Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы. Бармысыздар, замандастар, әріптес ұлағатты ұстаздар



Дата16.09.2024
өлшемі23,23 Kb.
#204422
Байланысты:
Армысыздар


Армысыздар, құрметті тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы. Бармысыздар, замандастар, әріптес ұлағатты ұстаздар.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!


Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болсын.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,


Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге

Алғашқы жаңа жылдық лебізін жолдау үшін сөз кезегі мектеп директоры Серікұлы Ерболға беріледі.




Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,


Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Ендеше баршаңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамын!


Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,


Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жаңа жыл келіп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.- дей отырып сөз кезегін _________________________________________________________ береміз.


Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.


Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып
Өткізейік дүрмекті,- деп келесі сөз кезегін _________________________________________________________ береміз.

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,


Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. .... орындауындағы ...

Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі қоян жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Арамыздағы әріптестерімізден де жеткен жетістіктері жайлы сұрап өтуді жөн көрдім. Өткен жылда отбасыңызда немесе жұмысыңызда жеткен жетістігіңіз жайлы айта отырсаңыз.




Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Мақсат- арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болғай.
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібеңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2023 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!


Жаңа жылда сізге тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!


Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!
***
Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!
****
Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.
***
Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!
***
Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!
***
Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет