«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер


Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері



бет8/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері


Жоспар:
1.Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Оқытудың «әдісі» мен «тәсілдер» ұғымдарының қатынастылығы.
2.Тарихты оқыту үрдісіндегі әдістер мен тәсәлдердің танымдық, тәрбиеләк, дамытушылық ролі.
3.Тарихты оқыту әдістерінің жіктелуі

Оқыту әдістері дегеніміз - оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері. Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс дегеніміз - мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. Әдістер қалай оқыту керек деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет-жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің субъектісі де, объектісі де оқушының өзі.


Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. Әдетте мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал жеке оқыту әдісі таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы педагогикалық- психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен, тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданылады.
Әдістерді топтастырғанда бірнеше негіз басшылыққа алынады. Мысалы: 60 жылдары логикалық ойлау операциялары негіздерінде индуктивті, аналитикалық әдістер, дидактикалық мақсатта материалды оқып-үйрену, бекіту, алған білімді тексеру әдістері орын алды. Ғалымдар мен әдіскерлер білім көзіне (сөздік, көрнекі, практикалық және оқушылардың танымдық әрекетінің дербестік деңгейіне қарай әдістерді топтастыруға ерекше ден қояды. Танымал дидактиктер М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің үнемі артып отыратындығын ескеріп, оқыту әдістерін топтасырудың мынадай әмбебап жүйесін жасады. Оларды салыстыра талдап көрейік.



Оқыту әдістері

М. Н. Скаткин бойынша

И. Я. Лернер бойынша

ақпараттық-нұсқаулық

түсіндірмелі-безендіру

қайта жасау әдісі

қайта жасаушы әдіс

өзекті мәселені мазмұндау

өзекті мәселені мазмұндау

эвристикалық

ішінара ізденушілік

зерттеушілік

зерттеушілік

Қайта жасаушы әдістер дайын білімді мұғалімнің мазмұндауы және оқушының игеруімен байланыстырылады. Жоғарыдағы кестеде келтірілген алғашқы екі әдіс осы топқа жатады. Басқа әдістер — өнімдік әдістерді құрайды. Олар үш бағыттан тұратын оқушылардың дербес ізденушілік әрекеттерімен байланысты: 1) ізденуге танымдық және практикалық тапсырмалар мен міндеттерді қосу (құжаттармен, тарихи карталармен, атистикалық мәліметтермен жұмыс, археологиялық қазбаларға ығысу), 2) мұғалімнің нақты жағдайды дәлелдеу және мазмұндауда таным процесіне жол ашу, 3) мұғалімнің басшылығымен оқушылардың тұтас зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру (талдау және деректерді жинақтау негізінде құжаттарды, ғылыми әдебиеттерді зерттеу).
Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер
Сабақтағы жанды сөз монологтық (тарихи материалды мұғалім немесе оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді.
Тарихты оқытуда мұғалімнің ауызекі сөзі жетекші рол атқарады. Оның көмегімен оқушыларға тарихи білім беріледі және олардың танымдық әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөз — адамзаттың жүйеленген және жинақталған тәжірибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалімнің жанды сөзі оқу процесіне ғылымның соны жаңалықтарын, қазіргі күннің мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Ауызекі сөз ең бастапқы білім көп бола тұрып, басқа да білім көздерін қолдануға көмектеседі.
Тарих сабағындағы мұғалім сөзі біріншіден, ақпараттық қызмет атқарып, өткен кезбен бүгінгі күннің тұтас болмысын жаңғыртады.
Екіншіден, қисынды қызмет атқарып, оқушылардың санасына адамзат ойының ақиқатқа ұмтылған дәлелдік қуатын сіңіреді. Үшіншіден, тәрбиелік қызмет: атқарады.
Сөз - ең көне қатынас құралы. Социолог Вильбур Шраммның зерттеуі бойынша адамның ауызекі сөзден жазуға көшуіне 500 млн. жыл керек болса, қолжазбадан баспа жазуға дейін 5 мың жыл, ал баспа жазудан теледидарға дейін 500 жыл қажет болды. Ал теледидар мүмкіншілігі бар ұрпақ өмірінің ішінде компьютер жетістігіне ұласты. Осылайша сөздің қатынас құралы ретіндегі маңызы артып, ол жаңа қасиеттермен танылуда.
Сөз ауызша сөзге де, жазба мәтінге де қажет болғандықтан сөздік әдіс ол ауызша және сөздік-баспалық болып екіге бөлінеді. Сөздік әдіс оқушы мен мұғалім бірлесе жұмыс жүргізіп, бір-бірімен сөздің көмегімен байланысқанда, ал сөздік-баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданылады.
Оқытудың көрнекі әдістері де сөзбен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сұлбалар, кестелерді, тарихи карталар мен картиналарды, тақта мен борды, экрандық құралдарды қолдануды қажет етеді. Бұл әдіс қандай тәсілдерді қолданғанда да бірнеше элементтерден құралады. Мысалы, тарихи картинаны пайдаланғанда мәселе қою, оның мазмұнын оқушылардың талдауы және талқылауы, қорытынды әңгіме жүргізу сияқты бөлімдерден тұрады.
Практикалық, әдістер оқу пәні әрекетінің ерекшеліктерінен туындайды. Тарихты оқытуда бұл макет, үлгі жасап, сұлбалар дайындауда қолданылады.
Осылайша, оқытудың барлық әдістерінде сөз қолданылса, ол таза күйіңде тек сөздік әдістерде пайдаланылада. Басқа әдістерде сөз тиісті оқу құралдарымен бірге - жазба дерек көзі, оқу және көрнекі құралдармен аралас қолданылады.
Тәсілдердің көп түрлілігі
Әдістердің құрамды бөлігінің бірі - оқушылар мен мұғалімдердің әрекетінің тәсілдері. Әдістемелік тәсілдер оқыту тәсілдерінің жиынтығы, яғни мұғалім әрекетінің тәсілі және соған сәйкес оқушы әрекеті тәсілдерінің жиынтығы.
Тәсіл ұғымы ретінде сөздік немесе жазба-кескіндемелік әрекет түсіндіріледі. Тәсілді көруге немесе естуге болады. Сонымен, әдістемелік тәсілдер дегеніміз — нақты міңдетті шешуге бағытталған әрекет. Бұл тәсілдер нақты нәтижеге жету үшін орындалады және ол бірнеше әрекеттердің тізбесінен тұрады. Оқу жұмысының тәсілдері мұғалім әрекетінің тәсілдеріне тәуелді, өйткені бастамашылық бұл жерде мұғалімнің қолында.
Жазба-кескіндемелік тәсілдерге мыналар жатады: оқиғалардың күнтізбесін жасау, таблица, жаңа сөздер сөздігі, жоспарлар, логикалық сұлбалар, сурет салу, кескін карта толтыру. Сол сияқты оқулықпен, түрлі сөздік-баспалық мәтінімен жұмыс жүргізудің де тәсілдері бар. Мысалы: оқушылар хрестоматия, Оқулықтағы құжаттарды талдайды, синхрондық кесте жасайды.
Бір мемлекеттің дамуының барлық кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру үшін мұғалім хронологиялық бірізділікпен маңызды оқиғаларды негізгі даталармен бірге кестеге тізуге тапсырма береді. Сондай синхронды кестені «Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілерінің өмірі мен шығармашылығы» деген тақырыпта түзуге болады.



Жылдар

Леонардо до Винчи

Микеланджело

Рафаэль

1450

1452 ж. дүниеге келді







1460

Верокинодағы шеберхана "Гүл ұстаған Мадонна"

1475 ж. дүниеге келді






1480

Миланға кету

Гирландайодағы шеберхана

1483 ж. дүниеге келді

Сондай үлгімен синхронды кестелерді жекелеген елдердің тарихи даму жағдайына байланысты түзуге де болады. Сол сияқты жеке мемлекеттік немесе тарихи тұлғаның хронологиясын жасау тарихи ұғымдарды, түсініктер мен деректерді уақыт шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушыларға осындай үлгідегі кестелер түзудің әдістерін, тәсілдерін меңгерту арқылы олардың алған тарихи білімдерін жүйелеп, салыстыру және дербес қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоюы тиіс.
Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көптігі мұғалімге оларды пайдалануда кең мүмкіндік берумен бірге әр тәсілді парасаттылықпен орынды қолдануды талап етеді. Ойластырылмай, пайдаланылған оқыту мен тәрбиенің әдіс, тәсілдері оқушының дүниетанымының, көзқарасының қалыптасуына нұқсан келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет