Тарих тамырлары



бет2/4
Дата20.06.2018
өлшемі2,01 Mb.
#43759
1   2   3   4

ТҮРКЕН ХАТУН


Шыңғыс ханның қанқұйлы шапқыншылығын әңгіме еткенде Қайыр ханның өшпес ерлігі мен Түркен Хатунның Хорезм мемлекетіндегі өлшеусіз билігі туралы айтпай кету мүмкін емес. 1206 жылы Шыңғыс хан таққа отырып, «Ұлы Қаған» атанған сәтінен бастап, жан-жағындағы тайпалар мен мемлекеттерді өзіне бағындыруды мақсат етіп, отаршылдық саясатты жүзеге асырды. Ол кезде басы бірікпеген көптеген кішкентай мемлекеттерден тұратын қытайлар да, Сібір мен Алтай өңіріндегі өзге мемлекеттер де Шыңғыс ханға бағынышты болып, өмір сүрді. Өзінің ата жауы меркіттерді жер бетінен жойып жіберуді мақсат еткен ол олар паналаған тайпаларға қарсы соғыс ашты, оларды аяусыз қырды. Әбден күшейіп, өзіне деген сенімі нығайған сәтте ол Батыстағы ірі мемлекет, күші мен байлығы өзінен кем емес Хорезмге көз тікті. Ұланғайыр жерге, миллиондаған халыққа ие болып отырған Хорезмшахқа, оның бағынышты елдеріне бір емес, бірнеше рет елшілері мен саудагерлерін жіберді. Талайларды аузына қаратқан мәдениеті мен әдебиеті дамыған ұлы халықтарды өзіне тәуелді еткен Хорезм мемлекетінің тыныс-тіршілігін білуге күш салды. Жансыздары жайылып жүрді. Оның осындай әрекеттеріне қарсылық көрсетіп, Хорезм мемлекетінің қарауындағы ұлыстар елшілеріне де, саудагерлеріне де еркіндік бермеді. Тарихтан белгілі «Отырар ойраны» деп аталатын оқиға сол кезде шығыс пен батысты шарлап кетті. Шыңғыс ханның батысқа аттануы Отырар әкімі Қайыр ханның іс-әрекетінің салдары дейтіндер қай заманда болса да айтылып келеді. Бүгін де осы тақырып айналасында талас толастаған жоқ. Қайыр хан Хорезмшахтың бұйрығымен монғолдардың 450 саудагерін «тыңшы» деп өлтірсін, өлтірмесін Шыңғыс ханның Хорезм мемлекетіне соғыс ашып, оны жаншып, Орталық Азия мемлекеттеріне басып кіруі оның арманы болғанын жоққа шығару қиын. Бұл жөнінде де деректер өте көп.

Бұл кезде Хорезм мемлекетінде қаңлылардың билігі ерекше еді. Хорезм мемлекетінің тарихы туралы бір емес бірнеше мақалалар мен кітаптар жазған орыстың атақты тарихшысы С.П.Толстов «По следам Древнехорезмийской цивилизации» кітабында Хорезм мемлекетінің негізгі тұрғындары қаңлылар мен түркмендер болғанын қадап айтқан. Бұл кезде Орталық Азиядағы бес мемлекеттің құрамында қаңлылар басымдыққа ие болатын. Шағатай ұлысында қаңлылар моңғолдардан кейін отырса, бүкіл Хорезм мемлекетінде қаңлы тайпасының көсемі Әмин Мәлік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына араласып, өзінің ықпалын жүргізіп отырды. «Әбілғазы Баһадүр ханның жазуынша ХІІІ ғасырдың басында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік Хорезмшах сарайындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды. Алаад-Дин Мұхаммед Хорезмшах оның қызына үйленген. Оның баласы ержүрек сұлтан Жалал ад-Дин де қаңлы тайпасының қызына үйленген. Қаңлыдан шыққан көптеген билеушілдер осы кезеңдегі Орта ғасырлық қалалардың басшылары қызметіне тағайындалған еді» деп жазылған «Алаш» тарихи зерттеу орталығы шығарған «Қазақ ру тайпаларының тарихы» кітабының 12-томының 276-бетінде. Шынында да Сырдария өзенінің жағасындағы ірілі-ұсақты қалалардың, бекіністердің басым көпшілігінің билеушілері қаңлылар болды. Отырардан кейін моңғол шапқыншыларына үлкен қарсылық көрсеткен Үркеніш қаласының билеушісі Құмар тегін мен Бенекет қорғанысында моңғолдарға қарсы Илегту-Мәлік бастаған қаңлылар өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Сол сияқты Ходжент қаласының билеушісі Темір-Мәлік те үлкен беделге ие еді. Тарихшы ғалымдар Рашид-ад-Диннің, В.В.Бартольдтің, Джувейнидің, К. Д. Оссон, С.П. Толстов, Ә.Қайдаридің тарихи еңбектеріне сүйене отырып, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олар жоғарыда біз атаған тұлғалардың тегі туралы да сөз етеді. Біз оның бәрін айтып жатуды артық санадық. Ол ғалымдардың барлығы Түркен Хатунның шексіз билікке ие болғанын нақты мысалдар келтіре отырып айтады.

Төркіні күшті, артында арқа сүйер батыр бауырлары бар Түркен Хатун шын мәнінде Хорезм мемлекетінде өзінің ықпалын, қажет десеңіз билігін жүргізіп отырды. Көзі ашық, көкірегі ояу болмаса, ол күйеуі Текеш ханға да, ұлы Мұхаммед Хорезмшахқа билігін жүргізе алмас еді. Оның үстіне ХІІ ғасырда Хорезм билеушілері қалыңдықты қаңлылардан алу дәстүрі орныққан болатын. Бұл да Түркен падишаның ықпалын күшейте түсті. Өздерінің әйелдеріне «Хатун» деген атақ беріп, сол елдің падишасы санаған. Хорезм мемлекетінде Түркен Хатунның билігі ерекше болды. Оның шахтарға ғана тиесілі болатын сарайы, әскері, аула шаруашылығы болды. Оның айналасында түрік ұлыстарынан шыққан әскери қолбасшылар мен игі жақсылар топтасты, топтастырды. Оның билігі Хорезмшахтан кем болған жоқ. Тарихшылар шахтың анасы негізінен ішкі саясатпен айналысқанын жазады. Сондықтан да ол бауырларының Хорезм мемлекетіне қарасты ұлыстар мен қалалардың, бекіністердің билігіне тағайындалуына тікелей араласты. Көрші мемлекеттермен ол шахтың келісімінсіз-ақ қарым-қатынас орнатты. Бұл жөнінде С.П. Толстов «По следам древнехорезмийской цивилизации» деп аталатын атақты тарихи кітабының 286-287 беттерінде былай дейді:

«Военной опорой власти хорезмшахов давно уже перестала быть хорезмийская тяжелая конница, столь славная в самом Хорезме и в Хазарии Х в. Если в ХІ в.6 по примеру Саманидской и Сельджукской империи, в хорезмийском войске некоторое время крупную роль играет гвардия «гулямов» (рабы-гвардейцы), то в ХІІ-ХІІІ вв.основную военную силу хорезмшахов составляют наемные и союзные тюркские контигенты – преимущественно канглы и туркмены, во главе своими князьями, связанными родственными узами с правщей династией.

На прятежении ХІІ в.хорезмшахи систематически берут себе жен из аристократии этих племен. Это становится своего рода конституционным институтом Хорезмийской империи. Существенно, что, в то время как правитель Хорезма носит древнехорезмийский титул «хорезмшах» и арабский – «султан», первая жена хорезмшаха выступает под древнетюркским титулом «хатун». Таким образом, хорезмийская императрица является как бы носительницей верховного суверенитета империи по отношению к входящим в ее состав тюркским племенам.

Хатун в некоторых случаях выступают в качестве своеобразного интеррекса и электора, после смерти хорезмшаха выдвигая из числа его сыновей кандидата на престол.

Особенно крупную и роковую для Хорезма фигуру представляет Туркан-хатун – вдовствующая императрица, вдова Текеша и мать Мухаммеда, влиятельная руководительница военно-аристократической «старохорезмийской» партии при дворе последнего. Она имеет свой двор, конкурирующий с двором хорезмшаха, распоряжается назначением высших чиновников, приостанавливает по своему усмотрению распоряжения хорезмшаха. Вокруг нее гурппируется многочисленная военная знать – князья тюркских племен, военачальники хорезмшаха.

Противоречия в правящей верхушке империи особенно усиливаются в царствование Мухаммеда. Завершение создания Хорезмийской империи приводит к оттеснению на второй план первоначального ее ядра – Хорезма, оказывающегося на далекой северной окраине огромного государства, за обширными пространствами трудно преодолимых пустынь. Богатые центры Ирана и Мавераннахра, в первую очередь старая столица караханидов – Самарканд, оказываются и с экономической, и с военно-политической, и, наконец, с социальной точки зрения гораздо более подходящим центром для огромного государства, основные интересы которго лежат на Среднем и Ближнем Востоке, а основной социальной опорой царской власти становятся мусульманские военно-служилые элементы и торговые города. Этим определяется стремление Мухаммеда к перенесению столицы в Самарканд, встречающее жестокое споротивлени со стороны партии Туркан-хатун».

Осыдан-ақ Түркен Хатунның кім болғанын, оның билігі қандай деңгейде болғанын аңғару қиын емес.Өзін әлемнің падишасы деп санаған Түркен Хатун мұндай билікке оңай жолмен келмегені де түсінікті. Оның билік басына, ықпал жасаушы күшке айналуына шыққан тегі де үлкен әсер еткені сөзсіз. Атының тарихта қалуының өзі оның заманында ықпалды күшке ие болғанын көрсетеді. Тарихшылардың айтуынша ол өз бетімен Шыңғыс ханға қарсы тұрар күшті біріктіруге ұмтылды. Бауырларын жауға өлмей беріспеске үндеді. Соның нәтижесінде оның бауырлары мен ол қойған билеушілердің барлығы монғол шапқыншылығына тегеруінді қарсылық көрсетіп, үлкен шығынға ұшыратты. Сондықтан да оған Шыңғыс хан өлердей өш болды. Болмаса Түркен Хатунның тұтқынға түскеніне, оған қорлық пен зорлық көрсеткеніне соншама масаттанбас еді ғой.

Қанша мықтымын, күштімін дегінімен Хорезм мемлекетінің ішіндегі бірлік пен ынтымақтың сақталмауы алауыздыққа әкеліп соқты. Тарихшылардың айтуынша сол кезде бүкіл Хорезм мемлекеті бір жұдырық болып түйілгенде Шыңғыс ханға қарсы тұрар күшке айналатыны сөзсіз екен. Алайда, Шыңғыс ханның отарлау саясатындағы залым, құйтырқы әрекеттері мемлекеттің бірлігін ыдыратты, ішінен ірітіп, шірітті. Соның салдарынан сатқын да, қорқақ та, өз басының қамын ғана ойлап, жан сауғалап қашқан қашқын да болды. Шыңғыс хан Хорезм мемлекетінің ішінен іруіне өзінің жансыздары мен мол қаржысының нәтижесінде қол жеткізгені жөнінде де тарихшылар айтып, жазып жүр.

Хорезм мемлекеті қирап, Шыңғыс ханның табанының астына түскеннен кейін Түркен Хатунның өзінен бастап, өзге де бауырлары тұтқынға түсті. Біразы майысып, сынып кетті. Бірнеше сіңлілерін Шыңғыс хан Үргенішті басып алғаннан кейін бауыздаса, біраз бауырлары Мысыр асып, Бейбарыстан сая тауып, басқыншыға қарсы шайқасқан. Ал, Түркен Хатун мен оның бауыры Қайыр хан қайтпас қайсарлықтың өнегесін көрсетіп, Шыңғыс ханның алдында «өмірімді сақта» деп жалынып жалбарынған жоқ. Бұл жөнінде Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев «Талайғы Тараз» кітабында өте жақсы жазған. З.Буниятовтың айтуынша «қашайық, пәленшеге барайық» дегендерге Түркен Хатун өзімен «терезесі тең емес, біреудің алдына барып жақсылық көргенімше, осылай Шыңғыс ханның есігінде жүріп өлгенім әлде қайда жақсы!» деген. Осының өзі-ақ оның тектілігін, қайсарлығын көрсетеді. Шыңғыс ханның оған көрсетпеген қорлығы жоқ. Зынданда, одан кейін есігінің алдында иттермен бірге шынжырлап ұстаса да, итермен бірге бір аяқтан тамақ ішкізе алмады. Бұл Шыңғыс ханның ұлылығы емес, тұтқында болса да Түркен Хатунның еркін жүруінен қаймыққаны болса керек. Себебі, ол кезде оның әскерінің құрамында түркі тайпаларының ұландары көп болатын. «Сұлтан сүйегін сатпайды» деген қағиданы ұстанатын олар жарты әлемнің падишасы атанған Түркен Хатунның басының азаттығына күш салуы әбден мүмкін еді. Себебі Түркен Хатун қазақ тайпаларын өзгенің емес өздерінің басқаруына жағдай жасағанын ұмыта алмайды.

Тарихтан белгілі Шыңғыс хан таққа отырғаннан кейін мемлекеттер мен жекелеген тайпаларды өзіне бағындыруда екі түрлі саясат ұстанды. Алғаш мемлекеттер мен тайпалардың салт-дәстүрін сақтап қалуына жағдай жасап, олармен құда-құдандалы болып, достық қарым-қатыныс арқылы күшейсе, бұрын құлақ естіп, көз көрмеген жауыздық арқылы шексіз билікке ие болды. Бұл туралы көптеген мәліметтер бар. Бірақ жан түршігерлік оның бәрін айтып жатудың қажеті шамалы. Отарлау саясатын ұстанғандар қашанда болса зорлық-зомбылыққа баратындығы, қатігездік жасайтындығы айдан анық.

Біздің мақсат бұл мақалада Түркен Хатунның заманына сәйкес қандай тұлға болғаны жөнінде ой толғау. Осы орайда, академик Әбдуәли Қайдардың «Қаңлы» деп аталатын тарихи шежірелі кітабындағы мына деректерді келтіруді жөн санадық. Француз ғалымы К. Д Оссон Түркен Хатун туралы былай деп жазады:

«Хорезмшахтың (Мұхаммедтің) армиясы, негізінен түркмендер мен қаңлылардан (яғни, қаңлы тайпасы – қаңғаластардан – Cancalis) тұрады. Түрікмендер болса, Селжүктер қол астында Иранды жаулап алған түрік-оғыздар (парсыша – «түрік тәрізділер» деген сөз) болса, қаңлылар Арал теңізінінің солтүстігі мен Каспий теңізінінің Солтүстік шығысындағы шөл даладан келіп, Хорезм жерін мекендеген көшпелі тайпалар еді. олардың Хорезм жеріне көптеп қоныс аударуын К.Д Оссон (105-б.) қаңлы халқының бір тармағы Баяуыт тайпасының ханы – Жанкешидің (нұсқада – Джинкеши – Ә.Қ.) қызы Тұрқан хатынның Хорезмшах Мұхаммедтің әкесі сұлтан Текешке (Тақаш деп те аталған) тұрмысқа шығып, құда-андалы болуымен байланысты болды деп көрсетеді автор (105-б.)

«Сұлтан Мұхаммедтің анасы – Тұрқан Хатун өте беделді, мінезді, баласымен тең билік жүргізген айлалы да ақылды әйел еді. Ол рулас генералдардан тұратын топқа (партияға) басшылық етті. Империядағы екі жарлықтың бірі және орындалуға тиісті соңғысы Тұрқан Хатундікі болатын. Оның бір өзі сегіз хатшы ұстады және олар ең мәртебелі адамдардан тұратын. Өзі шығарған жарлықтың соңына өз қолымен: «Барша дүние мен сенімнің қамқоршысы (пірі, иесі), әлем әйелдерінің патшасы Тұрқан» деп жазатын еді. Оның девизі: «менің сенетінім – бір ғана Құдай» болатын. Бұлар түпнұсқада: «Ее монограмма (тугра), которую она собственноручно писала на своих указах, состояло из следующих слов: «Покровительница мира (Вселенной) и веры, Туркан, царица женщин Вселенной», ее девизом был «Единый бог – мое приблежище». Она носила титул «Худовенд – Джихан» или «Повелительница мира (Вселенной)», - деп көрсетіледі. (К.Д Оссон. Бұл да сонда С.106)».

Кезінде осындай атақ-даңққа, құрметке бөленген анамыз туралы осы деректерді оқыған сайын маған мынандай ой келеді: «Түркен», «Тұрқан», «Туркан», «Теркен» деп және тағы да басқа болып әртүрлі жазылуы мен айтылуының астарында басқаша сыр жатқандай. Ол – «Түркен» деген сөздің түбірі «Түрік ене» немесе «Түрік-Ана» емес пе екен?! Келе-келе айтылуы мен жазылуы өзгеріске ұшырағанын жоққа шығару қиын. Бүкіл түркі тайпалары мекендеген жерде билік құрған анамызға осылайша құрмет көрсету заңды да сияқты. Солай болуының жөні де бар. Себебі ол өзінің билігінің ықпалымен басшы қызметке бауырларын тағайындаған ғой.

Түркен Хатунның шыққан тегі туралы әртүрлі деректер бар. Біз ол деректерді айтып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігіне тоқталып жатуды жөн санамадық. Оның қазақ халқының құрамына енген, оның негізін қалаған үлкен тайпанының бірінің ұрпағы екені даусыз. Яғни, ол қазақ. Осы қайсар да қайтпас падиша тағдырдың жазғанымен Шыңғыс ханның тұтқыны болғанын да айттық. Падишаны тұтқыннан Жошы ханның қызы, Шыңғыс ханның немересі, қаңлының келіні Болған Ана босатып алған. Оның барған жері, яғни қайын-жұрты қаңлы болатын. Кезінде Болғанбикені Шыңғыс хан «Ұлы Қаған» атанғанша, алғашқы жеңістерге жеткенге дейін Алмалықтың ханы қаңлы Озардың (Бұзар) ұлы Суқнаққа (Сығанаққа) ұзатқан. Бұған ешқандай талас жоқ! Болған Ана барған жеріне тастай батып, судай сіңген. Сол елдің намысын қорғаған. Бұл туралы дерек көп. Болған Ананың беделінің жоғары болуы оның айналасына Шыңғыс ханның ұрпақтары сая тапқанын аңғару қиын емес. Оған Ұлытау өңірінде Сарысу өзеніне Қаркеңгір мен Сарыкеңгірдің құяр тұсындағы Қаражар деп аталатын жердегі кесенесінің айналасындағы мәңгілік сая тапқандардың кім екенініне бағдарлап, ой жіберсеңіз-ақ түсінесіз. Оның үстіне ұлының білімді болып тәрбиеленуіне қайын жұртының жақсылығы шексіз еді. Ұлы Елбұтарды қаңлы Жамал Қаршидай ғалым тәрбиелеген. (Парсы тарихшысы Джувейнидің жазуынша Жамал Қаршидің тегі-қаңлы). Сол Жамал Қаршидің тәрбиесін көрген ұлы да ел билеп, халқының намысын ойлайтын азамат болып өсуіне ең алдымен қаңлылар ықпал жасағанын Болған Ана ұмыта ала ма?! Оның үстіне әлемнің патшайымы атанған Түркендей тұлғаны шынжырлап қою ешкімге де абырой әпермейтінін Болған Ана білді, түсінді. Ол алдымен әкесіне, одан кейін атасына Түркен Хатунды тұтқыннан босату болашақ үшін қажет екенін дәлелдей білді.

Ғалымдар мен тарихшылар халқымыздың тарихи тұлғасы, елдігіміздің сақталып қалуына ықпал еткен, бауырларының басы аман, бауыры бүтін болуы үшін күрескен, қайраткер анамыз тұтқында жүрсе де еңсесін түсірмеген, басын имеген қайсарлығы заманында талайларды таңғалдырған. Сондықтан да оның аты мәңгі есте қалған. Әрине келіні Болған Ананың араша түскеніне көңілі босап, кеудеге толған ащы запыранды лық етіп төге салмағаны да анық. Өзегі жасық, бөркемек болса анамыз замандастарының құрметіне бөленбеген, тарихта аты қалмаған болар еді.

1223 жылы Түркен Хатун Шыңыс хан мен Жошы хан қазасынан алты жылдан кейін өмірден озды. Артында өшпес сөз, іс қалдырған Түркен Хатун сияқты тұлғалар жүз жылда бір рет туады. Аты тарихта нақты ісімен қалған анамызды құрметтеу, қадірлеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Қалаларымыз бен ауылдарымызға Түркен Хатунның есімі беріліп жатса айып па?! Бұл тұлғаларымызды ардақтау арқылы тарихымызды тануға жол салады.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет