30) СТАЛИНДІК ҚУҒЫН СҮРГІН, ОНЫҢ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ: ҚАЗАҚСТАН 20- жылдардың 2 жартысы мен 30- жылдары бірінші рет феодализмнен капталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.
30 жж Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынандай преспектиыалдарды көздеді:
• Саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда Кіші Қазан жоспарын жүзеге асыру;
• Әлеуметтік экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту; қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
• Ұлт аралық қатынастар саласында: ассимиликаның ұлттық әулетін «жақсарту»
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жжағдай жасады. Көптеген аудандар тікен сымдарымен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінрек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар, қо,ам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, шаруашылық басшылары, өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
50-жылдың ортасында лагерьде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқагдар мен атылғандар ақьалып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын сүргін құрбандарын жаппай ақтау 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізілген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігі мәлімделді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша 3,5 мон адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40 жж тұтқындалған мыңдған адамдардың әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
31)ЖЕТІСУ МЕН ТЯНЬ-ШАНДАҒЫ ҮЙСІНДЕРДІҢ ЭТНОСАЯСИ БІРЛЕСТІКТЕРІ: Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған.