«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер



бет5/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Семинардың тақырыбын таңдағанда төмендегілерді ескергсн дұрыс.
1) Семинар көбіне енді оқытылатын жаңа тақырып бойынша ұйымдастырылады, бірақ онда қарастырылатын бірқатар мәселелср оқушыларға бұрыннан таныс болғаны тиімді.
2) Алынған тақырып білімдік, тәрбиелік, оқушылардың ойлау қызметін дамытушылық жағынан маңызды әрі қызықтыратын болуы тиіс. Демек семинардың өтілін жатқап үлкен тақырыптың орта тұсында немесе соңғы жағында ұйымдастырылғаны тиімді.
3) Барлық оқушыда оқулыққа қоса 2-3 қосымша әдебиет болуы керек.
4) Оқушыларда өздігінше жұмыс істеудің бірқатар біліктері қалыптасқан болуы тиіс: қысқаша хабар, баяндама жасау, талқылауға қатысу, басқа адамның жауабына пікір айту т.б.
Қазақстан тарихынан мұндай тақырыптар жеткілікті. Мәселен, қазір 9 сыныпта пайдаланылып жүрген бағдарлама бойынша 1837-1847, 1836-1838 жылдардағы және XІX ғасырдың 50- жылдарындағы қазақ шаруаларының патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарына 3 сағат уақыт бөлінген.
Бағдарламаға сәйкес оқулықта да тарихи материал үш тақырыпшамен берілген (Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы. 9. Алматы, "Рауан", 1998, бесінші басылымы, §9, §10, §11). Осы үш тақырыпты оқытудың семинар формасымен 2 не 3 сабақта өтуге болады. Әрине алғашы сабақ түгелге жуық Кенссары Қасымұлы бастаған қозғалысты жан-жақты, тереңірек оқытып үйренуге арналады, ал қалған екі тақырыпша бойынша семинар ұйымдастырылады. Семинар-алғашқы тақырыпты қайталауға да, кейінгі екі тақырыпшаны толық оқытып үйретуге де мүмкіндік береді. Өйткені, бұл тақырыпшалардың мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрі қосымша пайдаланатын әдебиеттер де жеткілікті.
Семинарды дайындауға және өткізуге төмендегідей әдістемелік талаптар қойылады:
а) Семинардың болатыны 3-4 апта бұрын оқушыларға ескертіледі, қаралатын мәселелер, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі беріледі. Бір сағаттық семинарға 3-4 сұрақ жеткілікті;
ә) Оқушылардың келісімімен негізгі және қосымша баяндамашылар белгіленгені дұрыс. Міндетті, қосымша әдебиеттерді оқушылардың бәрі оқиды, оған қоса шағын кітапша не бір-бір мақала оқыса өте жақсы;
б) мұғалім баяндамашыларға кеңес-консультация береді, әдебиеттер таңдауына, кітапханада каталогтар мен ғылыми, мемуарлық әдебиеттермен жұмыс істеуіне, үзінділер, шифрлар, фактілер, сөздіктер алуына, библиография жасауына көмектеседі;
в) мұғалімнің өзі де жақсы дайындалуы тиіс. Семинардың мақсатын дәл анықтап, жоспарын ойланып жасайды, уақытты дұрыс пайдалануды жоспарлайды. Ұсынылған әдебиеттердің бәрін өзі оқып шығады, кіріспе, қорытынды сөзін, әр сұрақ бойынша сөйлейтін сөздерін күні бұрын ойланады.
Мектептік лекция. 9-11 сыныптарда кейбір тақырыптарды лекция етіп өткізуге болды. Ол үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
1) тақырып көлемді әрі күрделі, қоғамдық - саяси мазмұны бар, құбылыстар мен оқиғалардың заңдылығын ашып көрсететін, жан-жақты, терең ғылыми талдауды қажет ететін ("30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі," 10 сынып; "Тәуелсіз Қазақстанның ішкі жағдайы" - 1992-1995 ж.ж., 11 сынып т.б.) болуы тиіс;
2) бағдарламалық материалдың теориялық жағы басым болса ("ҚР-ның келешектегі қоғамдық-саяси дамуы", Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" еңбегін пайдалана отырып);
3) жыл аяғында өтілген материалды қайталау кезінде, әсіресе тарих пен "Адам және қоғам" пәндсрінен мектеп бітіретін сыныпта шолу лекциялар ұйымдастыруға болады.
Мектеп лекциясына қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар:
1) лекция оқушыларды пәнге қызықтыруда, олардың саяси-қоғамдық, тарихи білімдсрін толықтыруда, дүниеге ғылыми көзқарасын, тарихи ойлауын қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Мұның өзі мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді, ол тақырыпты ғылыми жағынан терең білуі, жақсы сөйлеуі тиіс.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетгі. Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде-біреуі атқара алмайды. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты — оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңындағы: «...ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, республиканың қоғамдық-саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге көмектесуі тиіс» - деген міндеттерді орындауға күш салады.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті — жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халыққа білім беру саласы алдында тұрған жалпы міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады: Олар:
— саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, күресіне, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-әрекетіне көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге, соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту;
— тарих ғылымынын соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылыми мәселелер бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, көптүрлілігін нақты дәлелдермен көрсету;
— Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқиғаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
— Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру Қазақстан төл мәдениетінің дамып өркендеуін, қазақстанды мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар арасындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, жетілдіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу;
— Кеңес өкіметі тұсыңда Қазақстанда қол жеткен табыстарды, сондай-ақ кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді, әсіресе қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен нәубеттерді, олардың себеп-салдарын тарихи шындық тұрғысынаи ашып көрсету, XX ғасырдың 20-30 жылдарыңдағы идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін, олардың қызметін, жүргізген идеялық күресін толығырақ баяндау;
— Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа курстарымсн, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру;
— діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін, сондай-ақ оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету т.б. Мұнаң басқа да, әсірссе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі. Олар арнаулы тарауда баяндалады.
Қазақстан тарихын оқытуға қойылып отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттер бұл бағдарламаның мүлде жаңа, өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз болып отыр.
Ол Қазақстан жеріндегі адамзат тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар біршама жүйелі, аяқталған білім алады.
Курстын құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. Ол төмендегіше бөлінген: 5-сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен, тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір қамтылады; 6-сыныпта — тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан бастап б.з. V ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта — орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (б.з. Ү-ХҮІІІ ғ.ғ.), 8-сыныпта — жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХҮІІІ-ХХ ғасырдын 1914 жылына дейін), 9-сыныпта — қазіргі заманғы Қазақстан тарихы (XX ғ. 1914-2000 жыл) оқытылады. Соңғы үш сыныптан бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт курсын қатар оқыту және басқа сабақтарда тарих пәнінің жүйелі курсын оқуға қажетгі біраз дайындық алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын баяндайтын әңгімелермен танысады. Бағдарламаны құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихының жүйелі курсын бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде қиындық туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға бөлінген уақытгың тең жартысын "Тарихқа кіріспе — тарихқа саяхат" деген бөлімге арнауды ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш мектепте алған тарихи білімдерін одан әрі жалғастыра отырып, тарих қандай ғылым, менің әулетім, біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным, картадағы тарих т.б. сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері — топопимика, архитектуралық ескерткіштер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет