Тарих тағылымы Ертеңіңді болжағың келсе, Еліңнің кешегісін танып ал. М.Әлімбаев



бет3/3
Дата22.01.2017
өлшемі436,97 Kb.
#7555
1   2   3

Ауғандағы аласапыран аренасында...
Үлгі болып елге ісімен,

Тағдырдан көп бақ ұтқан ба?!

«200» - дік белгісімен,

Оралғанда табыттарда.

Өмір сырын, шарты, ретін,

Жұмбағы мол жәй-ұқпаған,

Жүз жылда ұқпас тауқыметін,

Балғын шақта – ақ байыптаған.

Сағынышқа көгенделіп,

Сарғайды да сансыз сана,

Үлгермеген ару да өбіп,

Көре алмаған байғұс ана.

Тас белгі тұр, ел есінде

Жансыз бейне қам жегендей,

Өмірдің қай үдесінде,

Азамат боп қал дегендей.

Құлыптас боп үлгі, мәңгі,

Бұйырса да жара-тағдыр,

Олардың сол ерлік даңқы,

Ел аспанын аралап жүр.

Дидардың әкесі Тілеухайыр ағамыз ұлын кішкентай шағынан –ақ қазақ халқының мақтаны болып келе жатқан батыр бабаларымыз – Абылай хан, Бөгенбай, Наурызбай рухын үлгі етіп өсіруге тырысты. Өзі де мектепте мұғалім Тілеухайыр аға Отан, туған ел мен жер туралы бала қиялының қанаттануынан еш білгенін аяған жоқ. Жанұядағы биік рухани талғам бала тәрбиесіне оң әсерін тигізбей қоймады. Дидар кішпейіл, еңбекқор болып өсті. Мектепте де үздік оқушының бірі болды. Мектептен соң әке рұқсатымен ДОСААФ-қа түсіп жүргізушілік курсын бітірді. Іле –шала 1979 жылы мамыр айында әскерге шақырылды. Жүргізуші мамандығын әскерде жалғастырған Дидар білікті жүргізушіге айналды. Алайда сәл кейін бұл біліктілік нағыз қанды қасап – соғыс ішінде талай жәрдемін тигізді. Өйткені ол сол кездегі Ауған жерінде әскери қызметте еді. Ол үнемі үйге хаттар жолдап отыратын, елге оралатын кез де жақындаған болатын.

Ауғанстан. Тілі мен тілегі бөлек, ой- шұңқыры таныс емес осынау жат елде әскери жауынгерлер иығына ел басшыларының саяси қателігінің зіл салмағы түсіп еді. Тоңмойын тоталитарлық саясат Ауғанстанда гүлденген өңір, мамыражай өмір жасаймыз деп жергілікті жұртшылықты үгіттеумен болды. Осы мақсатты ауыл – қышлақтарға үгіт бригадалары барып жұмыс істеді. Экономикасы құлдырап, мешеу қалған, аштық пен ауру жайлаған бұл елдің халқына гуманитарлық жәрдем көптеп жасалынды. Үздіксіз ағылған азық-түлік, дәрі-дәрмек т.б. көмек керуендері бұқара халықтың кейбір бөлігін аштық пен ауру тырнағынан аман алып қалды. Дегенмен бір үзім нан, шынайы жәрдемнің өзі кездейсоқ атылған оқ, жарылған бомбадан опат болған туыс пен бауыр орнын толтыра алар ма. Бастарына төнген барша соғыс зауалын әскерилерден көрген халық бәрібір қайраулы қанжарын жең ішінде ұстаумен жүрді. Кез –келген ұтымды сәт біздің Кеңестік жауынгерлер үшін қапысыз қауіп сәті болуы әбден мүмкін еді. Бұл аты жоқ соғыс, себепсіз сұмдық 15 мың жастың өмірін қиды. Сол кездегі соқыр саясаттың тажал ізі әлі күнге жарасы жазылмайтын дертке айналды.

Дидар да осы қанды-қырғын ішінде көлігін тоқтатпай жүріп келе жатты. Кідіру, іркілу мүмкін емес еді, өйткені ол - балаларды нансыз, жолдастарын оқсыз, дәрі-дәрмексіз, яғни дәрменсіз қалдырумен тең еді. Ауған жерінің тау жолы менен мұз тайғағы, қар көшкіні секілді қауіптің бәрін ұмыта жүріп, тәулікті –тәулікке ұластырып жұмыс істеуге тура келді. Оның жүкті уақытында, айтылған жерге жеткізуден басқа ойы да, мақсаты да болған емес, әрине арман қуып, қиялдайтын кезең емес еді бұл. 1980 жылдың 19 маусымына дейін ол ажал аранынан сытылып – ақ кетіп жүрді. Әрбір бұрылыс, әрбір асудан тосқан қауіп ызғары жүргізушілер үшін аса қауіпті де еді. Тап сол күні «аңдығанын алмай қоймайтын» ажал азуы қайран жасты қорғасын табытқа алып ұрған еді. Оның машинасы жол жиегінде атылған оқтан сау-тамтығы жоқ, жанып жатты.

Бұл әлі уыты тарқамаған, еске алу қиынға түсетін аса ауыр қаза. Жаңа жапырақ жайған жас өмірдің мезгілсіз, себепсіз орылуы еді. Бірақ ол өз халқының атын әлемге бірнеше қайталатып, ұлт рухын биік ұстап кетті. Қазақ деген халықтың ұлдарының табанды, төзімді де ержүрек келетінін дәлелдеп кетті. Бүгінде ер ұланның туған ауылында мектепке аты берілген, ол отырған парта үздіктер ғана отыратын аяулы орын. Өзі мәңгі мекен тапқан зираты да осы Шыңғырлау ауылында.

«Ауғанстанның разы халықтарынан», «Интернационал – жауынгер» медальдары мен қаза тапқаннан кейін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. КСРО Жоғарғы Президиумының Құрмет грамотасын иеленген.

Ер ұл кейінгі бауырларына, жас жеткіншектерге өзінің ерлік жолымен үделі үлгісін көрсетіп кетті. Осы рухы биік киелі жол болашақ буын бойынан табыларына бек сенім білдіреміз. Кешегі құлпырған жастық, міне бүгін Шыңғырлау тарихының бір бөлшегіне айналды.

Ауғанстан ажал аренасында арпалыстан өткен жерлестеріміздің көпшілігі арамызда да жүр. Сондай азаматтардың бірі – Бадьяков Сансызбай Батырұлы. 1965 жылы Шыңғырлау ауылында туған. 1983 жылы Шыңғырлау ГПТУ -87 курсын слесарь-сантехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бір жылдан кейін әскерге шақырылып, Жамбыл облысының Отар қаласына оқу бөліміне түседі. Сержанттық мектепті бітірісімен Талдықорған облысының Панфилов қаласына жіберіледі. Сол жерде Ауғанстан жеріне жіберілетін батальон жасақталады. Әскери қызметін қанды Қандагарда өткереді. БМ-37 миномет атқышы болады. Шені – сержант. «Ерлігі үшін» медалі, «СА үздігі» төс белгісі, «Ауған халқынан» медалі бар. Бүгінде Шыңғырлауда тұрады.

Баймукашев Бахытжан Хакимжанұлы – 1959 жылы Ащысай селосында дүниеге келген. 1978 жылы әскер қатарына шақырылып, 1980 жылдың 20 ақпаны мен 15 мамыры аралығында Ауған жерінде тактикалық ракетаның көтеру-транспорттық және старттық жабдықтарының механик-жүргізушісі болып әскери қызметін өтейді.

«КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Ауған халқынан» медалімен марапатталған. Қазіргі таңда Шыңғырлау ауданы орталығында тұрады. Ауған соғысының ардагерлері кеңесінің төрағасы.

Дәулетқалиев Мұхтар Темірғалиұлы -1961 жылы 11 ақпанда Шыңғырлау селосында дүниеге келген. 1976 жылы Шилі орта мектебінің сегіз класын, аудандық ГПТУ – 87 оқу орнын ауыл құрылысы шебері болып бітіреді. Содан- соң Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумына түседі. 1981 жылдың сәуір айында әскерге шақырылған. Әскери қызметін Ауғанстанда аға гранатомет атқышы болып өтейді. 1983 жылы елге оралып, техникумын аяқтайды. Бітірген соң Шыңғырлауға оралып 1986 жылдан бастап өндірісті оқыту жөніндегі шебері болып жұмыс жасайды. 1994 жылы штаттарды қысқарту легіне ілінген ол бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданы әкімдігінде арнайы әскери күзет бөлімінің аға алмастырушысы болып жұмыс жасайды.

Николаев Валерий Николаевич – 1960 жылы 12 сәуірде Шыңғырлау селосында туған, Осы жерде 1977 жылы орта мектепті бітіреді. 1978 жылы мамыр айында әскерге шақырылып, Чехословакияда Отан алдындағы борышын өтейді. 1980 жылы елге оралып, жүргізуші болып жұмыс жасайды. 1982 жылы ақпан айында Өзбек ССР –нің Фергана қаласына көшіп барады. Сол жылдың сәуір – қазан айлары аралығында Литвадағы Әуе Десанты әскерінің прапорщиктер даярлайтын мектебінде оқиды. Бітірісімен Ауғанстан жеріне жіберіліп, 1982 жылдың қазан айынан бастап 1985 жылы мамыр айына дейін 345 – Гвардиялық арнайы парашютті – десант полкінде прапорщик шенінде артилерия дивизионның арт батарея старшинасы болып қызмет етеді. «Ауған халықтарынан», «Совет армиясына 70 жыл» медальдары, «Жауынгер интернационалист» құрмет белгісімен «СА үздігі» наградаларымен марапатталған. Бүгінгі таңда Шыңғырлау селосында тұрады, «ВЖДО» ААҚ күзетші болып жұмыс жасайды.

Осындай Ауған жерінде әскери қызметте болған бірнеше жерлестерімізді тізіп айтатын болсақ, Шыңғырлау аудандық әскери комиссариатының берген мәліметіне орай былай баяндалады:





Аты-жөні

Әскери қызметтегі кезеңдері, қызметі

Қазіргі мекен –жайы

1

Ақбалиев Қабас Абдрахманұлы

12.1979 ж – 03.1980 ж,

жүргізуші



Шыңғырлау селосы


2

Аскаров Нариман Көбейсінұлы

11.1987ж - 02.1989 ж,

ӘДӘ пулеметшісі



Ақбұлақ с.о

3

Ашенов Арман Тілеубайұлы

12.1988 ж- 02.1989 ж.,

аға көздеуші



Алмаз с.о.

4

Бекениязов Саин Молдашұлы

01.1980 ж. – 06.1981 ж ,

атқыш


Қарағаш с.о.

5

Бектемиров Аманқос Есекенович

04.1986 ж - 11.1987 ж,

миномет командирі



Лубен с.о.

6

Даутов Мәлік Құсайынұлы

12.1988 ж – 02.1989 ж,

минометші



Қызылкөл с.о.

7

Жанболатов Мұрат Таженұлы

12.1988 ж – 02.1989 ж.,

п/ станция бастығы



Шыңғырлау селосы


8

Қазиев Абат Менгешұлы

09.1986 – 06.1988 ж,

ӘДӘ расчет нөміршісі



Белогор с.о.

9

Қосаев Орынғали

12.1979 – 02.1980,

жүргізуші



Лубен с.о.

10

Мұхамбетьяров Ізбасар


08.1980 – 01.1981 ж

Полтава с.о.

11

Түсірғалиев Бейбіт Тәжімұқанұлы

01.1980 ж - 12.1980 ж,

пулеметші



Лубен с.о.

12

Шолақов Ақеділ

07.1986 ж- 09.1986 ж.,

жүргізуші



Ақбұлақ с.о

Фото в ред. «Серпин»


Ш

Фото №9

ыңғырлау өңірінің мақтан тұтатын азаматтарының бірі – генерал Телеғұсов Махмұт Өтегенұлы. 1955 жылдың 16 ақпанында Орынбор облысының Дмитриево селосында дүниеге келген. Көп ұзамай көп балалы жанұя Орал облысының Шыңғырлау ауданы, Шілік ауылына көшіп келеді. Орта мектепті бітірген соң Махмұт Телеғұсов 1977 жылы Ташкент жалпы әскери командалық училищесін бітіреді, 1987 жылы «Выстрел» барлаушылар курсын, 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (сырттай) аяқтайды.

Қарулы Күштер қатарында бөлімше және рота командирі болып Грозный қаласында командирлік лауазымдарды атқарады. Бөлек барлаушылар батальонының штаб бастығы, Түркістан әскери округінің мото-атқыштар батальонының командирі (Красный Арбат) Гвардейский поселкасында және Аягөз қаласында штаб бастығы, полк командирі болған. Оның басқаруындағы әскери жасақтар үлгілі бөлімдер болып танылып отырды. Әскерде аға лейтенант болып қызметін бастаған генерал М.Телеғұсов 2000 жылдың желтоқсанынан бастап Шығыс әскери округ командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.



Чернобыльға Шыңғырлау шашқан шұғыла...!
Біздің аудан әлемнен араша сұраған әйгілі атом станция апаты Чернобыль қасіретіне де қол ұшын созып ауыр оқиғаға ортақ болды. Апатты жерге өз ұлдарын аттандырған ауданымыз бүгінгі күні сол қайғыға араласып, белсенді көмек көрсеткен, бірге бөліскен азаматтарын ардақ тұтады. Олардың есімі әрдайым құрметпен ескеріледі. Олар: Айтбаев Рысқали Батырғалиұлы, Аккужин Марат, Ауылбаев Сайн, Гостяев Юрий, Зайдуллин Мінир, Зубенко Владимир, Исмагулов Аслу, Куандыков Марат, Киреев Жоламан, Кива Виктор, Львов Владимир, Садықов Ысқақ, Шарифуллин Ғабділахат, Нүрпейсов Темияр сынды ел ардақтылары.
Түйін...

«Елдің елдігін сақтайтын –

әдебиеті, тарихы, жол-жорасы.»

М.Жұмабаев
Кешегі дауылды 17-ші, үрейлі 37 –ші, қаһарлы 41-ші жылдарды бастан кешкен Шыңғырлау елі 1986 –ның ызғарын да сезінді. Жастық жалын мен өр намыстың отын мұзға жаққан, азаттық аңсаған, еркіндікке талпынған ел ақыры көптеген құрбандықпен өз дегеніне жетті. Бодандық бұғауын бұзып шығып, егемен ел болды. Көшбастар кемеңгерін сайлаған ел болашаққа бет түзеді. Керуен-көшін жол-жөнекей түгендеген ұлы ұмтылыс аса қарқынды келеді. Апыл-тапыл қадам басқан тәуелсіздігі бүгінде белін бекітіп, балғын сипат алған. Қазақ деген қабырғалы ұлттың қайраты бойына симай, бұла күші бұлықсыған елге айналды. Барша әлемге өзін мойындатқан іргелі елдің бір бөлшегі осы біздер мен сіздер, Шыңғырлау елі.

Отбасымыз бөлек, Отанымыз ортақ, тіліміз бөлек, тілегіміз ортақ елдің бір сынығы біз.

Лайым, енді аспанымыз ашық, бауырымыз бүтін болғай!

Еліміз іргелі, көйлегіміз бүрмелі, атақ-даңқымыз ілгері болсын!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет