Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік



Дата07.02.2022
өлшемі23,72 Kb.
#91219
түріСабақ
Байланысты:
Семинар 1


Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Жоспары:

  1. Тарихи сана,мағынасы,көзқарасын қарастыру;

  2. Тарихи білім мен тарихи сананы ықпал ететін саясатты бөліп қарастыру;

  3. Негізгі ұғымдар (термин) мәлімет жазу;

  4. Жоғарғы оқу орындарының саясаты жас ұрпақтың тарихи сахнасын қалыптастыру жөнінде өз жобамызды ұсыну;

  5. «Тарихи сана ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен ұлттық азаматтық бірегейлігінің негізі» деген ұғымға мысал келтіру;

  6. Батысевропалық теоритиктердің тарих ғылымына қосқан үлестері және солардың теориялары тарихтың дамуына қосқан туралы әсерін жазу;

1-Тарихи сана,мағынасы,көзқарасын қарастыру


Тарихи сана-әлеуметтік филофиялық деген мағынаны береді.Адам баласының рухани мәдениеті ,рухани құндылықтары,рухани таңбасы,үлгісі мен тұлғалық көрінісі арқылы ерекшеленіп отырады.Әрбір тарихи даму жекелеген адамдардың өзіндік қызметін,дамуын тарихи санадан бастау алады.
Сана- философиялық танымның негізі, адамның қабілеті мен рухани қасиеттерінің негізі, адам миының ерекше қызметі, адамның негізгі рухани қасиеті деп айтылады.
Философияда тарих адам санасының табиғатын зерттеуге қатысты антика философиясында, әсіресе, Платон мен Аристотель ілімінде, кейін орта ғасырларда әл-Фараби ілімінде ерекше орын алғаның осыдан-ақ байқауға болады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ дейін тарихи сана ұғымы философтар ілімінде жанның ерекше қасиеті мағынасы ретінде берілген. Кейінгі ғасырларда философияның қалыптасқан ілімдерінде тарихи сана дербес ұғым негізінде зерттеле бастаған. Себебі, адамның тарих субьектісі, мәдени тұлға бейнесіндегі қызметін зерттеуге қатысты сананың құбылысын, табиғатын жеке дара зерттеудің қажеттілігін туғызды.
2-Тарихи білім мен тарихи сананы ықпал ететін саясатты бөліп қарастыру
Сан жылдар бойы отаршылдық сана үстемдігі рухани күйзелісті бастан өткізді, саяси тәуелсіздігіне енді қол жеткізген Қазақстан бүгінгі күні әлемдік тарихтағы уақыт бағаны мен қазіргі заманғы кеңістікте өзін айқындалу міндетімен бетпе-бет кездесіп тұр. Тарихи санадан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр. Қазіргі таңда қазақстандық қоғамда тарихи өзіндік сананы жаңғырту мен мәдени мұраны игеру және оны қазіргі даму үрдісіне лайықты жаңарту өзекті мәселеге айналды.Ұлттық тарих пен мәдениеттің қысымымен ұмыт болған беттерін қайта парақтаудың уақыты келді. Болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау үшін де халықтың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасын игеру, өйткені мәдениет кез-келген ұлттың бірегейлігінің маңызды көрсеткіші болып келеді.
Мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабыңда былай жазған: «Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейтесті сұрақтары – ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «МЕН» дейтін ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтарыболып келеді. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабат- тасқан тарихтың тұңғиығымен де сабақтасып жатқаны белгілі»
Міне,тарихи білім мен сананы бөліп қарастыру үшін де бізге сан жылдар бойы ата-бабаларымыз сақтап келе жатқан тарихты меңгерген жағдайда ғана біз қазіргі заманның тарихың жетік меңгере аламыз.Тарихи білім тарихи сананы білуді жөн көреді,себебі тарихи сана біздің өткен ғасырдағы жағдайды және содан бері дамып келе жатқандағы саясатты бізге жеткізеді.Ал,содан кейін біз тарихи білімдіде қалыптастыра аламыз.
3-Негізгі ұғымдар (термин) мәлімет жазу
Тарихи сана – әрбір халықтың дәстүрі,мәдениетіндегі құндылықтары, әр ұрпақтың мемлекетіндегі болашағы жолында рухани қызметтерінің тарихына ие болуын айтамыз. 
Мәдени сабақтастық дегеніміз-Мәдени байланым өнермен айналысу.Мысалы,салт-дәстүрді сан жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа бері келе жатқанынан-ақ байқасақ болады
Отандық тарихшылар-әр мемлекеттің,ұлттың,елдің өзіндік тарихшылары болады.Олар өз ұлтының,жерінің қандай болғанын зерттеп,қандай қиыншылықтарды өзінің ұлты басынан өткізгенін жеткізіп отыратындар.
Әлемдік тарихи дискуссия- менің ойымша тарих мәселесі бойынша пікір-талас жіне пікір талас арқылы бір мәмілеге келу деп түсінемін.
Маркстік-Лениндік идеология- коммунизм құру болып табылды, әр тарихи кезеңдегі міндеттерді айқындайтын бағдарламалары болғандықтан , ұйымдық құрылымы көрініс тапқан. 
4-Жоғарғы оқу орындарының саясаты жас ұрпақтың тарихи сахнасын қалыптастыру жөнінде өз жобамызды ұсыну
Кез келген мемлекет тарихын білмесе , ұмытса ,ел қайда жүріп , қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмесе, келешекте басына қандай күн туатынына да көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса оның артынша өзінің ана тілі де жоғалады. Сондықтан біздің елімізде кішкентай балаларға мектеп кезінен тарихымыздың қандай болғанын түсіндіреді.Біздің елімізде осылай балаларды кішкентай кезінен тарихты біліп, үйретуге шақырады.Бірақ балалар оны түсіне қоймайды себебі олардың ой өрісі кішілеу болғандықтан қазақстан тарихын жетік меңгере алмайды.Мен 1 курс студенті өзімнің ойымды былай түсіндірсем: егерде балаларға тарихты түсіндіру үшін ойыншықтарын,көретін мультфильмдерін қазақ тарихына байланысы барын көрсету;Сол кезде ғана біз Қазақстан тарихына және Қазақстанның дамуына болашақ ұрпағымыз арқылы зор үлесімізді қосамыз.
5-«Тарихи сана ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мен ұлттық азаматтық бірегейлігінің негізі» деген ұғымға мысал келтіру
Ашығың айтатын болсам кезінде ата-бабаларымыз ұрпағымыз үшін, ел үшін, жер үшін қандай қауіпке барғандарын, мемлекет болып қалыптасуымыз үшін өз өмірлерін қиюға дайын болғандығы жайлы жас ұрпаққа жеткізу, мысалға тәуелсіздік алуымыз үшін Ләззат Асанова, Қайрат Рұсқылбеков,Рахымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова сияқты ата-апаларымыз өз өмірі үшін құрбан еткен.Осындай біздің ата-бабаларымыздың ержүрек екендігін білген келешек ұрпақ ата-бабаларымыз арқылы рух алып, оларда батыр болып, еліміз үшін қолдан келгенің жасар еді.

6-Батысевропалық теоритиктердің тарих ғылымына қосқан үлестері және солардың теориялары тарихтың дамуына қосқан туралы әсерін жазу


Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи оқиғаларға, мәдени революцияға (төңкерістерге) толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің алға басып, қоғамның салаларында өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, мазмұнға ие бола білді. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтере бастады. Қоғамдық өмірдің салаларында жетекші орын ала бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани мәдениетін байытуда айтарлықтай рөл атқара бастады.
Мысалға:жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын түсіндірейің. Екі ғұлама да әлемді өзара бірге байланыстағы бір организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы болатын. Бұл теория — діни, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай теория болып саналса. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім , халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болады, бұл-Аллатағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани мәдени тұрғыдан қарастырсам, бұл — өнер атаулыны жан-дүниеңмен қабылдау болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005

  • Тарих толқынында-Нұрсұлтан Назарбаев-1999 жылы

  • Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы-2018,Алматы қаласы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет