Қазіргі Қазақстанның тарихи дереккөздеріне негізделген саяси жүйенің сипаттамасы.
Құқықтық дамудың ең негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ең негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы;
-жеке адамның бостандығының кепілі;
-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;
-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;
-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,
-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Саяси режим-мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.
Елімізде құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.
Мемлекетімізде қалыптасқан саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге қатысты реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді.
Сонымен қатар мемлекетіміздің саяси-құқықтық оқиғаларына мемлекет басшысының жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі.
Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп саяси-құқықтық тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.
Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол — қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси-құқықтық өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси-құқықтық сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр.
Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси-құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады.
Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.
Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси-құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді.
Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.
Демек, біздің де бұл мақаламыздағы мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын , саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр.
Осы орайда біз мақаламызда Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық. Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі — халық» туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына, оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған, қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.
Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету».
№ 11 Билет
Достарыңызбен бөлісу: |