Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет15/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


ҮШ ҚАДАМДЫҚ СҰХБАТ

Мақсаты:

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.



Сыныпты жоспарлау

Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.



Жұмыс алгоритмі

Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.

1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

( http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm)


ІІІ. ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕНУГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН ЖАТТЫҒУЛАР

Бұл бөлімде Уоткинс бірнеше автормен (2000) бірлесіп ұсынған жаттығулар жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады.

Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген:


  1. Табысты оқушы – оқумен байланысты үдерістерді түсінетін және осы түсініктерін оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала.

  2. Тиімді оқытуға жататын үдерістер:

• түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату;

• басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар;

• оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу;

• оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу;

• оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу.

Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі жағдайларда оқу туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Бұл тараудың көздеген мақсаты түрлі жағдайларда оқушыларды оқытуды жақсарту болып табылады. Олар оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама жетілдірілуі қажет.

Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер

• белсенді тыңдауға;

• бірлесіп оқуға;

• оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға;

• оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс.

Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған:



Орындау

Оқушылар ойлануды, өзара бірлесіп әрекет етуді және ұжымдық жұмысты талап ететін түрлі тапсырмаларға тартылған.

Талдау

Оқушылар сабақ туралы ойланады және олардың жеке адам, сондай-ақ топ мүшесі ретінде оқытылуына көмектесе немесе кедергі жасай алатын танымдық және эмоциялық аспектілерге баға береді.

Зерделеу

Оқушылар оқытуды талдау барысында аңғарған нәрселері мен болжамдарын пысықтап, талдайды. Бұл төмендегілерді қамтуы мүмкін:

не үшін оқу кезіндегі мақсаттар

қалай оқу кезіндегі стратегияларды орындау

не оқу кезінде әсер туғызу

қалай оқу кезінде эмоцияларды сезіну

қашан, кіммен, қайда оқу жағдайы

Бұл оқушылардың жаңа стратегиялар жасауына және/немесе оқытудың ескі стратегияларын қайта қарастыруына түрткі болады.



Қолдану

Оқушылар ойланады және өздерінің жаңа немесе қайта қарастырылған стратегияларын оқудың түрлі жағдайларында қолдануды жоспарлайды. Тиімді оқуды жалғастырудағы мұғалімнің рөлі маңызды.

Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:

Орындау

Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін оқушыларды ынталандырады және қолдайды.

Талдау

Мұғалім оқушылардың мәселе төңірегінде ойлануын, оны талқылау барысын және кері байланысты үйлестіреді және жаңа болжамдар мен бақылаулардың, стратегияларды бағалаудың пайда болуын ынталандырады.

Зерделеу

Мұғалім оқушыларға талдау барысында пайда болған бақылаулар мен болжамдарды атап көрсете отырып, нағыз стратегияларды салыстыруға және қарама-қарсы қоя білуге, олардың келесі деңгей үшін қалай өзгеретіндігін анықтауға көмектесе отырып, олардың оқу үдерісіне қолдау көрсетеді.

Қолдану

Мұғалім оқыту трансфертін, нақты жағдайлар мен мәнмәтіндерге сәйкес стратегияларды жоспарлап, мақсаттарды анықтауды алға тарта отырып, оқушыларға жаңа болжамдар негізінде болашақты өзгеше жоспарлауға көмектеседі.

Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі.
БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ?

Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы.

Бұл кіріспе жаттығу оқушыға:

• өзінің оқуы туралы ойлай бастауға;

• өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға;

• оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға;

• өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі.

Талдау:

1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз.

Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3 минут].



2. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып қойыңыз. [3 минут]

3. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз.

Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма? Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут]



4. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз.

Зерделеу: Сәтті және аса сәтті емес тәжірибелерді түсіндірген кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлуге тырысыңыз:

• Сіз не үшін оқыдыңыз, өз мақсаттарыңыз туралы айтыңыз?

• Бұны Сіз қалай істедіңіз, Сіз оқушы ретінде қолданған стратегия?

• Сіз және басқалар үшін сіздің оқуыңыздың нәтижелері, салдары қандай?

• Аталған оқуға қатысты сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз – оқуға дейін, оқу кезінде, одан кейін?

• Оқыған кезде сіз қашан, қайда, кіммен бірге болдыңыз, сіз болған жағдай қандай болды?

• Сіз өзіңіздің немесе біреудің оқуы туралы қызық жайларды білдіңіз бе?

Қолдану: Бұл тапсырманы орындағаннан кейін оқу кезінде байқап көргің келетін жаңа нәрселер пайда болды ма? Қандай жағдайды таңдар едіңіз? Қашан? Сіз жаңа нәрсені орындап көргеннен кейін не болғанын басқалармен қай уақытта талқылайсыз?
МЕКТЕПТЕН ТЫС ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ

Осы тапсырма оқуды өмір бойы жалғаса беретін үдеріс ретінде, басқа сөзбен айтқанда, мектептен кейін де аяқталмайтын үдеріс екендігі туралы пікірді қарастыруға көмектеседі. Бұл сондай-ақ зерттеу жүргізу арқылы сіздің оқу дағдыларыңызды жетілдіруге бағытталған.



Орындау: Мектепте және одан тыс, жұмыс орнында және одан тыс жерлердегі оқытуды қоса алғанда, мектепті бітіргеннен кейінгі оқуға қатысты басқа адамдардың тәжірибелері мен пікірлерін білу үшін сұхбат ойлап табыңыз.

Олар қазір не оқып жатыр? Қайда? Кіммен? Осы оқу мектептегі оқумен ұқсас па, әлде басқаша ма?

Бірнеше адаммен, мысалы:

• мектепті биыл ғана бітірген адаммен;

• бірнеше жерлерде жұмыс істеген адаммен;

• жұмыс істемейтін адаммен;

• зейнеткермен сұхбат жүргізіңіз.

Талдау: Не болды? Адамдардың айтқандарында сізді таңқалдырған бірдеңе болды ма?

Сұхбат кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Сұхбат барысында сіз қажетті ақпарат алдыңыз ба?

Егер сіз «Мектепте және оның қабырғасынан тыс оқу» тапсырмасын орындасаңыз, осы тапсырмадағы сіздің жауаптарыңыз бен адамдардың айтқандарының арасында айырмашылық бар ма?



Зерделеу: Сіз адамдардың жауабынан не білдіңіз:

• Адамдарға әртүрлі кезеңде білім алу үшін не қажет?

• Мектеп бітіргеннен кейін адамдар қаншалықты ұзақ оқиды?

• Уақыт өте келе оқу үдерісі қалай өзгереді?

• Олардың оқу туралы пікірі қандай?

Сіз осыдан зерттеу жүргізу жолдары туралы не білдіңіз?



Қолдану: Сіз өзіңіздің мектеп бітіргеннен кейінгі кездегі білім алуыңыз жайында не ойлайсыз?

Зерттеу жүргізу туралы сіз білгеніңізді ескере отырып, өз сұхбатыңыздың сұрақтарын өзгертіңіз. Сіз көп адамдардан сұхбат алу арқылы немесе оларға көп сұрақ қоя отырып, бұл зерттеуді кеңейте аласыз.


ЖҰДЫРЫҚ-АЛАҚАН

Қалыптастырылатын дағдылар:

- өзін өзі басқару.



Жалпы сипаттама

Осы әдіс оқушыларда сабақтың немесе тоқсанның соңында күтілетін нәтижелерге қол жеткізгендігіне қаншалықты сенімді екендіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ оқушылардың мұғалім жаңа ғана қойған сұрақтың жауабын білетіндіктеріне қаншалықты сенімді екендіктерін білдіретін құрал ретінде де қолданылады. Сонымен қатар оқушыларға өз оқулары туралы ойлануды ұсынатын тапсырма ретінде «Бас бармақты» қарауды ұсынамыз.



Жұмыс алгоритмі

1. Тоқсанның соңында оқушылардан олардың мақсаттарға қол жеткізгендігіне қаншалықты сенімді екендіктерін сұрау қажет. Жауап ретінде қолдарымен үш түрлі белгі бере алады:

- егер олар мақсаттарға және күтілген нәтижелерге қол жеткізгендігіне сенімді болса - ашық алақан;

- егер олар мақсатқа жартылай ғана жетіп, бірақ әлі де болса жұмыс істеу керек деп санаса - үш саусағын жоғары көтереді;

- егер олар елеусіз ғана табысқа жеттім немесе мақсатқа жету үшін ештеңе істемедім деп есептесе – жұдырығын көрсетеді.

2. Егер осы әдіс сабақ барысында мұғалімнің нақты сұрағына жауап ретінде пайдаланылса, онда мынадай қимылдарды қолдануға болады: егер олар жауапты білетіндігіне сенімді болса – ашық алақан; егер олар жауаптың бір бөлігін ғана білетін болса немесе өз жауабының дұрыстығына толық сенімді болмағанда - үш саусақты жоғары көтереді; егер олар жауапты білмеген жағдайда – жұдырығын көрсетеді.

3. Егер осы әдіс тоқсанның соңында пайдаланылатын болса, жауап алу барысында мақсатқа қалай қол жеткізгендігін, оқушылардың тағы неге қол жеткізгісі келетіндерін және оған қалай кірісетіндерін, мақсатқа жетуге не бөгет болатындығын және болашақта оларға осындай кедергілерді қалай болғызбауға болатынын анықтауға болады.
БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім)

Қалыптастырылатын дағдылар:

- ақпаратты басқару;

- өзін өзі басқару.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.



Жұмыс алгоритмі

1. БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар олардың белгілі бір тақырып немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады.

Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады.

2. Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады.

3. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын растайды және тақырып бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін» бағанында жазылған білімдерімен салыстырады.

Тақырып: Танзания

Білемін

Білгім келеді

Білдім

  • Дамушы ел;

  • Масай тайпалары;

  • Килиманджаро тауы;

  • санитарлық қызметтердің жетіспеушілігі;

  • Сафари.

  • мектептер туралы;

  • импорт/экспорт;

  • ең төмен күнкөріс деңгейі;

  • тайпалық тұрмыс;

  • басқа географиялық пайдалы объектілер.

  • тайпалық тұрмыс мал өсіруге және жаугершілікке негізделген;

  • Нгоронгоро кратері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет