Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы



бет83/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз
психология 14, Types of interface testing, лекция 5 2022-2023, 630029, YAOWQSKBCIIV24102023141025, YAOWQSKBCIIV24102023141025
70. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтан хан сайланбай тұрып-ақ жаугершілік кезінде өзінің ерлік істерімен көзге түсіп жүрді. Жалпы, кейін хан болған соң да оның хандық қызметі ат үстінде, жорықтар мен шайқастарда өткен екен. Ол сонысымен де өзге қазақ хандарынан ерекшеленеді. Бір ғана мысал - қалмақтармен жекпе-жектерде Жәңгірге қарсы шығатын батыр болмайды екен. Сол үшін де ол «салқам» (айбатты) Жәңгір атанған. Жәңгірдің хан ретіндегі билігінәділ бағалау үшін сол тұстағы жағдайдан хабарымызболғаны жөн. Он жетінші ғасырда ойраттар қуатты Қытайжағынан қысым көре бастайды. Сөйтіп, 1635 жылы Жоңғархандығын құрып, жан-жағындағы өзінен әлсіз елдердіңтерриториясына көз тігеді. Оларды Қазақ хандығыныңЖетісу, шығыс және орталық Қазақстандағы шұрайлыжерлері қызықтырды. Олар қазақтың шаңырағын ортасынатүсіріп, халқын қырып, қонысын тартып алуға шындапкірісті. Осынау қазақ-жоңғар арасындағы тынымсызсоғыстар тұсында Жәңгір хан халқын да, жерін де абыроймен қорғап қалды. Жәңгір сұлтан жас кезінің өзіндеСібір-Тобыл ұрысында қалмақтардың тұтқынына түскен. Мұны тарихшылар қазақ-ойрат қарым-қатынасындағымаңызды оқиға санайды. Өйткені, ол көп ұзамай аман-сауеліне қайтады. Ол қашып шыққан немесе кездейсоқ сәттіжағдай жоңғар тұтқынынан босап шығуына көмектескендеген пікір бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев Жәңгір сұлтанды жоңғар елінің өзішіндегі Батыр қонтайшыға қарсы топ өздері қашырыпжіберген және қалмақтан қыз беріп, Жәңгірдің кейін хан болған ұлы Тәуке сол қалмақ қызынан туғаны жайлыайтады. Оған дәлел ретінде Ш.Құдайбердіұлының еңбегіненмәлімет келтіреді. Атап айтқанда, Батыр қонтайшыныңбақталасы Хұндүлен тайшы қазақтың болашақ ханы Жәңгірмен одақтасқысы келген. «Ескі жазбалардакелтірілген Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым депатайтындығының себебі де осында», - дейді ғалымБ.Кәрібаев. Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылытұтқыннан жоңғарлардың өз көмегімен босап, елге оралады. Құр қайтпай, жоңғар тайшыларының арасынан өзінежоғарыдағыдай одақтастар табады. Бұл одақтастықтың оған1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен болған Орбұлақшайқасында көп көмегі тигені анық. Орбұлақ ұрысыЖәңгірге салқам деген атты алып берген маңызды шайқасболды. Қазақ жеріне Батыр хонтайшы бастаған қалыңжаудың бет алғанын алдын ала білген Жәңгір оларға қарсытұратын ыңғайлы жерді өзі таңдаған. Сол аралықтаСамарқандағы досы Жалаңтөс Баһадүрге хабар жібереді. Көмек келгенше жаудың жолын бөгемек болып, 600 батырды соңына ертіп аттанып кеткен. Тау шатқалындаайналдыра ор қазып, онда 300 әскерді қалдырады да, өзіжасақтың жарым бөлігімен бірге шатқалдың сыртына, қарсы бетіне жасырынады. Шатқалдың өте тарлығынанқалмақ әскері меңгерген амал-айласын пайдалануғамүмкіндіктері болмай, шетінен қырылады. Екі рет шабуылғашығуға әрекеттенсе де, оларынан түк шықпайды. Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр келіпжеткенде, онсыз да 10 мың әскерден айрылған жоңғар жағыкері шегінеді. Небары 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрысәдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғардыжайратты. Жәңгір өміріндегі тағы бір шайқастың тарихимаңызы ерекше. Ол - 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. Осы ұрыс кезінде Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлыГалдам Жәңгірді өлтіреді. Жалпы, бұл шайқастытарихшылар Батыр қонтайшының Орбұлақтағы масқараболып жеңілгені үшін үшін қазақтардан өш алуы депбағалайды. Профессор Берекет Кәрібаев Жәңгірдің қазақхандығы үшін жасаған бірнеше еңбегін ерекше атапкөрсетеді. «Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екінші есте қалар ісі сол, хан тағыниеленгеннен кейін мемлекеттің сыртқы саясатын бірнешебағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсықарым-қатынастар орната білді. Жоңғарлармен күрестеМауереннахрдағы аштарханилық әулет өкілдерімен, ШығысТүркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтты. Үшіншіден, Жәңгірхан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінденағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегіқазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағыҚожа Ахмет Иасауи кесенесі жанына жерленген», - дейдіғалым. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәукежәне Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соңтақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды. Кенже ұлУәлибақы осы шешімге өкпелеп, нағашылары - ҮргеніштегіҒайып ханға кетіп қалған деген де деректер бар.
71.​Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары туралы сипаттап көрсетіңіз
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Атауы хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Халқы хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, 1846 жылы 21 қаңтарда “Бөкей Ордасын уақытша басқару жобасы” негізінде құ-рылды. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) жаңа хан тағайындалған жоқ. Ресей өкіметі хандық жүйесін жойып, басқару жүйесін қайта құрды. Жаңа жоба бойынша Бөкей Ордасын уақытша басқару Орынбор шекара комиссиясына жүктелді. Ішкі Орданы орт-тан басқару Мемлекеттік мүлік министрлігінің құзырына берілді. Жаңа басқару жүйесі бойынша хан ордасындағы арнайы Кеңестің құрамына оның төрағасы, төрағаның кеңесшісі, айрықша билік берілген екі орыс шенеунігі немесе сұлтандардан екі адам енуге тиіс болды. Екі кеңесшінің әрқайсысына бір-бірден көмекші, екі хатшы, отыз шабарман берілді. Кеңес төрағасы мен оның көмекшілерін Орынбор шекара комиссиясының ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы бекітті. Төтенше орыс қызметкерлерін Мемлекеттік мүлік министрлігі ұсынып, бекітті. Уақытша комитеттің міндеті – Бөкей Ордасындағы қазақтар арасында тыныштық сақтау, тәртіп бұзушыларға қарсы шара қолдану болды. Кеңестің алғашқы төрағасы болып Жәңгір ханның інісі Әділ Бөкейұлы, кеңес мүшелігіне Бөкейханұлы Меңдігерей, Шөке Нұралыұлы тағайындалды. Комитетті құру – Бөкей Ордасында хандық билікті толық жою, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін Ресейлік отарлық жүйеге бүтіндей бағындыру ниетімен жасалған алғашқы қадам болды. XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады. Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді. 1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын.
72.​ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы себептері
19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. 1886 жылы Қазақ даласы 2 ген.-губ. Тұратын;Дала ж/е Түркістан. 1886 жылы Түркістан өлкесін басқарудағы Уақытша ереже қабылданды. XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік бұл реформалар б/ша қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Осыдан бастап қазақ жеріне орыс шаруалары, яғни кулактарды қоныс аударуы басталды. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды. Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді. Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.
73.​Қазақ хандығының Хақназар хан тұсында жағдайы
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538–1580 жж.)
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538–1580 жж.) әрекет жасады.Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
74.​Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы
Дала генерал-губернаторлығы – Ресей империясының 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы ширегіндегі әкімшілік аймағы.1882 ж. 18 мамырда ұйымдастырылған. Орталығы - Омбы қаласы болды. Дала генерал-губернаторлығына Ақмола, Семей, Жетісу облыстары қарады. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды. Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторларындағы. ХIХ ғасырдың отызыншы жылдарының соңында Сiбiр басқармасында бірқатар өзгерiстер пайда болды. Ережедегі кейбiр жарлықтар Қазақстанды қайта құрудағы қатаң саяси жаңа талаптарға жауап бере алмады. 1838 жыл Сiбiр комитетiнiң астанасы жабылғандығымен белгілі болды. Орталық басқаруды әскери әкiмшiлiк басқару iсi жүргiзiлген аумақтарға жақындату қажет едi, өйткенi. 6 сәуiр 1838 жылы Омбы облысы ауыстырылған болатын. Омбы Тобыл губерниясының округi болды, яғни жаңа округ құрылды. Қазақ даласын басқару iсi қайта ашық Шекаралық Басқаруға берілген болатын. 1839 жылы Омбы қаласы жүйелі түрде Батыс Сiбiр генерал-губернаторының орталығы болады және мұнда Батыс Сiбiр әскери-топографиялық түсiрiмінің Корпусының бас штабы, провианды комиссия, Сiбiр округiнiң артиллериялық гарнизоны мен жандармдар басқарымының 8 округтық корпусы орналасқан еді. Осыған байланысты қаланың саяси беделi жоғарылады. 1865 жылы қазақ даласын басқаруға жаңадан Дала комиссиясы құрылды. Тек 1868 жылдың 21 қазанында Ақмола мен Семей облыстары туралы жобаға қол қойылды. Реформалар өздерінің негізгі функцияларын жалғастырған еді, яғни көшпендiлердің өз дәстүрлерінің бiртiндеп жойылуын, билер мен старшындар басшылығына шек қою және туыстық аристократияның әлсiреуiне әкеп соғатын еді.. 1867-1868 жылдардағы жағдай уақытша тек екі жылдық тәжирибе жүзінде болатын. Бiрақ тек 21 наурыз 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетiсай, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы жағдай нақты қабылданған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет