Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тоқырау жылдарындағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері туралы жазыңыз



бет59/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

68. Тоқырау жылдарындағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері туралы жазыңыз


Тоқырау жылдары 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезеңде, Социалистiк бағытты ұстанған мемелекеттер арасында жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы әлсіреп, саяси жағынан да, экологиялық жағынан да дағдарысқа ұшырай бастады. Мәселен Қазақстанның экономикалық жағдайы бұрынғысынша техникалық прогресске қабілетсіз, тек шикізат көздері ғана игерілсе, Республика өнеркәсібінің жартысана жуығы одақтық министрліктің қара мағынада болғандықтан, шикізат ресурстарынан зор пайда тапты. Ал, 1960 жылдардың ішінде саяси салада демократияландыру процесінің әлсіздігінен, экономикалық реформалар жүргізуден нәтижес шыкпады. Осыған орай қоғамның алға қарай дамуы баяулады.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң жылдық өсiмi 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көрiнiстi Қазақстан экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның әрбiр 4 кәсiп орны орындамады, 1986 жылға дейiнгi 9 жылдың iшiнде орнаған 334 кәсiпорынның тең жартысы нормативтiк қуатына жетпедi. Мүндай көрiнiстi Қазақстан экономикасының басқа саласынан, оның iшiнде ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.
60-жылдардың ортасында экономиканы интенсивті дамуына жол ашуға әрекетінде жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы өнеркәсіпті басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындар шаруашылық есеп жүргізуде шығындарды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру және марапаттау сияқты шараларға қол жеткізетін болды.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарлары қабылданды. Әйтседе реформалар бір жағынан экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші жағынан орталық өктемдік жоспарларға директивалық түзетулер мен толықтырулар енгізуді тоқтатпады. Коммунистік партияның дербес басшылығы, мемлекеттік меншік үстемдігі КСРО-ның экономикалық іргесін өзгерте алмады. Халықтың табысы төмендеп, тауар тапшылығы өсті. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты одан әрі тереңдеді. 70-ші жылдардың ортасына қарай кеңестік экономикасы жүйесінде дағдарыс белгілері айқын ашылды.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия ---өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
Тоқырау саяси салада болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе тоқырау жылдарында күшейе түстi. Демократия дамымады, үкiмет билiгi халықтың қолынан партияның қолына өттi. Конституцияда көрсетiлген азаматтардың құқығы бұзылды, Кеңес Одағында басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтiк-рухани салада да тоқырау көрiнiсiн байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зыян әкелдi. Арал қасiретi, Байқоңыр, Семейдегi ядролық қару сынау қазақ халқының ден саулығына орны толмас зыян келтiрдi.
Тоқыраудың негiзгi себептерi Кеңес Одағында саяси салада бiр партияның үстемдiгi, экономика саласында бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдiгi, идеология саласында бiр ғана марксистiк идеологияныңң үстем болуы, Кеңес Одағындағы басшылардың қабiлетсiздiгi және т.б. себептердi айтуға болады.
1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсті. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтар асқынды. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан мәдениеті 80 – жылдар ортасына қарай серпінді даму сипатынан айрылды. Оның арты Кеңестер одағының ыдырауына ұласты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет