс дворяндары мен көпестерінің қалың тобы Тильзит бітіміне наразы болды. Бұл сауданы тоқтату Россияның экономикасына зиян келтірді: сауданың ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптің кейбір салаларының да берекесін кетірді, орыс товарлары бағасының күрт төмендеуіне әкеліп соқтырды, елдің финанс жағдайын нашарлатты.

Орыс үкіметі Тильзит шартын өзінің Балтық теңізі жағалауындағы позицияларын нығайту үшін пайдаланды.

1808 жылы Россияның Швецияға қарсы соғыс бастауы финдер қоныстанған провинцияларды қосып алумен аяқталды. Бұл территорияда Россия құрамында автономиялық басқару алған ұлы Финляндия князьдығы құрылды. Мұның фин халқы үшін пайдалы маңызы болды, өйткені ол тұңғыш рет автономиялық мемлекеттік басқаруға ие болды. Жергілікті халықтан алынатын салықтардың бәрі князьдықтың мұқтаждарына жұмсалды. Бұл жеңіс Россияның халықаралық жағдайын нығайтты.

Ресей халықтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.

Ағарту ісі мен ғылым.

Мәдениет дамуының тарихи жағдайы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысы, феодализм ыдырап, жаңа капиталистік қатынастардың өсу кезеңі, сонымен қатар ол орыс ұлтының қалыптасу процесінің аяқталу кезеңі болды. Жергілікті ерекшеліктер- тұрмыстағы, тілдегі, әдет- ғұрыптағы ерекшеліктер келмеске кетіп, бүкіл орыс халқын қамтыған біртектес қауымдық бірлік қалыптасты. Бұл процесс әсіресе мәдениетінде ерекше көзге түсті, өйткені мәдениеттің дамуы жаңа ірі- ірі жетістіктерді паш етті. Еліміздің басқа халықтарының тарихында да осындай құбылыстар болып жатты. Крепостнойлық право мен саможержавие мәдениетінің дамуын тежеді. Мыңдағын талантты адамдар- суретшілер, артистер, музыканттар- крепостной басыбайлы болды, олардың қабілетінің ашылуына мүмкіндік болмай, помещиктердің бабын қанағаттандыруға қызмет етті. Көптеген крепостной театрлар бүкіл елге әйгілі болды. Олардың даңқын шығарған крепостной артистер белгісіз болып қала берді және өз өмірін помещиктің сарай қызметшісі болумен аяқтады. Т. Г. Шевченко, ұлты артист М. С. Щепкин сияқты аздаған атақты адамдардың алдыңғы қатарлы орыс адамдарының көмегімен ғана бостандық алуына мүмкіндік болды.

Ағарту ісі мен мәдениетке қаржы өте аз босатылды, білім алу сословиелік сипатта болып, көбіне ауқатты сословиенін қолы жетті- барлық оқушының 80% дворяндар болды,- ал іс жүзінде крепоснойлар оқуға түсе алмады.

Мектеп әкімшіліктің қырағы бақылауында болды. Ол оқушыларды өкіметке бой ұсыну және тіл алғыш самодержавиелік үкіметке берілгендіктен рухта тәрбиелеуге тиіс болды. Ресейде самодержавиенің, православие дінінің және крепостниктік правоның мызғымастығын уағыздаған реакциялық теория- оқытудың негізі еді.

Алайда елдің экономикалық дамуы барған сайын сауатты адамдарды қажет етті, сондықтан да үкімет бұл қажеттерді қанағаттандыру үшін жаңадан мектептер ашып, онда дворян еместердің де оқуын рұқсат етуге мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бес жаңа университет, бірсыпыра техникалық жоғары оқу орындары, университет программасымен бір қатар лицейлер ашылды. Гимназия саны 2,5 есе өсті. Ғасырдың орта шеніне қарай Ресейдегі сауаттылар не бары 6% және 125 мың оқушы болды. Ресей сияқты аса зор ел үшін бұл мардымсыз еді.

Патша өкіметінің езгісіне қарамастан орыс халқы және Россияның басқа да халықартары ғылымда, әдебиет пен өнерде ірі табыстарға жетті. Олар өз қатарларынан әйгілі таланттар шығарды, солардың қызметінің арқасында орыс мәдениеті дүние жүзілік мәдениетт үздік орын алды. Алдыңғы қатарлы ғалымдар, жазушыларғ суретшілер дамуға тежеу болған ескі, тозығы жеткен теорияға қарсы, діндарлық пен нанымға қарсы, адам ойын құрсап келген дінге үн көтеріп, өз қызметтерімен елде жаңа қоғамдық қатынастардың орнығуына жағдай жасады.

Ғылым.

Математика ірі табысқа жетті. Математика ғылымында екі мың жылдам аса уақыт ежелгі грек ғалымы Евклид тұжырымдаған түсінік үстем болып, ол аксиома деп есептелді. Данышпан математик Николай Иванович Лобачевский (1792- 1856) неевклидтік геометриятуралы ілім жасады. Бұл ғылым мен техниканы дамыту үшін аса зор маңызы болған ұлы жаңалық еді. Лобачевскийді геометрияның Копернигі деп әділ атады.

Бірақ Лобачевский отандық ғылымның даңқын шығарған данышпан математик қана болып қоймай, сонымен қатар Россияда ағарту ісі мен жоғары білімді дамыту жолында көп еңбек сіңірген ірі қоғам қайраткері еді. Ол 20 жыл бойы Қазан университетін басқарды, оның басшылығы арқасында университет еліміздің ірі ғылыми және мәдени орталығына айналды.

Химия мен физика, әсіресе бұлардың электр, органикалық химия сияқты салалары зор роль атқара бастады. Бұл ғылымдар адамның табиғат күшін игеруіне, елдің экономикасын дамытуға, техниканың өсуіне жағдай жасады. Теориялық және нақтылы қолданылатын химияны дамыту ісіне Николай Николаевич Зининнің (1812-1880) ғылыми еңбектері үлкен үлес қосты. Бұл еңбектер органикалық химияның көп жылдарға даму бағытын белгіледі және фармацевтік өнеркәсіпті дамыту үшін, жарылғыш заттарды дайындау үшін негіз болды. Зинин орыс химиктері мектебінің негізін қалаушы болды.

Физика саласында В. В. Петров пен Б. С. Якоби дүние жүзілік маңызы бар жаңалықтар ашты. Василий Владимирович Петров (1761- 1834) сол ғасырдың бас кезінде- ақ электр доғасын және тотталған газдағы электр разрядын зерттеп,бұларды іс- жүзінде- металдардықорыту және жарық беру үшін қолдануға болатынын дәлелдеп берді.сөйтіп, ол электрді тұрмыста және халық шаруашылығында іс жүзінде қолдану жұмыстарының негізін салды. Электрді практиакда қолдану саласындағы жаңалықтар тағы бір тамаша физиктің және электротехниктің- Борис Семенович Якобидің (1801- 1874) есімімен байланысты. Ол электр машиналарын, телеграфты, миналық электротехниканы, электрохимияны жасау саласында аса ірі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол гальванопластинка әдісін тапты. Якобидің еңбектерінің сол кездің өзінде- ақ халық шаруашылығы үшін аса зор маңызы болды.

Севастопольді қолдауға қатысқан Николай Иванович Порогов (1810- 1881) ұлы дәрігер- хтрург, анатом, тамаша педагог болды.оның «Топографиялық анатомия» атты еңбегі, оның ауыртпай емдеу саласындажүргізген зерттеулері ғалымды дүние жүзілік даңқа бөлді. Әскери медицина қызметін ұйымдастыру ісінде де оның сіңірген еңбегі зор. Пироготың қызметі- адам организімінің ауруларымен күресу жөніндегі ғылымды дамытудағы маңызы кезең болды.


Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970


20 тақырып. Желтоқсан көтерілісі оның Ресей тарихынан алатын орны - 1 сағат

  1. Алғашқы құпия ұйымдар, қоғамдар олардың жетекшілері және қатысушылар

  2. Декабристердің саяси проектілері

  3. П.Пестельдің «Русская правдасы» және Н.Муравьевтің «Конституциясы»

  4. Декабристердің тарихи және қоғамдық-саяси жұмыстарына берілетін тарихи баға.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970



Пикинеры – хүіі ғ. найзалармен қаруланған жаңа сап полктерінің жауынгерлері. приказы
Рангілер туралы табель
Оқу саласындағы реакция.
Бақылау түрі:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет