Рангілер туралы табель
Поместьені вотчинаға айналдырған бірыңғай мұрагерлік туралы указдан соң, 1722 ж. «Рангілер туралы табель» шығарылды. Табельдің шығарылуы текшілдік принципінен біржола қызмет көрсету және қызметке жарамдылық принципіне көшуді білдірді. Табель дворяндардың міндетті түрде қызмет атқаруын тағайындады, оны олар 14 қызмет сатысынан тұратын шен сатысының ең төменгісінен бастауға тиіс болды: армияда прапорщиктен бастап капитанға дейін, азаматтық қызметте – коллегия тіркеушісінен титуляр советникке дейін – 6 обер-офицерлік шен; армияда- майордан бригадирге дейін және азаматтық қызметте – коллегия асессорынан статс советникке дейін – 5 штаб-офицерліктен, армияда- генерал-майордан фельдмаршалға дейін және азаматтық қызметте- нағыз статс советниктен нағыз құпия советникке дейін 3 генералдық шендер болды.
«Рангілер туралы табель» ресми түрде офицер шенін алу үшін, салық төлеуші сословие өкілдерінің дворяндық атақ алуы үшін мүмкіндіктер берді. Алайда дворяндар үшін тұңғыш офицерлік шен алуы және келешек шен алу үшін жұмыс істеуіне жеңілдік болатын жағдайлар тағайындалды. Салық төлеуші сословие өкілдері тұңғыш офицерлік шен алулары үшін «кемшіліксіз» 10 жылдан 20 жылға дейін, одан да көп қызмет етуі керек болды. Сондықтан да, салық төлеуші сословиеден шыққандардың, ең жақсы дщегенде, қызмет сатысының ең төменгі сатысында болатыны өзінен-өзі белгілі.
Өнеркәсіп
Егер де XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында ауыл шаруашылығында елеулі өзгерістер байқалмады десек, ал өнеркәсіпте нағыз секіріс болып өтті. XVIII ғ. басында Россияда 20-ға жетпейтін мануфактура болды, олардың үлесі қолөнер бұйымдарымен салыстырғанда мардымсыз болатын. Бұлардың өнімі көбіне қазына заказдарын қанағаттандыруға кетті. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Россияда ірі мануфактуралық өнеркәсіп өсіп шықты. Оның басты салалары: металлургия мен металл өңдеу, кеме жасау, мата тоқу мен тері илеу болды. Металлургия құру мен дамыту ерекше орын алады. Ғасырдың басында елдің металға мұқтаждығы, негізінен шетелден әкеліну арқылы жабылып отырылатын, ал елде не бары 150 мың пұт қара металл қорытылды. 1725 ж. оны қорыту 5 еседен аса өсті де 800 мың пұтқа жетті, сөйтіп 1722 жылдан бастап темірді шетелге шығаруға мүмкіндік болды.
Мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформа
XVIII ғ. бірінші ширегіндегі жүзеге асырылған мәдениет пен тұрмыс саласындағы реформалардың басты маазмұны мәдениет пен оқу ісінің тұрақтануы, тұрмыста және мәдениет дамуы бағытында «европаландыру» болды.
Светтік мектеп жүйесін құру
Өнеркәсіптің дамуы, тұрақты армия мен флотты, абсолютизмнің дамыған чиновниктік-бюрократтық аппаратын құру жақын арада-ақ қажетті болып отырған мамандарды даярлау міндетін тез арада шешуді талап етті. Шіркеу қарауындағы схоластикалық мектеп бұны қамтамасыз ете алмады, сондықтан да светтік мектеп жүйесі құрыла бастады. Олардың тұңғыштарының бірі1701 ж. Москвадағы Сухарева мұнарасында ашылған «Математика және навигация ғылымдары мектебі» еді, бұл Петербургтегі Теңіз академиясының негізі болды. Одан соң медициналық, инженерлік, кеме жасаушы, тау-кен, штурмандық, қолөнер мектептері ашылды. Бірқатар бастауыш оқуды жүзеге асыратын цифрлық мектеп ашылды.
Кітап басып шығару
Жаңа светтік мәдениеттің шіркеу қол астында дамыған орта ғасырлық мәдениет пен оқу ісінен сырттай қарағанда айрықша көрініп тұруы жаңа азаматтық шрифтің ендірілуі болды. Осы уақыттан бастап ескі шрифтімен неше түрлі діни кітаптар басылды да, ал шрифт шіркеу-славяндық деген атақ алды. Цифрларды әріппен ескіше белгілеу Магницкий «Арифметикасының» өзінде-ақ қазіргі араб цифрларымен ауыстырылғандығын атап өтуге болады.
Ғылым мен техника
Өнеркәсіптің және сауданың дамуы, сонымен байланысты елдің территориясы мен қойнауын зерттеп,игеру бірсыпыра ірі-ірі экпедициялар ұйымдастырудан көрінді; бұлардың ішіндегі ең маңыздысы Беринг-Чириков экспедициясы, орыс топографтарының Каспий теңізінің, Куриль аралдарының және Россияның тұңғыш Географиялық атласын даярлау жөніндегі экспедициялары болды.
XVIII ғ.бірінші ширегінде тарихтан бірсыпыра маңызды жұмыстар жазылды: «Гистория Свейской войны» кітабын жазуда Ш Петр өзі белсенді түрде қатысты, А.Манкиевтің «Ядро Российской истории», дипломат кн.Б.Куракиннің «Гистория о царе Петре Алексеевиче» деген кітабы т.б. Осы кезде В.Н.Татищев тарих саласындағы жұмысын бастады.
Өнер
XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап қала құрылысына және қалаларды тиянақты жоспарлауға көшу жүзеге асырылады. Сырт жағы көшеге қарап тұратын, айнала шарбақпен қоршалған бөлек-бөлек үйлермен усадьбалардың орнына бір түзу сызық бойына қатарлап салынған фасады бар көшелер пайда болады. Қаланың бейнесіненді діни архитектура емес, сарайлар мен жеке үйлер, үкімет мекемелері мен аристократияның үйлері анықтады. Бұл белгілер Петербургте айқынырақ көрінеді, өйткені басқа қалаларда ірі құрылыс жүргізу уақытша тоқтатылған болатын. Петроповл қамалы,Он екі коллегияның үйі, Меншиковтың сарайы, Адмиралтейство –сол кездегі басты-басты архитектуралық ескерткіштер болып табылады.
Тұрмыстағы өзгерістер
Бұл өзгерістердің халықтың барлық түрлеріне қатысы болды. Сондықтан да замандастар бұларға ерекше көңіл бөлді. Бұрынғы көз үйренген,етегі жер сыпырып жүретін, ұзын жеңді киімді киюге тыйым салынып, жаңа киіммен алмастырылды. Орыстың бұрынғы киімін қалаларда камзол, галстук пен жабо, кең жиекті қалпақ, шұлық, башмақ, парик тез арада ығыстырып шығарды. Бәрінен де бұрын батысевропалық сыртқы киім мен әйелдер арасында көйлек тез тарадыы. Сақал қоюға тыйым салу бәрінен де мықты қарсылық пен наразылық тудырды. Бұған әсіресе салық төлеуші сословвие наразы болды. «Сақал салығын» арнайы ендіру және оны төлегені үшін міндетті түрде мыс белгіні тағып жүру наразылықты тыйып тастамағанмен, сақал қоюшылардың санын күрт кемітті.
XVIII ғ. бірінші ширегіндегі мәдениет пен тұрмыстағы өзгерістердің орасан зор прогресшіл маңызы болды. Бірақ бұлар дворындардың артықшылықпен пайдаланатын қасиетті сословиеге айналуын бұрынғыдан да күштірек анықтап берді, мәдениеттің игілігі мен жетістіктерін пайдалануды бір ғана дворян сословиесінің артықшылығына айналдырды және француз атаулының бәріне бас июшілікпен, дворяндар арасында орыс тілі мен орыс мәдениетіне жек көрінішті қараумен қоса жүрді.
Тап күресінің шиеленісуі.
Астрахань көтерілісі. Ірі бас көтерулердің ішінен уақыты жөнінен тұңғышы 1705-1706 жылдары болған Астрахань көтерілісі еді. Оған қалаларда крепостниктік езгінің лар бірден күшеюі себеп болды; тікелей және жанама салық өсті, бұл салық бүкіл қала халқының бәрінен алынды, посад және әскери қызметтегі адамдардың міндеткерлігі артты. Астрахань халқының жағдайына бірқатар товарларға мемлекеттік монополияның орнауы және халықтың тіршілік етуінің негізгі көзі болып отырған балық және тұз кәсіпшілігін откупке өткізу өте қолайсыз әсер етті. Бұның үстіне Астрахань әкімшілігінің барып тұрға зорлзомбылығын қоса айтуға болады. Астраханьдықтардың Москваға бару әрекетінен ештеңе шықпады. Олар Царицынды да ала алмады. Ал үкімет дон казактары старшинасын және қалмақ феодалдарын өз жағына шығарып, көтеріліс ауданын қоршауға алды және келіссөзді көтерілісшілердің арасында жік тудыру үшін пайдаланды.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
4. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
14 тақырып. Ресейдегі сарай төңкерістері - 1 сағат
Петр басқаруы кезінен кейінгі елдегі ахуал.
Сарай төңкерістері.
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
XVIIIғ. бірінші ширегінде орыс сыртқы саясаты өте қызу жүргізілді, жалпы ұлттық маңызы бар зор міндеттерді шешуге бағытталған соғыстар үздіксіз дерлік жүргізіліп тұрды.
Азов жорықтары.
Азов жорғын даярлауда Голицын жрықтарының қателіктері ескерілді де, негізгі соққы 1695 ж. түріктің Азов жрығы жеңіске жеткізе алмады; біріңғай командалық басқару, мықты бекінген қамалдарды қоршау тәжірибесі болмады, артиллерия жетіспеді, ең бастысы, қоршаушыларда Азовты қоршауға алатын, көмекке келе жатқан әскерді, оқ-дәрі, азық-түлікті жеткізуге кедергі жасайтын флот блмады.1695 ж. күзінен бастап жаңа жорыққа әзірлік басталды ең алдымен Москвада, Яуза өзенінде және Воронижде флот құрылысына кірісті. Ірі екі кеме, 23 галера және мыңдаған баржалар мен шағын кемклер жасалып шығарылды. 1695 жылғымен салыстырғанда екі есе көп армия Азовқа келді де, 1696 жылдың 19 июлінде Азов алынды.
1697-1698 жылдардағы «Ұлы елшілік»
Құрамында 250 адамы бар «Ұлы елшілік» 1697 ж. 9 мартта Москвадан шықты. Оның ресми түрде адмирал Ф. Лефорт пен генерал Ф. Головин басқарды, бірақ оның құрамында «Преображенск полкінің уряднигі Петр Михайлов» деген атпен I Петрдің өзі де болды. Одақтастар іздестірумен қатар, Петр өзінің алдына Голландия мен Англиядағы кеме жасау және кеме жүргізу ісін зерттеу міндетін қойды. Елшік Пруссияға, Польшаға, Францияға, Голландияға, Англияға, Австрияға барды. Петр Саардам мен Амстердам верфьтерінде жарты жылдай жұмыс істеді.
1700 жылғы Константинополь шарты
Түркиямен бітім шартын жасаспай тұрып Швециямен соғысты бастауға болмайтын еді, өйткені екі майданда бірдей соғыс жүргізу қаупі туған болар еді. Ақырында 1700 ж. 13 июьде Константинопольде бітімге қол қойылды, оның шарты бойынша Азов және Азов жағалауының Таганрог салынып жатқан бір бөлігі Россияға кетті. Емельян Украинцев бастаған орыс елшілігінің түрік өкімет органдарының күтпеген жерінен 46-зеңбірек фрегатымен Стамбулда болуы бітім туралы келіс сөздің нәтижелі болуына үлкен жағдай жасады.
1701-1706 жылдардағы соғыс қимылдары
1701 ж. Европада «Испан мұрагерлігі» үшін соғыс басталды, Европа державаларының Солттүстік соғысқа араласу мүмкіндігі жойылды. XII Карл, I Петрдің бейнелеп айтқанындай, Польшада ұзақ айналшықтап қалды, оны бірден - бір қас жау деп санады. Осындай жағдайда Солтүстік соғыстың Нарвадан кейінгі оқиғалары өріс алды. 1702 ж. октябрьде орыс әскері Б.П.Шереметевтің бастауымен Нева бойындағы Нотенбург (Орешек – Шлисселбург – Петрокрепость) қамалын, ал 1703 ж. көкткмде Нева сағасындағы Ниешанц қамалын алды. 1706 ж. ол жеңліске ұшырады. II Август Россияны ескертпестен, Швециямен сипараттық келісім жасап, поляк тағынан бас тартты. Бұл – Польшадағыорыс әскерінің жағдайын төтенше қиындатып жіберді, тек қана I Петр жүргізген батыл және тамаша маневр оның қоршаудан шығып, талқандаудан аман қалуына мүмкіндік берді.
Прут жорығы
XII Карл мен Франция арандатқан Түркия 1710 жылдың күзінде Россияға соғыс жариялап, Азовты қайтып беруді және Азов теңіздегі орыс флотын жоюды талап етті. 120 мыңдық трік армиясына 50 мың ырым татарлары қосылып, 1711 жылы майда Дунайдан өтіп, Днестірге қарай беттеді. Соғыс қимылдары Россия үшін өте қолайсыз жағдайда өрістеді. Соғыс молдаван, валах, боғар, серб және Черногор халықтарын ұлт-азаттық қозғалысқа көтергенімен орыс армиясы үміт еткен елеулі көмек ала алмады.IIАвгуст уәде еткен поляк әскері де келмеді. Бірқатар генералдар батыл әрекет етпеді және 1Петрдің нұсқауларын орындамады. Россияның ауыр да болса Прут бітім шартына қол қоюына тура келді, онда Түркияға Азов қайтарып беруі, Азов флотын жою, орыс әскерін Польшадан шығару қаралған еді.
1713-1721 жылдардағы Балтикадағы соғыс қимылдары.
1713 ж. флоттың көмегімен Гельсингфорс (Хелсинки) пен Або алынды, швед әскері Финляндияның батыс шекарасына ығыстырылды.Осы ұрыстардың барысында жас орыс флоты швед флотын Гангут (Ханко) маңында 27 июнь 1714 ж. жеңіл шығып, алғашқы және тамаша жеңіске ие болды. Осы ұрыстың нәтижесіндеотряд командашысы адмирал Эреншельд бастаған 10 кеме қолға түсірілді. . 1719 ж. Гренграм жанында ірі теңіз жеңісі болды. Ағылшын флотының соғыс қимылдарының барысына араласуға деген әрекетіне 1720 ж. жақсы тойтарыс берілді. 1721 жылы Стокгольм аймағына тікелей десант түсірілді. Бұның өзі ағылшын флотын Балтикадан кетуге, ал Швецияныбітім шартын жасасуға мәжбүр етті.
Нитадт бітім шарты
1721 ж. 30 авгусында Солтүстік соғыс аяқталды. Ништадт қалашығында бітім шартына қол қойылды. Оның шарты Выбргтан Ригаға дейін Балтық жағалауының Россияға қарағандығын баянды етті. Біріңғай мемлекет құрылғаннан бергі уақытта ел алдында тұрған басты міндеттің бірі шешілді. Солтүстік соғыстың қорытындылары Россияны Европаның ұлы державоларының біріне айналдырды, өнеркәсіптің, сауданың дамуына, басқа елдермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нығаюы мен кеңеюіне зор ықпал жасады, Солтүстік соғыс нәтижесінде «Европаға ашылған терезені» барған сайын кең аша түсуге және пайдалануға мүмкіндік берді.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. Анисимов Е.В. Эйдельман Н.Я. В борьбе за власть: Страницы политической истории России XVIII в.М. 1982
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
15 тақырып. ІІ-Екатерина басқаруы кезіндегі ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары - 1 сағат
ІІ-Екатерина сыртқы саясатының неізгі бағыттары.
Ресейдің ішкі саясаты, оның негізгі бағыттары және табыстар.
1762 жылы июльде 34 жылға созылған II Екатеринаның патшалық етуі басталды. Өзінің алдындағы бейшара адамдардан оның айырмашылығы ол ірі және ақылды мемлекеттік қайраткер, айлакер де қу саясатшы, шебер дипломат болды. Тамаша білімі бар, ағартушылардың концепцияларымен ол саясаттың ескі формалары, басқарудың бұрынғы органдары арқылы самодержавиелік- крепостниктік құрылысты сақтауға және мүмкін емес екендігін түсінді. Жағдайдың өзгеруімен байланысты самодержавиенің мызғымайтындығын, крепостниктікті және дворяндардың сословиелік артықшылықтарын негіздейтін әдеттегі аргументация жарамсыз екенінде ол есепке алды.Екатерина патшалығы кезінде ішкі саясатта да, сондай – ақ сыртқы саясатта да бірсыпыра ірі шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралардың жалпы ұлттық зор маңызы болды, бірақ олар крепостниктік тәртіпті одан әрі тарата түсуді мақсат етіп қойды. Екатерина дворяндар мен самодержавиелік құрылыстың мүддесі сауданы, өнеркәсіпті, оқу- ағарту ісін дамытуды талап ететінін түсінді де, осы бағытта объективті маңызы бойынша прогресті бірсыпыра шараларды жүзеге асырды.
Таққа үміткерлердің көзін құрту. II Екатеринаның орыс тағына отыруға ешқандай ресми правосы болмады және өзі де жағдайының берік еместігін сезді. «Біздің сүйікті тәтеміз Елизовета Петровна» және «атамыз Ұлы Петр» деп, үнемісоларды ескерген болғанымен, онысы да жағдайды өзгерте алмады. Сондықтан оның алғашқы жұмыстарының бірі – таққа отыруға үмітті дегендердің көзін құрту болды.
60- жылдары – 70- жылдардың басында 2 Екатерина жүргізген әлеуметтік саясат.Екатерина патшалық етуді дворян еркіндігі жөніндегіманивест ережелерін нығайтудан және сарай төңкерісіне қатысушыларға мырзашылықпен сый тартудан бастады. Оларға 18 мың шаруаны және 200 мың сомдай ақшаны, басқаша айтқанда, тұтас бір уезді шаруаларымен және 150 мың шаруадан алынатын салықты сыйға тартты. Осындай сыйлық беру жалғаса барді де, 34 жыл патшалық еткенде ол 600 мың мемлекеттік және сарай шаруаларын помещиктерге сыйға тартты.1765 жылы августа арақ қайнату туралы устав шығарылды, ол дворяндарға арақ қайнатуға монополиялық право берді. Дворяндар астықты араққа айналдыруға мүмкіндік алды және арақты мемлекеттік кабактарға тапсырды, сөйтіп өз кірістерін едәуір арттырды.1767 жылы августа, II Екатерина крепостниктік указды шығарды. Бұл указ бойынша помещиктің үстінен шаруалар жасаған шағымныңқандайы болсын, тіпті ол әділетті шағым болған жағдайда да мемлекеттік ауыр қлмыс деп саналды. Ондай шағымды берушілер «жауыз және жалпы тыныштықты бұзушылар» ретінде де қаралды да, дүре соғып каторгаға айдау жазасына жататын болды Бұл указ помещик – дворянның крепостной шаруаға деген еш нәрсемен шектелмеген өкіметінің қалыптасуын аяқтап шықты, помещик шаруаны өз дегенінше бөлектеп сатуға, сарайда жұмыс істетуге, рекуртқа тапсыруға, басқа жаққа тұруға немесе каторгаға айдауға, жазалауға барщина мен оброктың мөлшерін тағайындауға, оның мал мүлкін тартып алуға, оның әйелі мен қызының арын аяққа басуға, семьялық қарым – қатынасына араласуға т. б. праволы болды. Помещик толық праволы мырзаға, судьяға және шаруаның жендетіне айналды, ал шаруа – оның ешқандай правомен пайдалана алмайтын құлақ кесті құлына айналды.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. Брикнер А.Г. История Екатерины ІІ.М. 1991
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
16 тақырып. Ағартушылық абсолютизм - 1 сағат
Әлеуметтік саясат.
Дворяндар мен қалаларға берілген сыйлық грамоталары.
Өндіріс бағытындағы құрулар.
Ғылымның, техниканың дамуы. Өнер.
«Ағартушылық абсолютизмнің» саясаты.II Екатеринаның біз қарастырып өткен әлеуметтік саясатының мазмұны мен мақсаты оның 60-жылдары – 70-жылдардың басындағыжүргізген «ағартушылық абсолютизм» саясатына баға берудің кілті болды. Оның сипаты, себебі және мақсатына баға беруде тарихшылар бір пікірге келе алмай жүргендігін атап өткен жөн. Олардың біреулері оны крепостниктер менбуржуазияның күшінің тең түсуінің нәтижесі деп, өнеркәсіп, сауда және жаңа туып келе жатқан буржуазияға көмектесу саясаты ретінде қарайды, самодержавиенің буржуазиялық монархияға қарай бағытталған эволюциялық жолының сатыларының бірі деп бағалайды.
М. М. Щербатов.Щербатовтың II Екатеринадан және оның серіктерінен айырмашылығы, ол шаруалар мен помещиктер жөнінде қандай да бір өзгеріс жасауға мүлдем жол берілмеу керек деп санады, ал саяси мәселеде оның 30-40 жылдардығы айырмасы аз болды.
Комиссиядағы шаруалар мәселесі.1768 ж Уложение комиссиясының жұмысында ЕкатеринаII үшін де, оның айналасындағылар үшін де мүлдем күтпеген жерден кенеттен өзгеріс болды. Оның басты назары крепостной шаруалар жағдайы, помещиктердің зорлық – зомбылығы және шаруалардың жағдайын заңмен өзгерту қажеттігі, помещиктік зорлық – зомбылықты жою туралы мәселелерге аударылды.
Түркиямен соғысты сылтау етіп, 1768ж, декбрьде Комиссия таратылды, ал Шаруалар срғысы жағдайында оның жұмысын қайта жандандыру мүмкін емес еді. Осылайша «ағартушы абсолютизм» саясатының екінші бір ірі акциясы толық сәтсіздікке ұшырады.
С. Е. Десницкийдің жобасы
Шамамен осы уақытта Комиссияға «Россияда заң, сот және жазалау орындарын құру жөнінде» жоба түсті. Оның авторы Москва университетінің право профессоры С. Е. Десницкий халықтың жаңа категорияларын крепостнойға айналдыруға, мемлекеттік шаруаларды помещиктерге сыйға тартуға, шаруаларды жерсіз сатуға тыйым салуды және басқа да крепостниктік правоны шектеуге және бірте бірте жоюға бағытталған шаруаларды қарастырды.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. Брикнер А.Г. История Екатерины ІІ.М. 1991
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
17 тақырып. І-Павелдің басқаруы кезіндегі орыс мемлекеті - 1 сағат
Әлеуметтік саясат
Армиядағы қайта құрулар
Ішкі саясат
1 Павелдің басқаруы кезіндегі орыс мемлекеті.
Павелдің кезінде ескінің көбі бұзылып, өзгертілсе, ол өлген соң оның қал-дыған мұралары да бірден өзгертіліп, қайтадан құрылды. Бұлай болуына себ -еб Павелдің мінез құлқының өзгешеліктері мен оның таққа отырғанға дейінгі өміріне байланысты оның қолданған шаралары тым шұғыл, көбінесе негізсіз болғанынан еді.
Павел таққа отырған кезде өзінің шешесіне, оның істеген істерінің көпші-
лігіне, оның сарайындағы және астанасындағы белең алған тәртіптерге, атап айтқанда, шынында да, Екатеринаның патшалық құруының ақырғы кезінде мүлдем бұзылып, бетімен кеткен гвардиялық офицерлердің арасындағы тәр-
тіпке қте ызалы, ашулы көзбен қараған еді. Мемлектті басқаруының алғашқы жылдарындығы Павелдің негізгі ойларының бірі-шешесінің тусындағы бәрін
басқаша түрде істеу болды.Ол бірден-ақ гвардияны да, армияны да жинақтай бастады. Пруссия тәртібімен үйретілген гатчинашыларды гвардиялық ерекше
полк ретінде гвардияға қосты, Пруссия әскерінің формасын, солардың дәс-
түрінше үйретуді енгізді. Ескі командалық құрамды аяусыз орнынаң алып, тіпті қызметтен шығарды, өзіне жағымсыз офицерлер мен генералдарды аста- надан қуып жіберді. Мәселен Суворов өзінің Новгород жанындағы Кончанск иелігіне жер аударылды. Соның нәтижесінде императордың армияда беделі түсті. Гвардиясы және астанадвғы әскери қызметкерлердің жалпы арасында бір кездегі ол жөніндегі сенімсіздік енді ашықтан-ашық жек корушіліке айналды.
Павел өзін бірінші дворянмын деп санады, бірақ, шексіз билігі бар үкімет күшінің жеке-дара тірегімін деген түсінігі бойынша, 1785 жылғы дворяндар- ға барілген грамотаның проваларын бұзды. Ол губерниялық дворяндық жый- налыстарға тыйым сап, губерниялық және уездік мекемелерге дворяндар аты- нан заседательдер сайлау провасында жойды.
Павелдің көпестер қауымында өолданған әрекетінің, қзінен бұрынғы өт- кен патшалардың әрекетіне ешқандай айрықшылығы болған жоқ. Оның шек- сіз билігі бар патшалық өұруына нұқсан келтіруге буржуазия тым әлсіз еді, бірақ та буржуазияныңелдегі салмағы күн санап арта бастағандықтан оған орталық үкіметтің аздап болса да назар аударуына тура келді.
Павел шығарған заңдардың ішінде оның таққа отырған күні 1797 жылы 5 сәуірде жарияланған таққа мирасқорлардың тағайындау туралы жаңа заң- ына назар аударуға болады. 1 Петрдың заңының орнына Павел таққа еркек кіндік мирасқорлардың үлкені ғана ие болады, әйелдер таққа еркек кіндік мирасөорлар болмағанда ғана отырады деген қағиданы орнатты. 1
Павел өзінің түсінігінде-ақ орыс патшасының жеке-дара билеуін жоғары қойды. Өзі патша болғанан кейін самодержавиені табынатын жораға айналдырып, өзің үкметтің жеке-дара тұтқасы деп санады.
Павел Мальта орденін өзінің қамөорлығына алып,1798жылы Египетке экспедиция жіберуге байланысты француздар басып алған Мальта аралын Орденға қайтарып беремін деп уәде етсе де, іс алға баспады.
Тек Наполеон Бонапарт бастған француздар Турциядан Египетті тартып алғаннан кейін, 1798 жылы Турция Францияға қарсы шығу үшін Англиядан, Россиядан және австралиядан бірдей көмек сұраған кенде ғана толқулар бітті. Одақ жасалды. Россия 45 мың әскер беріп, ағылшындардан ақшадай жәрдем алды. Атақты адмирал Федор Ушаков орыс пен түріктің біріккен флоттарын басқарып ғажап жеңістерге жеткен Ионика компаниясын жүргізді. Орыс флоты Италияның оңтүстігіне әскерлерің төгіп, француздарды қуып шықты. Австралия мен Англия Павелдің алдына орыс әскерлерін бұрын шет қақпай болып жүрген Суворов басқарсын деген талап қойды. Орыс солдатын және орыстың данышпан қолбасшысын зор даңқа жеткізген Суворовтың Италия- дағы және Швейцариядағы атақты жорықтары осылай басталды.
Павел-қыңыр, шәлкес мінез, деспот адам еді, ол дипломаттардың жос- парларын минут сайын бузып отырды, оған шыдап төзуге болмайтын болды, оны жою қажет болды.
1801 жылыдың басында заговордың көсемдері Павелға жеке басы бер-ілген кейбір адамдардыалыстатып, олардың қайта келуіне бөгет жасауға тырысты. Пален заговорға қатысушылардың көпшілігі маған мәлім дегенді айтып, патшадан заговордың барлық ішкі сырын тезірек ашу үшін өзіне ерек- ше өкілдік сұрады, Павел сеніп қалды.Белгіленген күні заговоршылар сарай-ды күзетіп түрған полкка Павелдің ашуын келтіруге тырысты. Павел күзетте тұрғандар әкетілсін деп бұйрық барді. Заговоршылар түн ішінде күзетсіз қал- ған сарайға кіріп, императордан тақтан безуді талап етті. Бірақ Павел, өз дәс- түрін бұзбай, бас тартты, сондықтан ол өлтірілді.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
Достарыңызбен бөлісу: |