Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы сипаттап жазыңыз



бет61/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

70. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы сипаттап жазыңыз
Алматы қаласы 1997 жылға дейін Қазақстанның елордасы болды.Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары елордасын Алматыдан Ақмолаға көшіру жөнінде мәселе туындады. Бұл идеяны көтерген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев­ болатын. Елбасының осындай қадамының қажеттігіне күмәнданғандарды сендіруге тура келді. Расында да, республиканың орталығын жаңа орынға көшіруге дәйекті негіз, салмақты себептер болды.Біріншіден, бұл кезде Алматының дамуы үшін аумақтық ресурс таусылған еді. Қала енді қайтіп құлаш жазып дами алмайтын еді, өйткені барлық жағынан дерлік таулар қоршап қалды. Мегаполис 700 мың тұрғынға деп жобаланған еді, ал сол кезде оның тұрғындарының саны 1 миллионнан асып кеткен болатын. Оңтүстік мегаполисті сумен қамту, кәріздендіру жағынан елеулі қиындықтар туындады. Екіншіден, Алматының экология­лық ахуалы да нашарлай түсті. Бұл сейсмикалық қауіпті өңір еді. Қаланың желдетілуі нашар болды. Үшіншіден, республиканың оңтүстік бөлігінде халық тығыздығы жоғары, ал солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерде өте төмен болды. Жаппай ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргіндердің,
Екінші дүние­жүзілік соғыс жылдарында жүз мыңдаған азаматтардың құрбан болуының салқын салдары әлі де сақталған еді. 90-ыншы жылдардың алғашқы жартысында жергілікті емес тұрғындардың өздерінің ұлттық республикаларына, этникалық мекендеріне қайта көшуі белең алды. Мұндай көштер колхоздар мен совхоздар (ұжымдық шаруашылықтар мен кеңестік шаруашылықтар) таратылған жылдары қатты жүрді. Төртіншіден, Алматы барлығын жұмыспен қамти алмады: жаңа кәсіпорындардың ашылуы электр қуатының жетіспеушілігіне, шикізат, су және т.б. жеткізудің қиындығына байланыс­ты шектелді. Бесіншіден, ел ордасының солтүстікке ауыс­тырылуы геосаяси жағдайларға да байланысты болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында атап көрсеткендей: «Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен, Шығыспен және Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті». Бұған қоса, елдің орталығы республиканың барлық шекараларынан тең қашықтықта орналасуы тиіс еді. Алтыншыдан, ел ордасын көшіру қажеттігі елдің индустриалдық-инновациялық дамуы үшін алға қойылған міндеттерге де байланысты болды.
Тәуелсіз жаңа мемлекет Қазақстанда жүргізілген реформалардың сәттілігі ел ордасын көшіруге қатысты мәселенің шешілуіне байланысты болды. Жаңа Қазақстанды жаңа елордада қалыптастыру керек болды. 1993 жылдың соңында еліміздің Президенті ел ордасын Алматыдан республиканың басқа бір қаласына көшіру қажеттігін алғаш рет жария етті. Бұл жаңа бастамаға мүлдем сенбеген күмәншілдер де аз болған жоқ. Көпшілік ызғыған жел мен қақаған аяздан қорықты.
Ресми деңгейде бұл бастама 1994 жылдың 6 шілдесінде Н.Ә.Назарбаевтың республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясынада сөйлеген сөзінде айтылды. Депутаттар қолдап, шұғыл түрде елорданы көшірудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге нұсқау берген қаулыны қабылдады.
Бұдан кейінгі оқиға былайша өрбіді: 1995 жылдың 15 қыркүйе­гінде Мемлекет басшысы елорданы Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол қояды да, осы жылдың 28 қыркүйегінде Үкімет Мемлекеттік мекемелерді көшіру жөніндегі комиссияны құрады. 1997 жылдың 20 қазанында тәуелсіз Қазақстанның өмірінде маңызды тарихи оқиға орын алды: Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің елордасы Ақмола болды.
1997 жылғы 8 қарашада елордаға мемлекеттік биліктің ерекшелік белгілері – Ту, Елтаңба және Президент штандарты әкелінді. Парламенттің қос палатасының бірлескен мәжілісінде Н.Ә.Назарбаев: «Бүгін біз, Қазақстан Республикасының жоғарғы өкіметі, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола біздің мемлекетіміздің астанасы болып табылады деп салтанатты түрде мәлімдейміз» деп атап көрсетті.
1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕС­КО-ның шешімімен Қазақстанның жаңа елордасына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы мен медалі берілді. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында бірқатар шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет