Тарихи түсініктерді қальптгастыру. Тарих пәнінің көптеген пәндерден ерекшелігі - негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды құр атап айта салсақ оқушыда ешқандай білім қалыптаспайды. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады, ол екі тәсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы - демек көрнекі, техникалық т.б. көрінетін құралдар көмегімен және мұғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды білуіміз керек. Тарихи түсініктер үш түрлі обьектілер туралы қалыптасуы тиіс.
а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық өмір-тұрмыс (еңбек құралдары, адамдар кәсібі, шаруашылықтың түрлі салалары т.б.), әлеуметтік-саяси өмір (әртүрлі таптардың өкілдері: құл, феодал, капиталист, жұмысшы, мемлекеттік құрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс тарихының оқиғалары (қару-жарақ, шайқас алаңын әскерлердің орналасуы), тарихи-мәдени өмір (халық тұрмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.
ә) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті, ұзақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрменді дамуын түсінуге мүмкіндік береді.
б) тарихи кеңістік туралы (тарихи оқиғаны сол әрекет-қимыл болған жермен байланыстыру, тарихи оқиғаны локализациялау - жергіліктендіру...) тарихи география —географиялық ортаның оқиғаның, қоғамның, мемлекеттің т.б. дамуына қалай әсер ететіні туралы түсінік калыптастырады.
в) тарихи қозғалыс.
Сөйтіп тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырылады екен.
Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін көптеген әдіс, тәсілдер қолданылады: ауызша әдістермен қатар, көрнекі құрал, әсіресе-бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы, қосымша әдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрліше.
Тарихи ұғымдарды қалыптастыру. Кез келген пәнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның ұғымдар жүйесін меңгеру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих панін жеті жыл оқығанда оларда 300-дей ұғым қалыптасады. Әрине олар тек тарих пәнінің ұғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде ұғымдарды қалыптастыру, маңызды орын алады.
Оқыту барысында тарихи түсінік те, ұғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айырмашылығы мынада. Тарихи түсінік әр оқушы да түрліше қалыптасуы мүмкін, ал ұғым бәрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс. Тарихи материалдың мазмұнына қарай ұғымдар сұрыпталады, оның да ұстанымдарын жақсы білу керек. Өйткені оқулықтарда кездесетін бірқатар ұғымдар басқа пәндермен байланысты. Мысалы, экономикамен: инвестиция, нарықтық экономика, дағдарыс сияқты. Тарих ғылым, пән ретінде аса манызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары жоқ. Әбу-Насыр Әл-Фараби "Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын" - десе, А.Байтұрсынұлы "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих" - деп өте жоғары бағалаған.
Осыдан болар әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айырықша ден қойды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің еңбектерінде тарихты оқып білу неліктен қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. Оның Қазақстан тарихын оқып үйренудін қажеттігі туралы: "Бұл – тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз.
Бұл - әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.
Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқыты өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кен байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын" деген сөздерін "Ежелгі Қазақстан тарихы (5 сыныпқа арналған, «Атамұра» 2001) оқулығының авторлары барлық оқушыларға арналған үндеу ретінде оқулықтың алғашқы бетіне жазыпты.
Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектенте 5 ші сыныптарда оқытылады, жоғары оқу орынына түсерде осы пәннен емтихан қабылданады, "Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындау туралы Ереженің шарты бойынша олардың Қазақстан тарихынан білімі сыналады.
Осы аталған және басқа да шаралар оқу орындарында бұл пәннің оқытылу сапасын жақсартуға үлес қосып келеді.
Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге әдебиет көптеп шығарылуда. Бұлардың қатарына бес томдық Қазақстан тарихы акдемиялық басылымның, алты томдық Қазақстан энциклопедиясының жарыққа шығуын, тоғыз томдық "Қазақтар" жинағын, белгілі жеке қайраткер туралы шыққан көптеген кітаптарды қосуға болады. 1990-2000 жылдар аралығында 5-11 сыныптарға арналған осы пәннің жеті оқулығының әрқайсысы 3-5 реттен қайта басылды. 1998 жылы Мемлекеттік білім стандартының қабылдануына байланысты барлық мектептік пәндерден, солардың арасында тарихтан да жаңа бағдарламалардың жобалары жасалды. Осы бағдарламалар негізіңде тарих пәнінен 5-9 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешені дайындалды 2001-2003 оқу жылдарында 5-6 сыныптар жаңа бағдарламалар мен оқулықтарға көшті, енді екі-үш жылда 7-9 сыныптар да көшеді. Әр сыныпқа арналған үш оқу-әдістемелік кешеннің біреуі сол сыныптағы тарих курсы бойынша сабақтардың әдістемелік жоспарларына арналған. Сөйтіп, Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге де қажетті бірқатар құралдар жарық көрдіҚазақстан тарихын оқытудағы тағы бір басты міндет – пәнді оқытудың қазіргі ғылыми-әдістемелік талаптарға сай кегін әдістемелік жүйесін жасау. Мұндай әдістемелік жүйеде пәнді мектепте оқытудың басты басты теориялық ғылыми-әдістемелік іргелі мәселелері қарастырылады. Біздің пәніміз тұрғысынан алсақ ол пән Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі деп аталады.
Мұндай әдістемелік құралдар тұжырымдармен қорытындыларды, идеялар мен ұсыныстарды көшбасшы мұғалім басшылыққа алып, ойдағыдай жүзеге асырғанда ғана жас ұрпаққа өткен тарихымызды нәтижелі оқытып үйретеміз. Міне біздің көпшілік оқырмандарға, алдымен мектептің тарихшы мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының болашақ тарихшы мұғалімдеріне ұсынып отырған еңбегіміз осындай әдістемелік құрал.
Іс жүзінде аса қажеттігіне қарамастан бұл әдістемелік құралды мұнан бұрын шығаруға болмайтын еді. Жаңа бағдарламалар мен жаңа буын оқулықтары барлық мектепте пайдаланылып сынақтан өтпей, алғашқы тәжірибелер зерттелмей жаңа оқулықтармен жұмыс істеудің әдістемесін жазу мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан да біз тарихшы мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстарды жорнал мақалалары, кейінгі жылдары баспадан шығып жатқан шағын әдістемелік құралдар сабақ жоспарлары арқылы көрсетіп отырдық.
Бұл еңбекті жазуда Кеңестік және Қазақстандық педагогика ғылымындағы, әсіресе оның практика саласындағы, сондай-ақ білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары; Қазақстан тарихын оқытудың ұйымдастыру формалары; оқытудың әдіс, тәсілдері: дүниежүзілік халық-ағарту саласындағы өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; автордың ұзақ жылдар бойы Республиканың түрлі аймақтарындағы мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, көптеген алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің, сондай-ақ автордың жеке өзінің мектепте сабақ беріп, жоғары оқу орындарында лекциялар оқып, семинар сабақтарын жүргізу тәжірибелері де осы еңбекке арқау болды. Тың тақырып бойынша тұңғыш жазылып отырғандықтан бұл еңбектің тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерімен қатар, Қазақстан тарихы мектеп курсының даму, қалыптасу тарихы да қарастырылады. Еңбек 18 тараудан тұрады. Әр тараудың мазмұнына, көлеміне қарай ол бірнеше параграфтарға бөлінген. Тараулардың тақырыптары осы курсты оқыту теориясы мен әдістемесінің іргелі мәселелерін қамтиды Олар: Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесінің пайда болуы, дамып қалыптасуы; Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі ғылыми, қоғамдық-педагогикалық пән; пәнді мектепте оқытудың әдіснамалық мәселелері; пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері; мектептегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы мен мазмұны; тарихи материалдардың тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары сияқтылар.
Соңдай-ақ өтілген материалдарды қайталау, пәнаралық байланыс тарихтан мемлекеттік стаңдарт талаптары, сыныптан тыс жұмыс, өлкетану жұмысын жүргізу, тарих кабинеті-тарих мұғалімі сияқты мәселелерге де жеке тараулар арналған. Тараулардың атының көбі тарихты оқыту әдістемесінде бұрыннан таныс екендігіне қарамастан, олардың ішкі құрылымы мен мазмұны мүлде өзгеше. Оның үстіне бұл еңбекте әдістеменің бұрыннан белгілі тақырыптары салыстырмалы түрде қысқаша баяндалады да, тікелей Қазақстан тарихы пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты тақырыптар, мәселен: осы пәннін оқыту теориясы мен әдістемесінің қалыптасуы, оны оқытудың мақсаты мен міндеттері, пәнді оқытудың әдіснамалық мәселелері, білім мазмұнын анықтау ұстанымдары, білім мазмұнынын ұлттық дерек көздері, тарихи білімнің мемлекеттік білім стандарты және білімді тексеру, бағалау жолдары т.б. толығырақ баяндалады.
Мемлекеттік білім стандартының ендірілуіне байланысты енді оқытудың нәтижесіне, демек оны анықтауға бұрынғыдан да гөрі баса назар аударылуы тиіс.
Оқыту нәтижесін тексеру әдіс-тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене түсетіндігін, оның жаңа компоненттермен толығатынын өмір көрсетіп отыр. Кейінгі жылдары мерзімді баспасоз беттеріндс оқушылардың оқу пәнінен алатын базалық білімінің мүмкін және міндетті деңгейлері, олардың дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, сол талаптардың жүзеге асуын анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері жарияланды. Тарих пәнінен де осындай үлгілер дайындалды және олар осы курстың жаңа бағдарламаларының құрамына ендірілді.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан оны үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. Алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп алған дұрыс.
Тарих пәнінен оқушылардың білімін, біліктілігін, тарих сабақтарында қалыптасқан тәрбиелілігін тексерудің ең қолайлы жолы ауызша тексеру. Оның бірнеше тиімді жағы бар. Оқушы жауабын тыңдай отырып, мұғалім шәкіртінің тарихи білімінің шамасын, білім өресін, тарихи ойы мен тілінің қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын, тарихи ұғымдар мен терминдерді, негізгі даталарды меңгеру деңгейін, ойлау қызметінің қаншалықты дамығанын т.б. анықтай алады. Оқушы жауап беріп тұрып, басқа қажетті құралдарды: картаны, оқулықты, тақтаны, басқа да құралдарды қатар пайдалана алады. Білімді, әрі жақсы сөйлейтін оқушының сындарлы жауабы басқа оқушыларға пайдалы әсер етері сөзсіз.
Сол сияқты білімі нашар оқушы болса, төмен жауабы үшін өзі де білімі сол деңгейдегі басқа оқушылар да қысылады. Бірақ оқушының ауызша жауабын барлық оқушы, әсіресе мұғалім мұқият тыңдай отырып, оның толықтығына, беріктігіне, оқушыда тәрбиеліліктің қалыптасу дәрежесіне назар аударғаны, оның ойлау қызметінің даму дәрежесін анықтағаны дұрыс. Ол үшін төмендегі талаптарды ескеру керек.
а) Оқушы сұрақтағы негізгі объектіге қатысты барлық білімді білетін болса, білім толық деп есептелінеді; осы сұрақтағы білімнің басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді; ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін өзі ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп есептелінеді. Сондай-ақ білімнің саналылықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез келген ситуацияда шапшаң пайдалана білуге де бірқатар талаптар қойылады.
ә) Оқушылардың алған білімдері олардың тәрбиелілігіне әсер етті деп есептелінеді, егер де оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің ішкі сезіміндегі, сеніміндегі, жан-дүниесіндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғалар мен үрдістерге өз тұрғысынан баға берсе, тарихи оқиғаның, құбылыстың мазмұнына қарай ренжу, қуану т.б. сезімдерін байқатса.
б) Оқушы өзінің жауабында кездесетін тарихи оқиғаларды бұрын болып өткен осындай 2-3 тарихи оқиғамен (7-8 с.) салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп бере алса, ал жоғары (9-11с.) сынып оқушылары ол ұқсас белгілер арасындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіріп бере алса, мұның өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді.
Оқыту нәтижесін анықтаудың басқа да жолдары бар. Соның бірі - оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе, мәселен, көтерілістің негізгі себебін, басталуын, негізгі оқиғаларын, басшыларын, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы көтерілістің себептерін, оның ішіндегі негізгі себептерін айырып көрсете алса, сылтауын, қорғаушы күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне нақты мысал келтірсе, халық алдындағы басқа қайраткерлік қызметін білсе, көтеріліс оқиғаларын басынан аяқталуына дейін түгел біліп, картадан көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, онда бұл жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады. Мүмкін деңгейге шек қойылмайды. Сұрақтың жауабын бұлайша екі деңгеймен анықтау да оқушының тарихи білім дәрежесін нақты көрсете алмайды. Сондықтан бірқатар пәндерден сұраққа берілген жауаптың дәрежесін санмен белгілеп, оларды 3-4 -ке дейін апарады. Мұны математика, химия, тіл сабақтарында тиімді пайдалануға болар.
Ал тарих пәнінен оқушылардың меңгерген білім дәрежесін берілген сұрақты бірнеше шағын білім элементтеріне бөліп анықтауға да болады. Ол үшін сұрақтың білім элементтерін айыра білуге жаттығу керек. Мәселен, 9-11 сыныптарда тарихтан оқушыға қойылатын негізгі сұрақтың білім элементтері 6-7 ден 11-12 дейін жетеді. Осы элементтерді нақты 10 деп алсақ, оқушы соның 6-ына толық жауап берсе, 1-деңгей (оқығанын, түсінгенін қайта айтып береді), 8-9-ына жауап берсе, 2-деңгей (өз сөзімен еркін айтады, дәлелдейді), 10 элементті түгел, толық айтса, 3-деңгей (сұрақ, жауабын өзінше пайымдап, толық айтады, өз пікірін білдіреді, қорытындылар жасайды). Ал 4-деңгейге жету үшін оқушы жауабы алғашқы үш деңгейлерге қойылған талаптарға қоса, өмірден нақты мысалдар келтіре алуы, алған білімін кез келген жағдайда шығармашылықпен пайдалана, қолдана алуы керек. а) Оқушылар білімі алдымен жаңа материалды оқып, үйрену барысында тексеріледі. Мұнда оқушылардың негізгі тірек фактілерді, ұғымдарды, жасалған ғылыми қорытындылар мен тарихи фактілерге берілген бағаларды қаншалықты түсінгендігі анықталады, екінші жағынан, мұғалім оқушылармен әңгімелесіп, қойған сұрақтарына жауап ала отырып, олардың бұрын өтілген, бүгінгі материалға ұқсас мәселелерді қаншалықты есте сақтағандығын да анықтайды. Әсіресе жеке қайраткерлердің есімдерін, тарихи атауларды, ұғымдардың белгілері мен анықтамаларын, себептік-салдарлық байланыстарды, негізгі тарихи даталарды қаншалықты білетіндігін байқайды Өтілген оқу материалын оқушылардың қаншалықты меңгергенін анықтаудың тағы бір тәсілі олардың өздеріне қорытынды жасату немесе жасалған қорытындыларға баға бергізу, тарихи фактілерге, жеке қайраткерлердің қызметіне өзінің көзқарасын, пікірін білдірту.
Жаңа материалды оқытып-үйрету барысында жүргізілген білім тексеру әрбір жеке мәселені түсіндіріп болғаннан кейін ілеспелі немесс жаңа сабақты түгел түсіндіріп болғаннан кейін пысықтау ретінде де ұйымдастырылады.
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтап басқа формалары (түрлері)
Тарих пәнінен оқушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан әрі дамыта түсу, тәрбиелілігін жақсарту мақсатында, сондай-ақ олардың талап-тілегін қанағаттандырып, таным белсенділігін арттыра түсу үшін тарихты оқытудың сабақтан басқа да түрлері қолданылады. Олар дидактикада ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәлелденіп, мектеп тәжірибесінде көптен пайдаланылуда. Бұлардың қатарына тарихты оқытудың мектептік семинары, мектептік лекциясы, лабораториялық-практикалық т.б. формалары жатады. Біз бұған дейінгі шағын монография түріндсгі әдістемелік еңбектерімізде (194) Қазақстан тарихынан оқытудың мұндай түрлеріне тоқталған жоқпыз. Оның басты себебі ол кезде мұғалімдер мен оқушылар үшін қосымша құралдардың жоқтығы еді. Қазір мұндай құралдар жеткілікті. Қазақстан тарихының мектептік себепары. Әдетте кейбір мұғалімдер семинарды оқытудың конференция-сабақ, қайталау сабақтарымен шатастырады, Ондай жаңылысуларға жол бермеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек. Семинарды конференциямен жаңылыстыру тәжірибеде кездесетін қателіктердің бірі. Ұжымдық талқылаусыз семинар болмайды. Тағы бір қателік - семинарды қорытынды-қайталау сабағымен жаңылыстыру: онда оқушылар тек тақырыпта оқып үйренген материалға ғана сүйене отырып сөйлейді.
Үшінші қателік - семинарды лабораториялық-практикалық сабақтармен шатастыру. Осы жағдайлар мектептік семинардың кейбір белгілерін атап көрсетуді қажет етеді.
а) семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңа шыққан әдебиеттерді, алғашқы деректерді өздігінен оқып үйренеді; семинарда міндетті түрде жаңа материалды да оқып үйрену көзделеді;
ә) семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау жүзеге асады.
Сонымен семинардың алдында барлық оқушы өздігінше жұмыс істеулері қажет. Тіпті, жекелеген оқушылар мұғалімнен ерекше, жеке тапсырмалар алған күнде де, қалған оқушыларға өздігінен жұмыс істеуді және оны қорытындылауды мақсат етеді.
Қазақстан тарихынан мектептік семинар 8-11 сыныптарда оқу жылында 3-4 рет ұйымдастырылса жеткілікті. Алынған тақырыптың көлемі мсн мазмұнына қарай бір не екі сағаттық болып ұйымдастырылуы мүмкін.