Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет3/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014

ӘР АДАМ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ (сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің» деген атпен танымал)
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ақпараттарды басқару.

Жалпы сипаттама

Бұл – оқушылар арасында ауқымды ақпаратты таратудың балама тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің орнына, оқушылар тақырыпқа қатысты ақпаратты өздерінің құрбыларымен бөліседі. Ақпаратты тарату бойынша басқа да пайдалы ойын үшін «Кластерлерді» қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт адамнан тұратын топта оқушылар партада отырады, екі оқушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін тобын ауыстыра алады.



Жұмыс алгоритмі

1. Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір оқушыға таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.

2. Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында, оқушылар өздерінің тұжырымдарын оқиды.

3. Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа оқушылармен бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.

4. Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра алады. Егер қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың тұжырымдарымен байланыстыруға тиіс.

5. Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.

6. Кейіннен жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау жүйесін түсіндіреді және дәйектейді.

7. Олар сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме? Немесе қандай тұжырым оларды қызықтырды?

8. Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай ақпаратты есте жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?

9. Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу плакатына жазып қоюға болады.


ФАКТ немесе ПІКІР

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Плюралистік қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды болып табылады. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді. Осы жаттығу нәтижелі болуы үшін одан кейін жауап алу ұсынылады.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.

2. Оқушылар тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір ме екендігін шешеді. Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында олармен таныстырады. Сонымен қоса оқушылар топтар арасындағы пікірлердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын қарастыра алады.

3. Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға ықпал еткен үдерістерге тоқталады. Топтар қандай тоқтамға келді? Әртүрлі пікірлер көп болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме?

4. Кері байланыстың негізінде оқушылар «Барлық факторларды ескеру» сияқты жаттығулар арқылы сұрақтарды одан әрі зерделей алады. Себептер мен салдарларды қарастыру үшін «Салдарлар дөңгелегі» немесе «Себеп-салдарлық байланыстар стратегиясын» пайдалануға болады.
БІР МИНУТ

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • ақпаратты басқару;

  • өзін өзі басқару;

  • ойлау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады.



Сыныпты жоспарлау

Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

2. Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.

3. Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.

4. Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.

5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.

6. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

7. Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.


БЕС СҰРАҚ

Қалыптастырылатын дағдылар:

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.



Жұмыс алгоритмі

  1. Үлкен қағаз бен маркер керек.

  2. Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

  3. Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

  4. Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

  5. Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.


Зерделеніп отырған мағына: Жергілікті қоғам, қауым

  • Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?

  • Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.

  • Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз?

  • Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.

  • Хабардарлықты қалай арттыра аламыз?

  • Онлайн-форум жүргізу арқылы.

  • Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз?


ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ

Қалыптастырылатын дағдылар:

 ойлау, шешім қабылдау;

 проблемаларды шешу.

Жалпы сипаттама

Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға белгілі бір тақырып байынша өздерінің ойларын, сезімдерін, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады. Осы әдіс «Күрделі жауаптар тақтасы» әдісіне ұқсас.



Сыныпты жоспарлау

Бұл жаттығуды жүргізу үшін үлкен қабырға қажет болуы мүмкін.



Жұмыс алгоритмі

1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.

2. Оқушылардан әртүрлі уақытта граффитиге арналған тақтаға «БББ» тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы сұрақ туралы не ойлайды, не «біледі», нені «білгісі келеді» және тақырыпты талқылау қорытындысында олар нені «білгендігі» сұралады.

3. Жауап алу жүргізу нәтижесінде туындаған түсініктемелер де жазылады.

4. Оқушылар тақырыпты талқылау барысында кез келген уақытта граффитиге арналған тақтаға өз ойларын жазуға ұялмаулары керек.

5. Тақырыпты талқылау соңында граффитиге арналған тақтаны сұрақтарды қорытып, тұжырым жасау үшін пайдалануға болады.


ӘУЕ ШАРЫ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

  • ақпаратты басқару.

Жалпы сипаттама

Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.



Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.


2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет