Білім беру мазмұны – оқу іс әрекетінің нәтижесі, оқуды аяқтауда талап етілетін нәтижелер. Ғылыми білімдер, дағды мен ынта, дүниеге көзқарас, таным, шығармашылық іс тәжірибелердің оқушылардың оқу арқылы меңгеруі, қоғамдың іс тәжірибенің ұрпаққа берілуі.
Білім беру мазмұнының бағыттары : білім, іскерлік, дағды.
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар :
Білім беру мазмұны қазіргі білім беру деңгейіне сай болу керек.
Білім беру мазмұны оқушылардың психологиялық мүмкіншілігі мен дамуына сай болу керек.
Жеке адам білімді қажет етуі, таңдауы керек.
Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.
Білім беру стандарты дегеніміз – Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мәнді құжат. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы, 4 тармағында Былай деп жазылған : « Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті қалыптарын ( стандарттарын ) белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол қалыптарға сай болу керек.».Мемлекеттік білім стандартын енгізу « Білім туралы» Заңға да сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |