«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет57/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143
Сабақ жоспарының үлгісі:

  • сабақтың өтетін уақыты, тақырыптың жоспардағы нөмірі;

  • сабақтың таңырыбы, сабақ өтетін сынып;

  • оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;

  • сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;

  • оқу материалының мазмұны;

  • әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері;

  • сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;

  • үйге тапсырма.

Классикалық сабақ процесін жобалау (Столяренко)
Нақты түжырымдалған тақырып.
Сабақ мақсаты:
а) дидактикалық;
ә) тәрбиелік;
б) дамытушылық.
Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы):
Дыбыстық құралдар.
Сабақ барысы (сценарий жасалады, оқушыларға сабақ үстінде берілетін сұрақтар,сабақтаноқушылар өздері қорытынды жасауы керек).
Сабақ қорытындысы.
Шығармашылық тапсырма.
Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.
Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рахмет айту.
Сонымен сабаққа әзірленгенде мүғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және қүрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет