ХІХ ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық зиялыларының өкілдері мен еңбектері.
Зиялылық және ұлт зиялысы Ұлттың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруда зиялылар әлеуметтік күш ретінде аса зор рөл атқарады. Бұл тұжырымның шындықтан алыс еместігін қазақ тарихынан, әсіресе оның ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі кезеңінен анық байқауға болады. Өкінішке орай, бұл тақырып, яғни ұлт зиялыларының ұлтты және оның интеллектуалдық мүмкіндігін қалыптастыру әрекеті тәжірибе ретінде терең талдауға алынды деп айту қиын, анығырақ айтқанда кешеуілдепкеле жатқан іс. Осы ретте сол алғашқы буын зиялылар қатарында болып, соңында терең іс қалдырған жеке тұлғалардың пікірі мен тұжырымыдарына көңіл аудару қажет-ақ. Мақаламызды Мұстафа Шоқайдың зиялылық пен ұлт зиялысы жөнінде жасаған талдауларына арнайы тоқталудан бастағанымыз міне осы қажеттіліктен туындап отырғандығын мойындаймыз.
Қазақ ұлтшылдығының жалпы қазақ оқығандарының сеніміне айналып, нақты күш дәрежесіне көтерілуіне 1909 жылы жарық көріп, үлкен бедел және ықпалға ие болған мынадай үш бірдей кітаптың маңызын бөліп атаған жөн. Олар Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы мен Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» (Крылов шығармаларының аудармасы) және Уфа қаласында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағы!» еді. Бұл аталған кітаптардың жаңа мазмұндағы қазақ коғамдық ойының қалыптасуына жасаған ықпалын асыра бағалау мүмкін емес. Олардың артын ала өмірге келіп, бірден жалпыұлттық деңгейге көтерілген «Айқап» журналы (1911-1914) мен «Қазақ» газеті (1913-1918) қазақ ұлтшылдығының көзқарас және ұстаным ретінде біржола калыптасуын қамтамасыз етті. Қорыта айтқанда, XX ғасырдың басында, яғни М. Шоқай белсенді қоғамдық қызметке араласып, Ресей мемлекеттік думасы жанындағы 6 мұсылмандар фракциясына хатшылық қызметке тұрғанда (1914) қазақ зиялылары арасында қазақ ұлтшылдығы көзқарас және ұстаным ретінде біржола қалыптасып қалған еді. Міржақып Дулатұлының 1921 жылы «Шынын айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді
Ұлт зиялысы үшін мемлекеттік тәуелсіздікті жақтаушы әрі оны нығайта түсу жолында тұрған күштерді қолдау негізгі міндет болып қала береді. Ағартушылық – зиялылықтың басты өлшемі. Өсіп-өну жолында тұрған ұлттың алтын ғасыры, яғни қарышты даму жолына түсер сәті болады. Қазақ елі ондай сәтті XX ғасырдың алғашқы ширегінде басынан кешірді. Осы ретте мынадай бір мәселеге көңіл аударған жөн. Еуропадағы ағартушылық : Англияда-17 ғасырда, Францияда-18 ғасырда, Германияда-18-19 ғасырларда жүрді. Сондай-ақ ешқандай да сырттан араласусыз, барлық қалыптасу және даму сатыларынан ешқандай да тежеусіз емін-еркін жүріп өтті. Сондай-ақ еуропалық ағартушылықтың өкілдері репрессия құрбаны болған жоқ.. Англиядағы ағартушылықтың ұраны: «Көктен күту жетер, жұмырбасты пенде өзіне ғана сенер!» деген девиз болса, Германиядағы философ Кант «адамдарға отырған жаялығынан өз еркімен шығатын уақыт жетті!», соған байланысты оның девизі «тәуелсіз ойлаудан жасқанба!»
Революциялық әдіс-құралдар мен шараларды қозғалыс басшылары қабыл алған жоқ. В.И. Ленин бастаған большевиктер билігі қазақ азаттық қозғалысының өмірлік қажеттіліктен туған мұндай табиғи ерекшеліктерін мойындаудан бас тартты. Олар біріншіден, қазақ қоғамында күштеп тап күресі идеясын таңды, қазақ қоғамын таптық негізде жіктерге бөлді, сол арқылы империялық үстемдікке қарсы көтерілген жалпыұлттық күресті әлсіретті, екіншіден, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде қазақ қоғамында революциялық әдіс-құралдары мойындатты. Осының бәрі революциялық тәкаппарлықтың жаңаимпериялық зорлықтың көрінісі болатын. Империя көлемінде қалыптасқан осындай жағдайда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы және Т.Рысқұлұлы бастаған ұлттық басқарушы топтың ұлттық азшылықтардың қоғамдық өміріне қатысты ұсыныстары бұл 23 халықтардың этникалық ерекшеліктері мен құндылықтарын шайылып кетуден сақтау, қазақ халқының дара тұлғалық сипатына араша түсу әрекеті болатын. Өйткені қазақ саяси тобы бір ақиқатты жақсы түсініп, берік ұстанды. Кез келген ұлттың нәтижелі өсіп-өнуі бірінші кезекте сол тарихи мезгілдегі оның ішкі сұраныстарын қанағаттандырудан, сондай-ақ осы жолдағы кедергілерді жойып, ұлттың ішкі потенциалының (мүмкіндіктерінің) ашылуына жағдай туғызудан басталмақ. Ал ұлттың заман талабына сай ішкі сұраныстары мен мұқтаждықтарын анықтау бұл оның интеллектуалдық күштерінің қызметіне тәуелді, ең алдымен солар арқылы жүретін процесс.
Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылығы басқа елдердегідей барлық даму сатысынан еркін жүріп өтіп, ұлттық мінез бен болмыстың жаңа сапаға өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылды. Билік тарапынан тура осындай шектеу және құғын-сүргінге қазақ ұлтшылдығы да ұшырады. Большевиктік идеология қорғаныстық мазмұнындағы қазақ ұлтшылдығын, агрессивті прогреске қарсы ұстанымдағы көзқарас есебінде көрсетті. Халықтар достығы және интернационализмді негізгі ұраны ретінде көтерген билік, шын мәнінде өмірде пәрменді орыстандыру саясатын жүргізді. Бар болғаны 20-30 жылдың ішінде ғана бірнеше мәрте сұрапыл аштықты (1921-22, 1931-33) екі бірдей зиялылар және саясаткерлер буынын жұтқан саяси репрессияны, азамат соғысы мен фашизмге қарсы соғыстарды, қуатты орыстандыру процесін басынан өткізген қазақ қоғамы терең рухани күйзелістерден соң өрдер мінезді, азатшыл халықтан жасық та жалтақ, жетекшіл халыққа айналды. Ең негізгісі ХХ ғасыр басында барлық Азия елдерінде көрініс тапқан ұлтшылдық идеясы қазақ қоғамында өзінің табиғи сөресі – ұлттық мемлекеттік құрумен аяқталған жоқ. Қазақ азаттық қозғалысын теориялық тұрғыдан негіздеп, саяси күрес сахнасына алып щыққан мемлекетшіл тұлғалар түгелдей «буржуазиялық ұлтшылдар» немесе жапон, неміс агенттері ретінде саяси 24 репрессия құрбаны болды.
Басқаша айтқанда, өмірлік негізі бар толық табиғи құбылыс қазақ ұлтшылдығы саяси қозғалыс ретінде өзінің көздеген мұраты ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту ісіне қол жеткізе алмады. Мұндай финалды қоғамнан жеткілікті белсенді қолдау таба алмаған қазақ азаттық қозғалысының әлсіздігі ретінде қарастыру мәселенің басқа екінші қырына яғни социалистік идеяға берілгендей сыңай танытқан большевиктік басшылықтың түптеп келгенде империялық биліктен бас тарта алмағандығына жете назар аудармағандық болар еді. Ғасыр соңында кеңестік империяның ыдырауы мұндай тұжырымға негіздің жеткілікті екендігінің айғағы. Ұлтаралық теңдікті сөз жүзінде емес шынайы өмірде жалпыадамзаттық гуманизм тұрғысынан шеше алмаған билік ертелі-кеш өзін ыдыраудан сақтап қалуы мүмкін емес.
№ 9 Билет
Достарыңызбен бөлісу: |