Тарихтан емтихан билеттері жауаптарымен 3-билет Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің»



Дата21.10.2022
өлшемі21,31 Kb.
#154261
Байланысты:
тарих 3 билет


Тарихтан емтихан билеттері жауаптарымен

3-билет


1. Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы.
2. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
Жауаптары:
1. Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы.
Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағы. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізді. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі.
Халқының этникалық құрамы. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан түрды. Олардың ішінде басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле - түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «тү- рік» атауы қалыптасқан. Түрік қағанатының құрамына отыздан аса теле тайпасы енген. Олардың қатарында қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т. б. түрік тілдес тайпалар болды.
Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресі. Саяси жағдайы. 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт жужандардың (авар) тепкісін көрген түріктер оларға қарсы бас көтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын қаған Анағүй қағанға «маған қызын әйелдікке берсін» деп елші жібереді. Мұны естіген Анағүй қаған ашуланып, «менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды екен» деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жәбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді.
Бумын қаған қытай елімен саяси байланысты бұрынғыдан да нығайта түседі. Оның белгісі ретінде ол қытай әмірінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің беделін басқа елдердід алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп Түрік кағанаты біртіндеп күшейе бастайды.
Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан кағандығының қол астынан біржола босанып, азаттық алу мақсатында қарсы соғысады.552 жылы Жужан кағандығы тас-талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. Өзінің кол астындағы кұлдарынан мұндай масқара жеңіліске ұшыраған Анағүй қаған намыска шыдамай, өзін-өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын қаған «елхан» деген атақ алады. Бумынның орнына баласы Қара-Еске каған болады. Оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Алайда ол ұрыста қаза тауып, билік оның інісі Мұқан қағанға көшеді. Бұл оқиғалар 552—554 жылдар аралығында өткен
Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықта жаткан тайпаларды өзіне каратса, ал шығысында Сары өзенге дейінгі аралыктағы кай (татабтар), кидан, оғыз-татар т.б. тайпаларын бағындырады.
Түріктер өз биліктерін тек шығыста ғана емес, батыс бағытта да жүргізе бастаған. Бұл кезде билік еткен Бумын кағанңың басқа бір інісі Иштеми 10 түмен қол бастаған, оның кол астында Батыс түрік тайпаларының он колбасшысы болған. Қаған осы күшпен ху елін көрші елдерді жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тай- паларды бағындырды.
Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Аз уақыттың ішінде олар Орта Азияның ішкі аумактарына дейінгі жерлерді жаулап алады.
VI ғасырдың 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздін солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VI ғасырдың екінші жартысындағы Түрік кағанатының билігі Азиянын біраз аймағын камтыды. Қытай, Иран, Византия сияқты атақты ірі мемлекеттер мен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттін біріне айналады.
Түрік қағанатының ыдырауы. Кең-байтақ жерді алып жатқан Түрік кағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған, күшті ел бола алған жоқ. Қаған әулетінің арасында билік үшін талас-тартыс басталды. Басқа халыктар өз тәуелсіздіктері үшін бас көтеріп, Қағанатқа қарсы күрес жүргізді. Сонымен қатар ұлан-ғайыр жерді мекендеген халықтар не саяси, не экономикалык жағынан бірлікте болмады. Осындай себептердің салдарынан 581 жылы кағанаттың өз ішінде соғыстар басталады. Бұл жағдайды өз пайдасына шешуге тырысқан Қытай және басқа мемлекеттер оньң жеріне шабуылдарын күшейтеді. Ал Түрік кағанаты оларға бірігіп қарсы тұрудың орнына жеке-жеке ұлыстарға бөліне бастайды. Ақыр аяғында 603 жылы Түрік кағанаты екіге бөлініп, ыдырап кетті.
2. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
Сібір қазақтары туралы жарғы. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының жарғысы елеулі рөл атқарды. “Сібір қырғыз-дары туралы жарғы” деп аталатын бұл заңның басты мақсаты — онсыз да бытыраңңылыңқа ұшыраған қазақ даласында хандық басқаруды біржолата жою болатын. Мұны жүзеге асыруға 1817 жылы Орта жүздегі Бөкей ханның қайтыс болуы және 1819 жылы Уәли ханның ңайтыс болуы қолайлы әлеуметтік саяси жағдай қалыптастырды. Патша үкіметі енд Орта жүзде хан сайлауға тыйым салды. Жоғарыда аталған жарғы оны жасаған Н.Н.Сперанскийдің басшылығымен жүзеге асырыла бастады. Енді Орта жүзде хандық билік таратылды және оның орнына “Аға сұлтандар институты” деп аталатын басқару жүйесі енгізілді. Орта жүз әкімшілік ' жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50—70 шаңырақтан, болыс 10—12 ауылдан, округ 15—20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар — Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40—50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Бұлардың халық саны жыл сайын өзгеріп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы округінде 60 мыңға жуық, Аякөз (кейіннен Сергиополі,) округінде 40 мыңнан астам көшпелі қазақтар тіркелді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің, іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстың басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Өз өкілдерін — Шыңғыс әулеті тұқымдарын аға сұлтандыққа өткізуге тырысқан ақсүйектер арасындағы өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.


3.Ақ Орда мемлекетінің жер аумағын картаға бейнеле Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет