Байланысты: Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
88. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындыларын (1999 ж., 2009 ж., 2021 ж.). тұжырымдаңыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ұлттық халық санағы туралы» қаулысымен сәйкес, 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурызына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында екінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі халықтың өмір деңгейін жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру, сауда кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындар желісімен және коммуналдық өріс қызметімен толық қамтамасыз ету үшін халықтың тұрмыс жағдайын және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бағдарламасын жетілдіп жатыр.
Бірақ ешқандай бағдарлама республика аумағында, облысында, елді мекенде тұратын халықтың дәлсанын білмей жасалына алмайды. Атап айтқанда, әр 10 жыл сайын халықтың нақты сипаттамасы туралы мәліметті жинау, өңдеу, беру мақсатында Халық санағы өткізіліп отырады.
Республика Үкіметі халық санағының маңызды екенін ескере отырып осы жұмысты өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөліп отыр.
Ең алғашқы халық санағы 1827 жылы Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында болған кезде өткен. Қазақстанда алғашқы халық санағы 1999 жылы өтті.2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз. Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу.
Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.
Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді. Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.
Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.
Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мейрамханаларда және басқа да мекемелерде сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.