Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ


V. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ



бет17/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


V. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ
АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ

  • АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін анықтап алыңыз.

  • Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз.

  • Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді. Олар көмек сұрады деп, сізді сыйлауын тоқтатпайды.

  • «Велосипед ойлап шығарудың» қажеті жоқ. Көптеген мұғалімдер АКТ-ға арналған ақпараттық материалдар мен стратегияларды әзірлеп қойған. Әріптестеріңіздің тәжірибесін талқылаңыз, бүкіл мүмкіндіктерді пайдалану арқылы олармен байланыста болыңыз: адамдардың идеялармен, сабақ жоспарларымен, тәжірибелерімен алмасуға көмектесетін мектептің, мұғалімдердің веб-сайттары және желілік қауымдастықтар өте көп!

Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатында АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған.
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА

Интерактивті тақтаның негізгі басымдығы - Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға, бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, РowerРoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықталған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз таныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсырмаларды түсіндіру мақсатында сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тақта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдағы уақытта пайдалану үшін бейімдеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сабақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабақтағы тікелей физикалық белсенділігін арттырады.

Интерактивті тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдармен жедел таныстыру құралы бола алады. Осыған байланысты, таныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істеуді жалғастырады. Жұмысты орындау барысында оқушылар шынында да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың соңында еске түсіруге болады.


Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабақты түрлендіру және қолдау көрсету мүмкіндіктері

Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөздер ойыны, ауызша және жазбаша тексерістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, суреттер, кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар жүктеп алынатын ресурстар (бағдарламалық өнімдер), веб-сайттарға, бейнежазбаларға, анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп, оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады.



Жауапты жасыру / сөздерді (нөмірлерді) табу

Мәтін жазылатын жерге сұрақтың жауабын жазып, жауапты жасыру үшін таныстырылым фонының түсі қандай болса, сондай түсті қарындашпен оны бояңыз. Дұрыс жауапты айтатын уақыт келгенде интерактивті тақтаның өшіргішін пайдаланып, жауапты көрсетіңіз. Жасырылған сөзді (санды және т.б.) ашпас бұрын, Сіз оқушылардың нұсқаларын талқылай аласыз.



Мәтінді (кез-келген ақпаратты) реттеу, жүйелілікті анықтау

Мәтінді қайта реттеу оқушылардың белгілі бір ақпаратқа немесе жазу стиліне тән тиісті белгілерді түсінетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз мәтіннің әр алуан бөліктерін (сандарды) флипчартта беріп, осыларды қате тәртіпте интерактивті тақтада бере аласыз. Оқушылар жұмыс барысында сілтеме жазбалар жасай отырып, мәтінді қалай реттеуге болатынын жұптарда немесе топтарда талқылай алады. Осыдан кейін мәтіннің үзінділерін дұрыстап жүйелеу үшін бір оқушы тақтаға шығады. Оқиға бөліктерінің жүйелілігін, ретін анықтау оқушыларға өзінің тақырыпты түсінетіндігін көрсетудің мақсатты тәсілі болып табылады.



Кескіндеме, суреттер, мәтіндер, оқушылардың жұмыстарына және т.б. түсініктеме беру

Сіз кескіндеме, сурет немесе мәтінді интерактивті тақтадан көрсету үшін сканерлеп, ал оларға түсініктеме беру үшін қарындаш және тақтада жазу жазуға арналған басқа да экрандық құралдарды пайдалана аласыз. Белгілі бір тақырыпты жақсы және нашар көрсеткен оқушы жұмысын үлгі ретінде алып қарастырып, оны жақсарту жолдарын бірлесіп талқылаңыздар. Бұл жаттығу оқыту үшін бағалауды педагогикалық тәжірибеге кіріктірудегі интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін паш етеді.



Сандық микроскоп

Сандық микроскоп оқушыларға әртүрлі заттар мен объектілерді түрлі қырларынан қарастыруға мүмкіндік береді.



Визуализаторлар

Олар жаратылыстану сабақтарында пайдалы болуы мүмкін. Оқушылар эксперименттің мәнін жақсы түсіну мақсатында эксперименттік жұмыстың үлкейтілген бөлшектерін интерактивті тақтада көрсетуге болады.



Деректерді тіркеушілер

Деректерді тіркеушілер интерактивті тақтаны пайдалана отырып және оны пайдаланусыз ғылымда кеңінен қолданылады. Оқушылар әртүрлі деректерді тіркеу үшін оларды компьютерден бөлек пайдалана алады. Компьютерге қосқан кезде бағдарламалық жасақтама деректерді компьютерге жүктейді, жұмыс барысында алынған нәтижелермен таныстыру үшін ол деректерді кестелер мен графиктерге айналдыруға болады. Сонымен қатар айнымалы өлшемдердің барлық тәсілдерін зерттеу үшін оларды интерактивті тақтада көрсетуге болады.



Оқушылардың жұмысын уики немесе блог үшін сақтау

Оқушылар математикалық есептерін шығарып, ағылшын тілінің грамматикасын түзеп, ғылыми картамен жұмысты немесе басқа да жобаны аяқтап болғанша, материалдарды компьютер жадысынан өшірмеңіз. Бір есептің немесе идеяның көптеген шешімдері болатынын көрсету үшін беттің көшірмелерін жасаңыз. Сабақты PDF форматында экспорттап, оны slideshare.net-ке (тегін) жүктеңіз, «slideshare» сайтында берілген кодты көшіріп алып, оны Уикиге немесе блогқа салыңыз.



Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату

Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында қолдануға болатын Web 2.0 қосымша құралдарының қатарына Facebook.com, ilike.kz. Kaztube.kz, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интерактивтілік деңгейіне шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұсынады.



PowerPoint таныстырылымдары

PowerPoint таныстырылымы – мектептерде ең көп таралған, таныстырылым жасауға арналған бағдарламалық құрал. Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген:



  • Құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы, ақпараттық және қызықты таныстырылым жасау үшін пайдаланылуы тиіс.

  • Барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деректер, анимациялар, дыбыс және бейне, сайттарға сілтеме, таныстырылымның негізгі ақпараттарының түйінді тұстары, еренсілтемелер).

  • Күрделендірмеңіз: әрбір слайдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдай алмай қалады.

  • Мүмкіндігінше үлкен шрифтімен жазып, жолдардың арасында жеткілікті аралық сақтаңыз.

  • Көп түстерді пайдалана бермеңіз, өйткені бұдан бас ауруы мүмкін.

  • Фонның түсі мәтіннің үйлесімділігін бұзып, оқуды қиындатпауын қадағалаңыз.


МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН УИКИ ҚҰРАЛДАРЫ

Уики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білімдерімен, пікірлерімен алмасуға мүмкіндік береді және білім қызметкерлері үшін орталық онлайн-ресурс бола алады.

Уики – интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін бағдарлама ретінде қолдануға болады. Білім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына, жарнамаға қойылатын талаптарының болмауына, оқушылар ақпараттарының құпиялылығына кепілдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр.

Мұғалімнің Уики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп санауға болмайды. Оқу үдерісіне Уикиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық пайдалану үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.

Төменде Уики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.

1. Уикидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу аралық жобалар үшін өте қолайлы. Уики бірлескен жобаларының артықшылықтарының бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады.

Мектептен тыс жерде де Интернетке қатынай алатын оқушылар мектепте болмай-ақ, жобаны аяқтау жұмысын бірлесіп жүргізе алады. Сондай-ақ бағалаумен қатар, рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өте маңызды болып табылады.

2. Оқушылардың білімін көрсету. Оқушылар өз білімдерін көрсету үшін Уикидің белгілі бір параметрлеріне сәйкес келетін ақпарат ұсынады. Мысал ретінде әліпби форматына сәйкес келетін оқушылар әзірлеген бастапқы жұмыстарды алуға болады.

Әрбір парақ әліпбидің тиісті әрпіне арналған, онда оқушылар әлеуметтану, математика, ағылшын тілі немесе ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша өткен материалдарын түсіндіру үшін жазба жұмыстарын және суреттерін (дереккөздерге сілтеме) қарастыруға ұсынады. Екінші мысал – оқушылардың Қазақстанда 1991 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта болған тарихи оқиғалардың хронологиясын құруы.

3. Аудиторияларда пайдалануға арналған онлайн-ресурстар. Мұғалім оқушыларға оқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын сайттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сайттар тізімі өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкін. Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

4. Уики – сыныптың веб-парағы ретінде. Бұл стратегия оқу жылы бойында оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсету және бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттігінің болмауын қоспағанда, мұғалімге қажетті және оқушылар пайдаланатын ақпарат веб-парақтың ортасында орналасатындығынан көрінеді.

Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме материалдар, конспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері сыныптың Уикидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады.

Уики веб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз.

5. Уикидің картотекалық шкафы. Мұғалім құжаттар, кескіндемелер, бейнежазба және басқа да ақпаратты сынып Уикиінің арнайы аймағында сақтай алады, оған кіруді мұғалім бақылайды.

Мұғалімнің ақпаратты Интернеттің көмегімен кез-келген уақытта және кез-келген компьютерден енгізе алатындығы бұл тәсілдің үлкен артықшылықтардың бірі болып табылады. Бұл мұғалім мектепте болмайтын демалыс және жазғы каникул кездерінде өте ыңғайлы.

Жоғарыда аталғандармен қатар мұғалімнің Уики картотекалық шкафында таяуда шығарылған ақпараттық бюллетеньдер, оқушылар жұмысының үлгілері, жобалар әзірлемелері, естелік альбомға арналған сыныптың күнделікті өмірінің суреттері және қосалқы құралдар да сақталуы мүмкін.

Уикидің көмегімен сыныпта байланыс орнату

Уикиді сынып жұмысына қосу оқыту мен оқудың оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған жаңа тәсілдерін талап етеді. Бланкілерді толтыру немесе дәріс конспектілерін беру сияқты дәстүрлі тәсілдер Уикидің барлық мүмкіндіктерін көрсете алмайды.

Оқушылар бланкілерді өздері жасап, мазмұнын түзете алатын тәсілді қолдану Уикиді оқу үдерісіне кіріктірудің бірінші қадамы болып табылады. Уикиді сынып жұмысына тиімді кіріктіру үшін оқушылар ақпарат алмасу және мазмұнын түсінетіндігін көрсету үдерісіне мұғаліммен және басқа оқушылармен бірлесіп қатысуға тиіс.
БЛОГТАР

Блогер – блогтарды лезде жариялауға мүмкіндік беретін құрал. Блог дегеніміз – әдетте қысқа, бейресми және жиі жаңартылып отыратын статустардан құрастырылған қарапайым веб-парақтар. Блогер блогты оңай құруға, мәтін және суретті жариялауға, санаулы минуттарда кері байланысты бастауға мүмкіндік береді.



Блогер мұғалімге көмектесетін жағдайлар:

  • ресурстар, сабақтар мен үй тапсырмаларын жариялауға;

  • ата-аналарды сыныпта болып жатқан істер туралы хабардар етіп отыруға;

  • өздерінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойланып, басқа мұғалімдермен өз идеяларымен бөлісуге және кәсіби мәселелерді шешуге;

  • оқушылармен қарым-қатынас орнатып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға, оларға түсініктеме беруге және т.б. көмектеседі.

Блогер оқушыларға көмектесетін жағдайлар:

  • үй тапсырмасын орындауда құрбыларымен, ата-аналарымен және басқалармен пікір алмасуға;

  • жобаны орындау барысында басқалармен ынтымақтастық орнатып, түсіндірме алуға;

  • оқу жылы бойында жеке күнделік жүргізуге көмектеседі;

  • сыныпқа сіңіп кете алмаған оқушылар үшін оқып, жазуда керемет мүмкіндіктер ұсынады.

Сыныпта блогты пайдалану

Білім беру құралы ретінде блогтар кем дегенде төрт негізгі қызметті орындауға арналған тиімді құрал ретінде қолданыла алады:



  1. Сыныпты басқару

Сынып блогы білім алушылар қоғамдастығын нығайтуға арналған портал ретінде қызмет ете алады. Оларды құру және күнделікті жаңартып отыру оңай болғандықтан, оларды сынып талаптарын, материалдарды, хабарламалар мен үй тапсырмаларын жариялауға қатысты оқушыларды құлақтандыру үшін пайдалануға болады немесе «сұрақ-жауап» айдары ретінде қызмет ете алады.

  1. Ынтымақтастық
    Блогтарды мұғалім мен оқушыға алдағы уақытта жазу дағдысы және басқа дағдыларды дамыту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін орын деуге болады. Мұғалімдер оқу жөнінде ұсыныстарын жасап, ал оқушылар дағдыларын шынықтырып, өзара тексеруден пайда табады. Блогтар сонымен қатар онлайн-тәлімгерлік қызметтерін ұсынады: мысалы, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына өздерінің жазу дағдыларына сенімін нығайтуға көмектесе алады. Оқушылар сонымен қатар зерттеу нәтижелері, идеялар немесе ұсыныстарымен бөлісуге шақыратын бірлескен оқу сабақтарына қатыса алады.

  1. Талқылау
    Сынып блогы оқушыларға тақырыпты кабинеттен тыс жерде талқылауға мүмкіндік береді. Блогта барлық адамдардың өз ойлары мен пікірлерін білдіруге тең мүмкіндіктері бар. Оқушылардың әрекет ету және ойлануға уақыттары бар. Мұғалімдер блогта оқушылармен бірлесіп конференцияға қатысуға зерттеудің осы тақырыбы бойынша құзыретті адамдарды жинай алады.

  2. Оқушылардың портфолиосы

Блогтар сандық портфолио сияқты оқушылар жұмыстарын ұйымдастырады және қорғайды. Мұрағаттағы ескі жазбаларды сияқты, дағдылардың дамуы мен алға ілгерілеу қарқынын барынша мұқият талдауға болады. Сонымен бірге оқушылар өздерінің еңбектері жарияланатынын білетін болғандықтан, олар жұмысты барынша үздік жазуға мүдделі болады. Мұғалімдер және құрбылары оқушымен талқыланатын жұмысқа қатысты жеке сөйлесе алады және сарапшылар мен құрбысы тарапынан жүргізілген тәлімгерлік алдағы жұмыста пайдалану үшін сақталады.
Блогтарда жұмысты бастауға арналған қадамдар

  1. Бірнеше тегін блогтар бар. Тегін блогерлік сайттардың бірін (http://www.blogger.com; http://blog.nur.kz; http://www.on.kz; http://www.livejournal.com; http://edublogs.org - өте әйгілі) немесе шағын блогтардың қызметін (www.facebook.com; www.nur.kz; www.cpm.kz; www.mail.ru) қарап шығыңыз.

  2. Қажетті ақпаратты енгізіңіз (пайдаланушының аты, құпия сөз).

  3. Өз блогыңызға ат беріңіз.

  4. Талаптарын қабылдап, үлгі таңдаңыз.

  5. Жариялаңыз!

  6. Блогтарды жариялауға қатысты этикалық мәселелерді назарға алыңыз:

  • Жүргізіліп жатқан шаралар туралы ата-аналарға хабарлап, олардың рұқсатын алыңыз.

  • Оқушыларды өздерін желілік автор және оқырман ретінде байыппен, жағдайға сай және саналы ұстауға үйретіңіз.

  • Оқушылардың қатынауы туралы ережелер мен нұсқаулықты оқып шығыңыз.

  • Ереже бойынша толық аты-жөнін, электронды пошта мекенжайы немесе тұрғылықты орнын анықтауға арналған сілтемені міндетті түрде толтыру керектігін хабарлаңыз.

  • Дауыс екпіні, сыйластық және салдарына қатысты айқын талаптар қойыңыз.

  • Статустары тек сіздің сынып оқушыларына ғана көрінгені жақсы болар еді. Блогердің ақпараттық панелінде Баптау қосымша бетіне басыңыз, Рұқсатты таңдаңыз да, блогты кім көре алатынын анықтаңыз.



ПОДКАСТИНГ
Подкастинг – басқалармен бөлісуге болатын сандық дыбысжазба түріндегі жаңа озық технология. Дыбысжазба әдетте оны интернетте жариялау жолымен таратылады, содан кейін веб-сайтта, Уики немесе блогта сілтеме көрсетіледі.

Қазіргі кезде подкастыны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері көп. Подкастыларды оқушылар жеке және топтарда жұмыс істей отырып құра алады. Оның үстіне подкаст оқушылар өз білімдерін мектепте де, үйде де бекіте отырып, айналыса алатын дайын өнім болуы мүмкін. Подкастингіні оқу курсының кез-келген саласында қолдануға болады. Онымен көбірек байланысты кейбір салалар: АКТ, санитарлық ағартушылық жұмыс, азаматтық жауапкершілік, заманауи шетел тілдері, шешендік өнер, сөйлесу дағдылары.

Подкастинг оқушылардың таныстырылымдарын жақсартуға көмектеседі және де жазуға ыңғайы жоқ немесе оқуда қиындық сезінетін адамдар үшін ерекше пайдалы болмақ. Подкастинг даралап оқытуды қамтамасыз етеді. Ол ресурстар мен сабақтарды балалардың жеке талаптарына лайықтауға, бейімдеуге мүмкіндік береді. Подкастинг оқушылар мен мектепке аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Аудитория ішкі (мектеп ішінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе құрбылар арасында) немесе сыртқы (кең қоғамдастық ішінде) болуы мүмкін. Басқа технологиялар сияқты подкастингінің де балалардың, жастардың, олардың мұғалімдері және ата-аналары/қамқоршыларының қиялын «босататын» қасиеті бар.
Е-қауіпсіздігі

Балаларды қорғау

Басқа технологиялардағы сияқты подкастыға қатысатын балаларды қорғау маңызды болып келеді. Олар подкастыда жеке ақпараттың тек бір бөлігін ғана ашуға тиіс. Алайда олар лақап ат ала алады.

Басқа да коммуникативтік технологиялардағы сияқты, балалар өздерін жауапкершілікпен ұстай білуге үйренгендері өте маңызды. Көптеген мектептерде ата-аналар мен оқушылар жаздырып алатын, подкастинг туралы бөлімді қамтитын желіаралық жоспар бар.


Сыныпта подкастингіні пайдалану жолдары

Аудиотурлар

Мұражайлар, арнайы көрмелер адамдарды бір уақытта оқыта әрі көңілдерін көтере отырып, әртүрлі жәдігерлер бойынша аудиотурлар ұсынады. Сол сияқты оқушылар да тақырып мазмұнын зерделеп, алған білімдерін көрсету тәсілі ретінде аудиожазба жасай алады, осылайша оқыту мен оқу үдерісін белсендірек етеді. Бүгінгі таңда аудиотурларды оқушылардың жоба жұмыстары ретінде пайдаланудың бірнеше нұсқалары бар: оқушылардың мектептік турлары, оқушылардың көркемсурет көрмесі бойынша туры, оқушылардың өлкетану туры, жергілікті тарих, өткен өркениет және т.б. бойынша турлар.



Өмірбаян очеркі

Оқушылар зерттеу үшін адамды (мүмкін - әдеби кейіпкерді) таңдап алып, кейіпкердің атынан драмалық диалог құра алады. Олар тарихтағы әрекетті сипаттап, сюжет туралы пікір айта алады.



Кітапқа рецензия

Кітапқа рецензия жазуға арналған аудиоподкаст оқушылар үшін оқитын жаңа кітапты таңдау кезінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл тәсілдің қосымша пайдасы – рецензенттер мақсатты аудиторияны тарту үшін өз рецензияларын дайындаулары керек. Кіші жастағы балалармен өз рецензияларымен бөлісу үшін жоғары сынып балаларын шақырған жақсы болар еді, осылайша оларды көбірек оқуға құлшындыруға болады.



Дебаттар

Дебат өткізу тәжірибесін немесе өзін өзі бағалауды жақсарту мақсатында сындарлы сын білдіру үшін дебаттардың үлгілерін жазып алыңыз.



Түсіндіру және оқыту

Подкастыларды идеяларды түсіндіру және оқу материалдарын тарату үшін пайдалануға болады. Бұл оқушыларға бірден түсінбеген жағдайда қайтып келіп, қайта-қайта тыңдауға және қарауға мүмкіндік береді.



Публицистикалық стиль – ұлттық/халықаралық жаңалықтар

Публицистикалық подкаст түсінігі жиі кездеседі, ол журналистикаға мейлінше бейімделген. Оқушылар жаңалықтардың өзіндік нұсқаларын жаза алады немесе әлемде шынымен болып жатқан тақырыптар бойынша өз репортаждарын дайындай алады.



Музыкалық ілгерілеу

Таңдап алынған музыкалық құралда ойнау дағдыларының жетілуін жазып алу жақсы идея болып табылады.



Зертхананы зерттеу

Эксперимент жұмысын жалғастыра отырып, оқушылар өз бақылауларын жаза алады немесе оқушылар зертханалық планшеттерде тыңдау үшін мұғалімдер эксперимент кезеңдерінің жазбасын жүргізе алады.



Дарынды және талантты балаларға арналған жоба

Подкастинг баршаға арналған, алайда кез-келген оқу саласында қабілеті молырақ оқушылар үшін жоба жүргізуге жақсы негіз бола алады.



Бақылауға арналған материалдар

Оқушыларыңызға тест және емтихандарға қажет болатын заттардың өз бейне немесе аудиожазбаларын жасауды ұсыныңыз, содан кейін тыңдау үшін барлығына таратыңыз. Аудитория қаншалықты көп болса, оқушылар өз материалдарының мазмұнына, дайындық деңгейіне және сапалы жасалуына көбірек көңіл бөледі.



Тілдерді үйрену

Подкастыларды таза шетел тілінде жазу оқушыларға өздері үйреніп жүрген шет тілін жетілдіру үшін жақсы бастама болып табылады. Тіл үйренуге келгенде подкастинг зор көмек бере алады.



Оқушылардың пікірі

Оқушылардан ағымдағы оқиғаларға назар аударуды сұрап, олардың жергілікті, ұлттық немесе халықаралық жаңалықтарды қалай қабылдайтынын жазып алыңыз.



Жазғы оқу бағдарламасы

Егер жазғы оқу бағдарламасы барысында оқушылардың қызығушылығын ояту тәсілін іздесеңіз, сізге RSS-арнасын орнатып, апта сайын оқушыларға арнап подкастыларды жариялап отыруыңызға болады. Сіз кітаптан алынған диалогтарды қосып, шағын мақсаттарды анықтап, табысты оқырмандардың жетістіктерін атап өте аласыз.



Пьесаның бейне-подкастылары

Мектептегі көптеген сахналық қойылымдар көрермендердің ризалық білдерген жазбаларынсыз және атқарылған жұмысқа масаттанусыз аяқталып жатады. Оқушылар өз техникасы мен стилін өзара бағалай алатындай етіп, бірнеше драмалық қойылымдарды бейнеподкастыларға жазу жақсы идея болар еді.



Дене шынықтыру сабақтарының бейнеподкастылары

Спортта қолданылатын техникаларды (белгілі бір жаттығуларды орындау техникасын) жақсы меңгеру зор қуаныш ұялатып, спортқа тартылуға негіз бола алады. Жаттығуларды үйрену бейнежазбасын жасап, оларды тарату – жақсы идея. Осының арқасында оқушылар өздерінің не істегендерін бағалап, жақсы мен жаманды салыстырып, айыра алатын болар еді.



VI. ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

Алғыр балаларға лайықты, алайда қабілеті төмен балаларды есептен шығармайтын немесе алшақтатпайтын оқу ортасын қалай құрауға болады? Ол үшін оқу қағидаттары мен құндылықтары қандай болмақ? Химер (2002: 3) олардың бірнешеуін анықтаған, атап айтқанда:



  • Барлық балалар жоғары сапалы білім алуға құқылы.

  • Білім берудің негізгі мақсаты – балалар және жастардың бойына оқуға деген құштарлықты сіңіру және осы білімге деген құштарлығын қанағаттандыратын дағдылар мен психологиялық ұстанымдарды игеру үдерісіне қолдау көрсету.

  • Мектептің негізгі рөлі барлық балалардың білім мақсаттарына қол жеткізуіне барынша мүмкіндік жасау болып табылады.

  • Балалардың оқу мақсаттары – алуан түрлі.

  • Ешкім, тіпті сол адамның өзі өзінің оқудағы толық мүмкіндігін біле бермейді.

  • «Қабілеттер» деген ұғымның дәстүрлі анықтамасы – еш нақтыланбаған, жұмыс нәтижесінің жалпы сипаттамасы (болжамы).

  • Балалардың оқу мақсаттары сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап іздегенде барынша қолжетімді болады. Бұл сұрақтарды балалардың өздері қойған тиімді болмақ.

  • Терең оқып-үйрену бәсекелестік жағдайында емес, бірлескен жұмыс жағдайында жүзеге асады.

  • Бағалаудың ең тиімді тәсілі жиынтық бағалау (нәтижелерді көрсету немесе салыстыру үшін оқуды бағалау) емес, қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) болып саналады. Осыған байланысты, оқушының оқуға деген көзқарасын өзгерту оқу нәтижелеріне деген қатынасын (баға үшін алаңдаушылық) ынталандырудан гөрі, тиімді оқуға жетелейтіні анық.

  • Дарынды және талантты балаларды оқыту бойынша жалпыға ортақ саясат мынадай ұстанымдарға негізделеді: дарынды және талантты балалар сапалы білім алуға құқылы, сонымен бірге өздерінің дарынды және талантты екенін білмейтін құрбыларының да сапалы білім алуға тең құқығы бар.

Дарынды және талантты балаларға жоғары сапалы білім берудің көрсеткіштері мен дәлелдемелері, Джон Фрименнің (1998: 52; Химерде келтірілген 2002: 60) пікірінше, төмендегідей критерийлер жүйесіне сәйкес келуі мүмкін:

Тапсырмаға қойылатын талаптар:

  • Жаңа білім бөлек-бөлек факты ретінде емес, тұжырымдамалық негіз мазмұнында сабақтастырылып беріледі.

  • Мұғалім проблемалы сұрақтар қою және оны шешу тәсілдерін пайдалана отырып, санасын дамытады.

  • Мұғалім оқу үдерісін барынша терең «ғылыми» ойлау дағдыларын қалыптастыратындай етіп құрады.

  • Абстрактілі түсініктерге, сондай-ақ негізгі түсініктерге де ерекше назар аударылады.

  • Қолданылатын материалдар сапасы жағынан жоғары, ал оларды оқыту деңгейі кешенді, жаңашыл сипаттарды талап етеді.

Тілді қолдану:

  • Сабақтың зияткерлік талаптары сабақ үстінде жүзеге асатын тілдік қарым-қатынастың деңгейімен, жылдамдығы және сапасымен анықталады.

  • Негізінен, ауызекі емес, тиісті дәрежедегі сөйлеу дағдылары қолданылады.

  • Мақалдап, жұмбақтап сөйлеген мадақталады.

Жауап алу:

  • Күнделікті оқудың маңызды бөлігі болып табылады және ойлау мен проблеманы шығармашылықпен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.


Ақпаратпен алмасу:

  • Оқушылар өз құрбыларымен бұрынғы және жаңа білімдерін, идеяларын салыстыра отырып, дауыстап түсіндіреді.

  • Зерттеу жүргізу дағдылары оқушылардың өз идеяларын өздері түсіндіре алатындай етіп ұсынылады.

Үздік жетістіктерге ұмтылдыру:

  • Оқушылар жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізгені үшін уақтылы марапатталып отырғаны дұрыс. Бұл оқушылар мен мұғалім арасындағы келісімге сәйкес ерекше жобалар түрінде жүзеге асырылады.

  • Мақсаттар жоғары, кәсіби деңгейде қойылады.

  • Тәлімгерлер тағайындалады.

  • Шығармашылық қабілеттер қалыптастырылады.

  • Жобалар аяқталып, жұмыс тексерілуге тиіс.


Сыныптың дарынды және талантты балаларға арнап дайындалуы (Гудхю, 2009)

Шестиугольник 17Шестиугольник 18
Овальная выноска 58


Шестиугольник 15Шестиугольник 16


Шестиугольник 14


Шестиугольник 13





Скругленный прямоугольник 11


Овальная выноска 36


Шестиугольник 10

Шестиугольник 9

Шестиугольник 8

Шестиугольник 6Шестиугольник 7

Овальная выноска 25

Овальная выноска 24

Жоспарлау үдерісінде саралау маңызды қағидат болып қала береді, осыған байланысты қабілеттері әртүрлі бір топ аясында анағұрлым қабілетті оқушыларға арнап бір сабақты жоспарлау әртүрлі орындалуы мүмкін. Бұндайда қолданылатын тәсіл оқушылардың жасына, пәнге және мұғалімге байланысты болады. Мысалы, әртүрлі мұғалімдер пайдаланатын екі үлгі бар:

1) ІСТЕУГЕ МІНДЕТТІ-ІСТЕГЕНІ ДҰРЫС-ІСТЕЙ АЛАДЫ

Істеуге міндетті (істелуі тиіс нәрсе);

Істегені дұрыс (түгел сыныпқа қажет);

Істей алады (барынша ашық жаттығулар).


2) НЕГІЗГІ БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУДІ ҚОСУ

Скругленный прямоугольник 5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет