Өзіндік бақылау сұрақтары:
Тарихты оқытудағы құжаттардың рөлі мен мәні қандай?.
Тарихта оқытуда қолданылатын құжаттық материалдың негізгі түрлерін атаңызда?.
Оқушылардын тарихи қүжаттармен жұмыс істеу тәсілдеріне мысал келтіріңіздер.
Актілік қүжаттар, баяндауышы- сипаттаушы қүжаттар, көркем сөз естеліктер дегеніміз не?
Дәріс тақырыбы: Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары. 4 сағат.
Мақсаты: Тарихи тақырыптың мазмұны, тарих сабағы оның түрлері, тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы және сабақ жоспарлары, тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары жайлы білімді меңгерту
Жоспар:
Тарихи тақырыптың мазмұны, бөлімі, курс жүйесіндегі сабақтың орыны. Тарих бойынша сабақ түрін таңдауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мсн факторлар.
Оқыту процесінде барлық сыньштарды камтитын, жан-жақты сабақты өткізу ерекшеліктері мен сабақ түрлері.
Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуы және сабақ жоспарлары.
Сабақты бағалау критериясы.
Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары-факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиядалар "КВН", конференциялар,пікір сайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар.
Оқыту –біртұтас педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі.
Оқыту үрдісі – оқытушы мен оқушының мақсатты бағытталған іс әрекеті, өзара байланысты іс әрекеттері жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдындағы тұрған міндеттерді шешуге бағытталған.
Мұғалім сабаққа әзірлену барысында осы үш сұрақты өзіне қойып, оны шешудің оңтайлы жолдарын таба білуі керек. Сонда ғана сабақ өз мақсатына жеткен болып саналады.
Оқытушы сабаққа дайындалу барысында алдымен сабақтың мақсат міндеттерін тақырыпқа сай дұрыс анықтап, құра білуі керек, бұл жерде оқытушыға конструктивті қабілет қажет.
Сабақтың мақсат, міндеттері анықтауға қойылатын талаптар:
Тақырыпқа сай болуы тиіс;
Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болуы тиіс;
Оқу бағдарламасының тақырыптарына негізделген болуы тиіс;
Сабақ мазмұнын ашатындай, ғылымилық тұрғыдан ұйымдастырылған болуы тиіс;
Оқытушының шығармашылық еңбегңне байланысты болуы тиіс т.б.
Мектептердегі оқытудың негізгі түрі –сынып-сабақ жүйесі. Сынып-сабақ жүйесі- дәстүрлі жүйе, онда бірыңғай базалық білім алатын, жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушылар тобынан тұрады. Сабақ ұзаөтығы -45 минут. Әдіскер А.А. Вагиннің пікірінше, оқыту үрдісінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы не кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |