Тарих кафедрасы



бет8/12
Дата31.12.2019
өлшемі263,22 Kb.
#55018
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Оқу саласындағы реакция. 60-жылдардың екінші жартысынан басталған реакция оқу жұмысының жағдайларына да теріс әсерін тигізді. Бұл салада үкіметтің алға қойған мақсаты, біріншіден, жас жеткіншектер арасында алдыңғы қатарлы идеологияның тарауына барынша бөгет жасау, екіншіден, орта және жоғары білімді тек пұрсатты таптардың екіншісі ғана етіп қою болды бұл программаны «Москва ведомостерінің» беттерінде белгілі реакционер М. Н. Катков ашық баяндады. Осы программаға сәйкес оқу министрі граф Толстой орта мектептерге реформа жүргізді. 1871 жылғы 30шілдеде ΙΙ Александр, Мемлекеттік советтің көпшілігінің пікіріне қарамастан, гимназияның жаңа уставын бекітті. Бұл устав бойынша еркектерге арналған орта мектептердің негізгі типті оқу мерзімі сегіз жылдық классикалық гимназиялар болды. Бұларға деген программа сағаттарының көпшілігі тарих, әдебиет, әсірісе жаратылыс тану сбақтарының курстарын кеміту есебінен, «ақылды тәртіптеп отыратын пәндер» - ежелгі тілдерді оқытуға, ішінара матиматикаға берілді. Үкіметтің пікірінше оқу жоспаларын осылайша қайта құру оқушы жастардың зейіндерін прогресшіл идеяларға көп аудара қоймауға тиісті еді.

Бастауыш мектептер жөнінде үкіметтің көздеген мақсаты әкімшілік бақылауды барынша күшейте беру еді. Мұның үшін 1869 жылы әрбір губернияға бірден халықтың училищелер инспекторының орны белгіленді. 70-жылдардың бас кезінде бұл институт едәуір кеңейтілді: инспекторлардыңсанын көбейтудің үстіне халықтық училещелер директорының орны белгіленді.



Цензура рефорасы

Жаңа цензуралық уставты әзірлеу 1857 жылдан басталып, сегіз жылға созылды. Бұл мәселе тек 1865 жылы ревалюциялық тегеуірінді толқынның әлде қайда бәсеңсіген кездерінде ғана біржолата шешілді. 1865 жылғы 6 сәуірдедегі уақытша ережелердің сипатын белгілеген де осы еді. Осы «Уақытша ережелер» (1882 жылы жаңа, ол да уақытша ережелермен ауыстырылған) көлемі 10 баспа табақтан асатын аударма әдебиеттер үшін қолданылып келген алдын-ала цензураны жойды.

Көлемі кішкене кітапттар мен брошюлалар үшін, яғни көпшілікке арналған әдебиет үшін, алдын-ала цензура сақталып қалды. Мерзңмді баспасөз алдын-ала цензурадан тек ішкі істер министрінің рұқсатымен және кепілдікке 2 мың 500 сомнан 5 мың сомға дейін ақша салса ғана босатылатын болды. Алдын-ала цензурадан босатылған мерзімді баспасөздер үкіметтің пікірінше қылмыс деп есептелетін материалдар басылып кетсе, сот арқылы қудалауға салынды. Алайда баспасөз бетінде «бір зиянды бағыт байқалып қалған күнде», олар ерекше белгіленген ережедер бойынша әкімшілік жолмен жазағв тартылатын болды. «Уақытша ережелер» тек Птербург пен Москваға ғана қолданылды. Провинцияларда үкіметтік баспасөзден, ғылыми әдебиеттерден, ежелгі классикалық тілдерде шығатын, сондай-ақ осы тілден аударылған барлық кітаптардан басқаларына алдын-ала цензура сол бұрыңғы қалпында сақталып қалды. Діни және шетелдік басылымдар үшін цензура ешбір өзгеріссіз қалды.

1865 жылғы 69сәуірдегі «Уақытша ережелер» буржуазиялық реформалардың ішіндегі ең бір дәйексіздеулерінің бірі болып шықты. Бірақ осы онсыз келте реформаның өзінде де кейіннен мерзімді баспасөздің жағдайын бұрыңғыдан бетер нашарлата түскен әр түрлі «түзетулер» сан рет енгізілді.

1868 жылғы 14 шілдеде ішкі істер министріне газеттерді даналап сатуға тыйым салуға право берілді. 1873 жылғы 16 шілдеде оған тағы да мерзімді баспасөзді «уақытша» (қанша мезгілге екенін көрсетпей) шығартпай қоюға рұқсат берілді.
Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970


24 тақырып. ХІХ ғасырдағы идеялық ағымдар және қоғамдық-саяси қозғалыс - 1 сағат

  1. «Халықшылдық» теориясы.

  2. Батысшылдар мен славянофилдер.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
25 тақырып. ХІХ ғасырдағы Ресейдің мәдени дамуы - 1 сағат


  1. Оқу-ағарту саласындағы табыстар

  2. Әдебиет: негізгі бағыттары, өкілдері.

  3. Өнер

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
26 тақырып. Ресейдің ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері - 1 сағат


  1. Капитализмнің дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы.

  2. Ресейде жұмысшы табының және буржуазияның қалыптасуы

  3. Үкіметтің сауда-өнеркәсіп саласындағы саясаты. С.Ю. Витте. П.А. Столыпин.

  4. Ресей империализмінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
27 тақырып. Саяси дамудың негізгі бағыттары, ерекшеліктері (ХІХ-ХХ ғ. басы) - 1 сағат


  1. Либералдық реформалар

  2. Еуропалық елдердің арасында саяси-сыртқы мәселелер жөнінде дау жанжалдардың дамуы және соғыс блоктары қалыптасуының басталуы.

  3. ХІХ-ХХ ғғ. Аралығындағы патша үкіметі, буржуазия және дворяндар.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
28 тақырып. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция (1905-1907 жж.) - 1 сағат


  1. Басталу себептері, қозғаушы күштері, кезеңдері, ерекшеліктері.

  2. Басты оқиғалары, жеңілуі, тарихи маңызы.

  3. Мемлекеттік Дума және Самодержавие

1905- 1907 ж. Революцияның басталуы.

1905- 1907ж. Ресей революциясы ұзақ уақытты пісіп жетілді. Революцияның негізгі себептері: помещиктердің жерге иелігі, шаруаларда жер олмауы: еңбекшілерді капиталистік қанау,ұлттық қанау, халықтың сасяи правосының болмауы.

Революция алдында келесі міндеттер тұрды: помещик жерін конфискелеу, оны шаруаларға тегін таратып беру, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық қанауды тоқтатып Ресей халықтары мен ұлттары арасында теңдік орнату, самодержавиені құлатып, демократиялық республика құру. Осы міндеттердің орындалуына бүкіл халық қалады, сондықтан революция халықтық болды. Негізгі міндеттері бойынша буржуазиялық, ал қозғаушы күші бойынша демократиялық. Негізгі қозғаушы күш пролетариат болды. Бұл империализм дәуіріндегі бірінші буржуазиялық демократилық революция болды. 1905 апрельде Лондонда РСДРП ІІІ- сьезі болды. Ол революциялық күрес ұлғайып, жұмысшы қозғалысының тактикасын анықтау қажет уақытында өтті. Сьезд буржуазиялық- демократиялық революцияның жеңісі, пролетариат диктатурасы үшін күреске жол ашадыдеп көрсетеді. Революция жүріп жатқан кезеңде партияның ұстаған бағыты:

І. Самодержавиемен күреске қарулы көтеріліске дайындалу

2. Шаруалардың барлық революциялық қозғалыстарын қолдау.

3. Халықты өздерінің мақсаты үшін пайдаланбауы үшін буржуазияны бейтарап қалдыру. Меншевиктердің позициясы басқаша болды. Олар бұл революцияда негізгі рольде буржуазия болуы керек деп есептеді. В. И. Ленин революциялық күрестің көлемінен қорыққан буржуазия Ресейде өзгерістер жасай алмайьынын дәлелдеді. Жұмысшы табы мен шаруаларға сүйену керек болды. Революция 1905 ж 9 январінен 1907 ж 3 июньге дейін созылды. Кезеңдері : І/ 9 янв- сент. 1905 ж/ революцияның басталуы және дами түсуі/; 2/ октябрь- декабрь 1905 ж. / революцияның ең жоғарғы сатысы; 3/ январь 1906 – июнь 1907ж./ революцияның бәсеңдеуі.



1905 ж. Жазда революциялық күрестің ұлғаюы.

Революцияның шыңдалу шегі.

Революцияның басталу Қанды жексенбіге қарсы жұмысшы қозғалысының көтерілуіне байланысты болды. Май айы мен сентябрь аралығында революция кеңінен және тереңдей дамыды. Революция оты шарпыған аудандар кеңи түсті, күреске өндіріс орталықтарының жұмысшыларға ғана емес, алыс аудандардағы шаруалар да көтерілді. 1905 ж. жазда жұмысшы қозғалысы сапалы сатығы көтерілді: стачкалар саясси демонстрациялармен ұласты, қарулы күреске дейін барды. Москва, Варшава, Баку, Рига т. б қалаларда бірінші май демонстрациялары, полициялармен қарулы қақтығыстарға жалғасты. Ивано-Вознесенскіге тоқымашылар стачкасы 72 күнге созылды. Ұйымдастырушылар ортасындағы Ф. А. Афанасьев және М. В. Фрунзе болды. Тоқымашылар өздерінің басқару органы- бірінші жұмысшы депутаттарының Советін құрды. 1905 ж 14 июньде «Потемкин» ­­­­­броненосецінде болған көтеріліс революцияның дамуының куәсі болды. Ол революцияның табысын және армияда революциялық жұмысты күшейту керегін көрсетті. В. И. Лениннің айтуы бойынша «Потемкин» революцияның жеңілмеген территориясы . осы айда Лодэ қаласында поляк жұмысшыларының қарулы көтерілісі болды. Революциялық қозғалыстың көлемі патша өкіметін шегіндіруге мәжбір етті. 1905 ж күзде Манифест басылып шықты, онда мемлекеттік Дума құрылғаны және кеәбір демократиялық бостандықтар жарияланды. Бірақ көпшіліктің революциялық ынтасы арта түсті.

Революцияның жоғарғы кезеңі жақындады. Ол Москва темір- жолшылары бастаған Бүкілроссиялық октябрь саяси стачкасынан басталды. Көптеген қалаларда жұмысшылар Советі құрыла бастады.

1905 ж. 7 декабрьде Москва Советінің шақыруы бойынша жұмысшылардың әркермен қарулы күресі басталды. Москва жұмысшылары жаңа тактика қолданды, баррикадамен бірге кішкене партизан топтарыда соғысты. Пресия күрес орталығына айналды. Он күндік соғыс жұмысшыларды титықтатып тастады. Совет шешімі бойынша күрес тоқталды, оның тәжірибесі келесі революцияларда пайдаланды. / Лениннің айтуы бойынша Октябрь алдындағы бас репетиция болды/.



1905-1907 ж. революцияның саябырлауы.

1906 ж бастап революция саябырлап шегіне бастады. Москва қарулы көтерілісінен кейін жұмысшылардың негізгі күресінің түрі стачалар болды. Жұмысшылардың ұйымшылдығы мен табандылығы артты. Саяси стачкалар саны өсті. Стачкалық қозғалыс толқыны жүріп жатты. І және ІІ Думаға сайлауға байланысты, 1906 көктеміжәне 1907 ж күрестік ең жоғары сатысы болды. Грузия, Прибалтика және Польшадағы қарулы көтеріліс шыңдалу шегіне жетті.

1906 ж көктемдегі Украина, Прибалтика, Донда, Волга бойында болған көптеген шаруалар көтерілісі революцияның жалғасы болды. Армияда толқулар өтті. Ташкент, Тифлис, Кранштадт солдаттары аграрлы мәселені шешуді, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. Ресейдегі бірінші буржуазиялық- демократиялық революция жеңіліспен аяқталды. Басты мақсаттары – Самодержавие мен жерге помещиктік меншікті жою; 8 сағ. жұмыс күні, ұлт теңдңгң – шешілмеді.алайда Ресей еңбекшілері кейбір жеңілдікке ие болды. өндірістің кейбір салаларында жалақы көтерілді, жұмыс күні қысқарды, жұмысшылар профсоюз бірлігіне кіруге мүмкіндік алды, шаруаларды бастау алу /выкуп/ құны жойылды, ұлттық аудандарда ана тілінде бастауыш білім беру енгізілді.
Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970


29 тақырып. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы (1907-1914 жж.) - 1 сағат

  1. С.Ю. Витте және оның жоспарлары, қортындылары.

  2. П.А. Столыпиннің реформалары.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
30 тақырып. Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ресей. Халықаралық қатынастар - 1 сағат


  1. Николай ІІ-үкіметінің сыртқы саясат саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттары.

  2. Орыс-жапон соғысы аяқталғаннан кейінгі Қиыр Шығыс бойынша жүргізілген саясат.

  3. Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, себептері, мақсаттары, соғысушы топтардың негізгі жоспарлары.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
4. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау.
1 Тақырыбы. Ежелгі Орыс мемлекеті – Киев Русі (құрылуы және қалыптасу тарихы).

Әдістемелік нұсқау: Алғашында студенттер Киев Русінің ауыл шаруашылығына, қолөнеріне, саудасына, қалаларына сипаттама беру керек. Мұнан кейін ІХ-Х ғасырлардағы саяси құрылысына тоқтала келіп, христиан дінін енгізілуіне, Ярослав Владимировичтің, Владимир Мономахтың ішкі және сыртқы саясатына қорытынды жасауы тиіс.



Практикалық жұмыстың жоспары:

1. Ауыл шаруашылығы. Қолөнер. Сауда. Қалалар.

2. ІХ-Х ғасырлардағы саяси құрылысы.

3. Христиан дінін енгізу.

4. Ярослав Владимировичтің, Владимир Мономахтың ішкі және сыртқы саясаты.

Әдебиеттер:

1. СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін. Б. Рыбаковтың редакциясымен. А., 1970 ж.

2. СССР тарихы. Ежелгі заманнан ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін. А., 1980.

3. СССР тарихы. Ежелгі заманнан ХҮІІ ғ. аяғына дейін. А., 1980.

4. Б. Рыбаков. Образование древне-русского государство.-М..-1976.

2 Тақырыбы. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық кезеңі.



Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырыпты оқып үйренуде Феодалдық бытыраңқылықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын, зардаптарын сипаттау керек. Феодалдық бытыраңқылықтың мәні мен ХІІ-ХІІІ ғғ. Бірінші жартысындағы орыс жерлеріне назар аудару керек. Русьтің халықаралық жағдайына көп мән беру арқылы қорытынды жасау қажет.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1.Феодалдық бытыраңқылықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары, зардаптары.

2.Феодалдық бытыраңқылықтың мәні.

3.ХІІ-ХІІІ ғғ. Бірінші жартысындағы орыс жерлері.

4.Русьтің халықаралық жағдайы

Әдебиеттер:

1. Семенникова П.И. Россия в мировом сообществе цивилизаций – М., 1994

2. История Отечества: люди, идеи, решения. Очерки истории России IX в – начала XX в. – М., 1991.

3. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в X- XIV вв. – М., 1984.

4. Шаскольский И.Г. Борьба Руси против крестоносной агрессии на берегах Балтики в XII-XIII вв. М., 1978.
3 Тақырыбы. Орыс халқының жат-жерлік шапқыншыларға қарсы күресі.

Әдістемелік нұсқау: Студенттер бұл тақырыпта алғашында Неміс және швед феодалдарының Руське агрессиясын сипаттау керек. Содан кейін Монғол-татар шапқыншылығының басталуына тоқтала кетіп, сол кездегі шайқастарға назар аударған жөн. Алтын Орда мемлекетінің құрылуына, қоғамдық-саяси құрылымына сипаттама беру арқылы, Монғол-татар езгісінің орнығуы және оның зардаптарына қорытынды жасауы қажет.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. Неміс және швед феодалдарының Руське агрессиясы.

2. Монғол-татар шапқыншылығының басталуы.

3. Алтын-Орда. Қоғамдық-саяси құрылымы.

4. Монғол-татар езгісінің орнығуы және оның зардаптары.

Әдебиеттер:

1. Греков Б.Д. Золотая Орда и ее падение. М., 1950.

2. Пашуто В.Т. Героическая борьба русского народа за независимость. XIII в. М., 1965.

3. Игорев В. Историческое география Золотой Орды.- М.-1985.

4. Каргалов В. Свержение монгола -татарского ига. М., 1973.

5. Каргалов В. Куликовская битва. М., 1980.

6. Кирпичников А. Куликовская битва. М., 1980.

7. Лощиц Ю. Дмитрий Донской. М., 1980.


4 Тақырыбы. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуінің басталуы.

Әдістемелік нұсқау: Алғашында студенттер Бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттарына тоқталуы қажет. Одан әрі Мәскеу төңірегіне бірігудің басталуына сипаттама беруі керек. Монғол-татарларға қарсы күресте Мәскеу князьдігінің ролінің арта түсуіне тоқталып, Монғол езгісіне қарсы күрестің басталуына, Куликово шайқасына қорытынды жасауы қажет.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. Бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

2. Мәскеу төңірегіне бірігудің басталуы.

3. Монғол-татарларға қарсы күресте Мәскеу князьдігінің ролінің арта түсуі.

4. Монғол езгісіне қарсы күрестің басталуы. Куликово шайқасы.

Әдебиеттер:

1. Сахаров А.М. Образование и развитие Российского государства в XIV-XVII вв. М., 1969.

2. Черепнин Л.В. Образование Русского централизованного государства в XIV-XV вв. Очерки социально-экономической и политической истории России. М., 1960.

3. История России с древнейших времен до к. XVII в. // Под ред. А.Н. Сахарова.- М., 1997.

4. История России. /Уч. Пособие. Т. I, II. Горинов М.М., Горский А.А. (под ред. С.В. Леонова – М., 1998

5. История России с древнейших времен до конца XVIII в. /Под ред. Б.А. Рыбакова – М., 1983


5 Тақырыбы. Бірорталыққа бағынған Орыс мемлекетінің құрылуы және нығаюы (ХҮ-ХҮІ ғғ.).

Әдістемелік нұсқау: Студенттер Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы мен Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуына сипаттама беру арқылы, ХҮ-ХҮІ ғғ. Орыс мемлекетінің саяси құрылысына тоқталуы керек. Сондай – ақ ішкі саяси күресті сипаттап, шіркеу және мемлекет құрылысына баяндама жасауы қажет. Содан кейін ХҮІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасауы керек.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы. Алтын-Орда езгісінің жойылуы.

2. Ү-ХҮІ ғғ. Орыс мемлекетінің саяси құрылысы.

3. Ішкі саяси күрес. Шіркеу және мемлекет.

4. ХҮІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Әдебиеттер:

1. Сахаров А.М. Образование и развитие Российского государства в XIV-XVII вв. М., 1969.

2. Черепнин Л.В. Земские соборы Русского государства в XVI-XVII вв. М., 1978.

3. Горский А.А. О месте средневековой Руси в истории. //ПИШ 2002, №3

4. Платонов О.А. Русская цивилизация – М., 1997
6 Тақырыбы. Иван Грозный басқаруы кезіндегі Ресей.

Әдістемелік нұсқау: Студенттер бұл тақырыптың мазмұнын ашып көрсетуде Иван Грозный басқаруы кезіндегі саяси жағдайына тоқтала отырып, 1549-1563 жж. Иван Грозныйдың қайта құруларына сипаттама беруі керек. Опричнинаны сипаттай отыра, шаруаларды бекітудің етек алуы мен ХҮІ ғасырлардағы аграрлық төңкеріске назар аударған жөн. Сондай-ақ Иван Грозный – тарихи тұлға ретінде сипаттап, оның жеке басына және қызметіне баға беруі керек.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. Иван Грозный басқаруы кезіндегі саяси жағдай.

2. Иван Грозныйдың қайта құрулары. 1549-1563 жж.

3. Опричнина.

4. Шаруаларды бекітудің етек алуы. ХҮІ ғасырлардағы аграрлық төңкеріс.

5. Иван Грозный – тарихи тұлға. Оның жеке басына және қызметіне берілетін баға.



Әдебиеттер:

1. Альгинц Д. Начало самодержавия в России. Государство Ивана Грозного. 1988.

2. Зимин А.А. Реформы Ивана Грозного. Очерки социально-экономической и политической истории России. М., 1960.

3. Зимин А.А. Опричнина Ивана Грозного. М., 1964.

4. Зимин А.А. Россия на пороге нового времени. М., 1972.

5. Скрынников Р.Г. Царство террора. Спб., 1992.

6. Скрынников Р.Г. Начало опричнины. М., 1966.

7. Скрынников Р.Г. Опричный террор. М., 1969.

8. Кобрин В.Б. Иван Грозный. М., 1989.

9. Сергеев В. Пред грозные царские очи. (Об Иване Грозном). //Литературная Россия 1990, №4

10 .Скрынников Р. Опричная трагедия. (Новые факты и новые интерпретации). //Наука и жизнь. 1976, №3, с. 112-115.
7 тақырып. І-Петр басқаруы кезіндегі Ресей.

Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырыпта студенттер ХҮІІ ғ. соңы – ХҮІІІ ғ. басындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттап, қайта құрулардың қажеттігі мен қайта құрулар, олардың негізгі бағыттарына тоқталуы керек. Ресейде абсолютизмнің орнығуына назар аудара, ХҮІІІ ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясат сипаттуы керек. Сонымен қоса қайта құрулардың тарихи маңызымен қорытынды жасағаны жөн.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. ХҮІІ ғ. соңы – ХҮІІІ ғ. басындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

2. Қайта құрулардың қажеттігі.

3. Қайта құрулар, олардың негізгі бағыттары.

4. Ресейде абсолютизмнің орнығуы.

5. ХҮІІІ ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясат.

6. Қайта құрулардың тарихи маңызы.

Әдебиеттер:

1. Скрынников Р.Г. Россия после опричнины. М., 1975.

2. Тихомиров М.Н. Российское государство в XV- XVII вв.

3. Анисимов Е.В., Эйдельман Н.Я. В борьбе за власть: Страницы политической истории России XVIII в. М., 1988.

4. Агисимов Е.В. Податная реформа Петра I. М., 1982.

5. Бескровный Л.Г. Русская армия и флот в XVIII в. Очерки. М., 1958.

6.Брикнер А.Г. История Екатерины II. М., 1991.

7. Молчанов Н.Н. Дипломатия Петра Первого. М., 1984.

8. Павленко Н.И. Птенцы гнезда Петрова. М., 1988.

9. Павленко Н.И. Полудержавный властелин. М., 1989.

10.Павленко Н.И. Петр Великий.
8 Тақырыбы. ІІ-Екатерина басқаруы кезіндегі ішкі және сыртқы саясаттың негізгі белгілері.

Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырып аясында ІІ-Екатерина сыртқы саясатының негізгі бағыттарын сипаттай отырып, Екатерина патшалық етуді дворян еркіндігі жөніндегі манифест ережелерін нығайтудан және сарай төңкерісіне қатысушыларға мырзалықпен сый тартудан басталғанына тоқтала кету керек. Сонымен қоса Ресейдің ішкі саясаты, оның негізгі бағыттары және табыстарын сипаттау қажет.

Практикалық жұмыстың жоспары:

1. ІІ-Екатерина сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

2. Ресейдің ішкі саясаты, оның негізгі бағыттары және табыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет