Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз



бет82/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
69.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз
Қазақ жүздерінің зерттелу тарихы 

Бүгінгі біздің қозғағалы отырған қазақ жүздерінің қалыптасуының мәселелері тақырыбы да осы қатарда. Әр бір халықтың тарихында маңызды проблемалар бар, солардың бірі этникалық тарих. Соған байланысты біздің халқымыздың этникалық тарихын зерттеуде, оның бірден бір ерекшелігі болып табылатын, жүздерге бөліну мәселелерін анықтау маңызды. Өзге халықтардың алдында қазақтардың болмысы, этникалық құрамы туралы да мағлұмат беретін де осы жүздер тарихы. Орта Азия халықтарының арасында жүзге бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тән болғандықтан бұл тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның нәтижелерін шығарудың рөлі өте жоғары. . Сол себептен де біз бүгінгі таңда «Қазақ жүздерінің зерттелу тарихы» проблемасын қозғамақпыз. Тақырыптың тарихнамасын негізінен дәстүрлі формада кезеңдерге бөлуге болады, бұл: төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңдері. Алғашқы кезең зерттеушілерінің еңбектерінде қазақ жүздері тек халқымыздың саяси және этникалық ерекшелігі ретінде ғана бейнеленген. Мысалға, А. И. Тевкелев, П. И. Рычков, Ш. Ш. Уәлиханов, еңбектерінде қазақ хандығының үшке: Үлкен, Орта және Кіші ордалар болып бөлінгендігі және олардың рулық құрамы туралы айтылып қана қояды /1/. Я. П. Гавердовский болса қазақ жүздері бір атадан тараған балалардың ұрпақтарынан тарамаған, олар күші жағынан кішіден үлкенге қарай жоғары және текті болып табылады дейді /2/. Төңкеріске дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде қазақтың жүздерге бөлінуін халық арасында тараған аңыздар мен түсіндіретіндер де кездеседі. Оларға Н.И. Гродеков, Г. Н. Потанин, М. Көпейұлы /3/жатады. Ал атақты «Исследования о Касимовских царях и царевичах» атты еңбектің авторы В.В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің құрылу кезеңін, ХVІ ғасырдың екінші жартысында Хақназар ханның тұсында деп қорытады/5/. Осы тұжырымды қолдайтын, яғни қазақ жүздерінің құрылу уақытына байланысты сәйкес пікір айтқан орыстың көрнекті тарихшысы М. Красовский. Ол қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған үш ұлыстың негізінде пайда болды деген болжамды ұстанады /6/. Қазақ жүздерінің тарихын зерттеумен кеңестік кезеңде айналысқан ғалымдар баршылық. Дегенмен бұл кезеңнің зерттеушілері де арнайы бұл мәселені кәсіп қылмаған. Олар көп жағдайда қазақ халқының қалыптасу тарихымен зерттеп, жүз мәселесін тек шолып өткен. Ал «жүз» терминіне қатысты автор зерттеушілердің келтірген уәждерімен келіспейтіндігін білдіріп, «жүз» сөзінің мағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіреді дейді. Сонымен бірге В.В. Вяткин қазақ жүздерінің ішінде ең бірінші болып, ұлы жүз қалыптасқанын және оның себебі ол территория қазақ хандығының алғаш мекендеген жері болғандықтан, сонымен бірге бұл жүздің құрамындағы рулар Қазақстан территориясындағы ең ежелгі тайпалар болуы әбден мүмкін екенін айтады. Ал одан кейін ретімен сәйкесінше Орта жүз бен Кіші жүз тарих сахнасынан орын алған болса керек. Денгенмен бұл оқиғалардың шынайылығы мен орын алған уақыты туралы еш мәлімет жоқ дейді /10/. Қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын б.з.б. ІІ ғасырмен байланыстыратын тарихшы Х. М. Адильгереев 1951 жылы жариялаған «История оброзования казахского народа» атты мақаласында осындай болжам жасайды. Автор қазақ халқының қалыптасу процесі қазақ жүздерінің қалыптасуынан басталатындығын айта келіп, ең алғаш үйсін одағының негізінде б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүз қалыптасты дейді. Сонымен бірге Масудидің оғыздар Х ғасырда үшке, яғни үлкен, орта және кіші ордаларға бөлінді деген мәліметін алға тартып, оны В. Радловтың «гуз» сөзі «юз», «жуз» деген мағына білдіреді деген пікірімен дәлелдеуге тырысады. Олай болса қазақ жүздері ХІІ ғасырда өмір сүрген және «жүз» сөзі «негізгі бөлік» деген мағына береді деген болжам жасайды (Григорьевке жүгініп айтады) /12 Мынадай сұрақтарға жауап беруді мақсат тұтады: Біріншіден, олар не себепті үлкен, орта, кіші деп аталды, екіншіден бұл атаулар қашан пайда болды, үшіншіден әртүрлі жағдайларда олардың саны қанша болды. Бұл сұрақтарға жауап іздеу барысында автор сол уақытқа дейін жарық көрген еңбектерге сүйеніп, өзінше қортындылар жасап отырады. Соған байланысты ол қазақ жүздерінің Ретімен үлкен, орта, кіші атануы оның құрамына және алып жатқан территория көлеміне байланысты еместігін бірден айтады. Жүздердің пайда болу уақына байланысты В. Юдин дерек көздерінен 1616 жылы алғаш мәліметтер кезігетінін айтып, соған байланысты қазақ жүздері ХVІ ғасырдың аяғында өмір сүргендігіне күмәні жоқтығын айтады. Дегенмен, жүздер одан да бұрын өмір сүруі мүмкін екендігін де жасырмайды. Қазақ халқының үш жүзге бөліну себебін автор Қазақстандағы географиялық климаттық белгілерге негізделген шаруашылық экономикалық аудандастыру жағдайына байланысты болған деп есептейтіндігін жеткізеді. Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-ақ қалыптасқан өзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі – көшпелі мал шаруашылығы болды» деп, қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын Ш. Уәлихановтың пікірін қолдап Алтын орданың ыдырау кезеңімен байланыстырады. Бірақ біз Ш. Уәлиханов қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын жоғарыдағыдай кезеңмен белгілегенін оның сілтемеде берілген еңбегінен кездестіре алмадық, сол себептен де бұл уәжге күмәніміз бар. қазақ хандығы үш жүзге 1718 жылы бөлініпті мыс /16 «Сондықтан да «жүз» терминінің мағынасын ұғынғанда «бөлшек», «жақ» деп түсіндіретін ұғымнан бас тартуға негіз жоқ.. Алайда жүздердің құрылуына экономикалық-шаруашылық факторлардан гөрі ХVІ ғ. соңындағы – ХVІІ ғ. басындағы ішкі-сыртқы саяси, тіптен әскери-соғыстық факторлар басым әсер етті. Жүздік ел басқару құрылымы Сонымен бірге: «деректерге қарағанда Ұлы және Кіші жүздер деп бөліну «Алты Алаш» деген этникалық ұғымнан келіп шыққан. Бұл Орталық Азия түріктерінің алты тайпаға бөлініп, «Алаштың» көк туы астында бірлікте өмір сүрген тарихи кезең болған» деген ой айтады. Автордың бұл айтып отырған кезеңі антикалық дәуірге келіп саятындағын жеткізеді /19/. Сонымен, біз қазақ жүздерінің қалыптасуына байланысты ғасырлар бойына айтылған негізгі пікірлерді қарастырып болдық. Аталған үш тарихи кезеңде бұл мәселеге көзқарас әрқилы болғанын көріп отырмыз. Соның ішінде алғашқы кезеңде мәселе тек үстіртін қаралған болса, екінші кезеңнен бастап онымен кәсіби тарихшылар айналыса бастап, жаңаша тұжырымдар мен болжамдар айтылды. Мақалада қарастырған еңбектердің негізінде көпшілікті алаңдатып отырған жүз сөзінің мағынасы, қазақ жүздерінің пайда болуының себептері мен уақыты деген сұрақтарға жауап табу әбден мүмкін, тіпті тарихшылаымыз оны жасап та қойған (Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет