«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сəуір
айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ə.Бөкейханов пен А.
Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. ХХ ғасырдың бас
кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мəселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның
тарихи негіздері, саяси əлеуметтік сипаты жəне тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру
əрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Əлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш
қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мəдениеті əлемдік деңгейге көтерілген, оқыған,
сауатты, кəсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан
ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.
Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа
ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сəдуақасов, Ж.
Аймауытов, М.Əуезов тағы басқалар одан əрі дамытты.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек жəне татар елдері
өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі
халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші
жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тəртібіне
қойылатын мəселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде
баяндалған бұл мəселелердің бəрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тəртібіне енді.[1]