Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері туралы мысал келтіріңіз
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз
Патшалық Рессейдің 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік империалисттік соғысқа қатысуына байланысты халықтың басына жаңа ауыртпалықтар түсті. Соғыс экономикалық жағдайды күрт нашарлатып, елдегі елдегі таптық қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы құлдырап кетті, егіс көлемі кеміді, Жетісу, Сырдария обылыстарында жергілікті халықтан жерді тартып алу әрекеті толастамады. Азық-түлік екі есе, тіпті оданда көп қымбаттады. Салықтар мен алымдар 3-4 есе көбейді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, алым-салықтың көбеюі, бұқара жағдайының күрт нашарлауы болса Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесініңм және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Оның негізгі қозғаушы күші, жергілікті ұлт шаруаларынан тұратын халық бұқарасы болды.Қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта блды. 1916 жылғы көтерілістің басшылары Торғай даласында-большевик Әліби Жангелдин мен Аманкелді Иманов, Орал облысында Сейітқали Мендешев, Ақмола даласында-Әділбек Майкөтов пен Сәкен Сейфуллин, Жетісуда-Тоқаш Бокин мен Бекболат Әшекеевтер болды Қозғалыс стихиялы, әр түрлі аймақтарда әр түрлі мезгілде басталды .Көтеріліс бүкіл Қазақстан территориясын түгел қамтыды, көтеріліс барысында 1916 жылғы көтерілістің екі ошағын ерекше айтамыз
1.Жетісу
2.Торғай
Жетісуда көтеріліс тарихын:
1) шілде – стихиялық наразылық көріністер,
2) тамыз – оның қарулы көтеріліске ұласуы,
3) қыркүйек-қазан көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады. Жетісуда ұлт-азаттық көтерілістер Жаркент уезіне қарасты Қызылбөрік, Шелек, Меркі болыстарында, Қарқара және Асы жайлауларында, Нарынқол-Шарын бөлімшесінде Верный уезіндегі Қорам, Ұзынағаш, Жайылмыс болыстарында, Жетісу облысына қараған Лепсі және Қапал уездерінің кейбір болыстарында болды. 1916 жылғы Жетісуда болған ірі көтерілістің бірі Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде блды, ол тарихта Қарқара көтерілісі деп аталады, патша үкіметінің құжаттарында Албан көтерілісі деп атайды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916жылы 9 тамызда көтеріліс біртіндеп Шу өңіріне Меркі ауданына ауысты. Көтеріліс басшысы Ақкөз батыр болды. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді.Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Патша өкімет орындары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Торғай обылысындағы көтерілістің мынадай ерекшеліктері болды. Көтеріліс оқиғаларына бір орталықтан басшылық жасалды,көтерілісшілер саны көп болды, қамтыған аумағы аса үлкен болды,көтерілісшілер қарсылығы ұзаққа созылды, көтеріліске шыққандар әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерге халық батыры Аманкелді Иманов, Әбдіғапар Жанбосынов пен большевик Әліби Жанкелдин басшылық етті. Торғай обылысының Торғай, Ырғыз,Ақтөбе,Қостанай уездері түгел көтерілісшілерге қосылды.Көтерілісшілер саны 50мыңға дейңн жетті. 1916жылы 21 қарашасында 13 болыс өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды,Амангелді Иманов бас қолбасшы сардарбек болса ,Әліби Жангелдин көтерілісшілердің рухани көсемі болды. Мерген Кейкі Көшкінбаев басқарған мергендер тобын құрды. Әбдіғапар Жанбосынов пен Амангелді Иманов әскери тәртіп орнатып оларды ондықтар,жүздіктер,мыңдықтарға бөліп әрқайсысына басшыларын тағайындады. Көтерілісшілердің әскери кеңесі құрылып арнайы тағайындалған адамдар көтерілісшілерді азық түлікпен,көлікпен, қару жарақпен қамтамасыз етті. Көтерілісшілер бақылауындағы аудандарда көтерілісшілер басқаратын азаматтық билік орнады.
Достарыңызбен бөлісу: |