«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


СИЛЛАБУС Курстың аты: Тарихты оқыту әдістемесі



бет4/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,06 Mb.
#493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

СИЛЛАБУС

Курстың аты: Тарихты оқыту әдістемесі


Курстың коды: MPI 3305

Кредит саны: 3
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай

әлемдік оқиғалардан қалтарысында қалып

қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Н.Ә. Назарбаев




Байланыс ақпараты


Аты-жөні

Жүргізу орны және уақыты

Исенов Өтеген Ихсанұлы



Лекция

Семинар

СОЖӨЖ

Деканат кестесі бойынша


Деканат кестесі бойынша


Деканат кестесі бойынша


Оқу бағдарламасында «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің алдына қойылған мақ-саттары мен міндеттері көрсетілген.« Тарихты оқыту әдістемесі»сөзінің шығу тарихынан бастау ала келіп, бүгінгі қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі, тарих, т.б. туыстас пән-дермен сабақтастыра отырып, пән бойынша қамтылатын мәселелердің мазмұнын, оның негізгі даму кезеңдерін студенттерге жан-жақты оқытып таныстыру міндеті қойылған.



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тарихты оқыту әдістемелігінің басты объектісі және пәні ретінде. қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазіргі тарихты оқыту әдістемесі пәнінің пән ретіндегі өзекті проблемалары. Бүгінгі тарихты оқытудағы әдістемелік -танулық зерттеулердің жалпылама және өзіндік тәсілдері.
Е г е м е н д і Қ а з а қ с т а н н ы ң білім беру с а я с а т ы

«Қазақстан-2030» бағдарламасында келешекте жүзеге асырылуға тиісті, аса маңызды міндеттердің қатарына білім беру мәселесі де басты орындарда.

1995 жылдың шілде айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес «Қазақстан Республикасындағы тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасын» бекітті. Онда: «...өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих- халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол содан әлеумкттік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады»,- деп Отан тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіліп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындалады. Тарихи санаы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі, мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызуы тиіс болды.Осындай игі шараның аясында Қазақстан тарихы пәні барлық жоғары жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандық студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихан қабылдана бастады.


  1. П р е р е к в и з и т т е р і

ХХІ-ғасырдағы тарих сабағы- Қазақстан Республикасының алдыңғы қаталы мемлекеттер қатарынан көріну жолында қызмет ететін пәндердің бірегейі.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында келешекте жүзеге асырылуға тиісті, аса маңызды міндеттердің қатарына білім беру мәселесі де басты орындарда.

Тарихты оқыту әдістемесі» пәні өзіне дейінгі жантану, педагогика, тұлғааралық қатынас теориясы, педагогикалық мамандыққа кіріспе т.б.пәндермен байланыста жалғасады.

Бүгігі таңда сабақ өткізудің мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің алатын орны ерекше.



4. П о с т р е к в и з и т т е р і

Жоғары оқу орындарындағы жалпы кәсіби шеберлік дағдыларын қалыптастыру да білім беретін пән ретінде «Тарихты оқыту әдістемесі» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеумет-тану, жантану, педагогика, саясаттану, құқық негіздері, этнология, тіл білімдері, әдебиет, өнертану, дінтану, мектепте өтетін педагогикалық практикамен т.б. пәндермен байланысында оқыту әдістемелік білімдер әрі қарай нақтылана, толыға түседі.

5. Қ ы с қ а ш а т ү с і н і к т е м е

Курстың мақсаты студенттерге Отан тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіліп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басым-дықтары айқындалады. Тарихты оқыту әдістемесі жетістіктерін игеруге, оқыту әдістемесі шеберлік дағдыларын қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің інжу-маржанын өз беттерімен игеріп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
К у р с т ы ң м і н д е т т е р і :

- Тарихты оқыту әдістемесі пәнәнің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

- Отанға деген сүіспеншілік, бар күш- жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға тәрбиелеу ;

- Туып- өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет- ғұрпына, салт- дәстүріне деген сүйіспеншілік қалыптастыру ;

-Тарихты оқыту әдістемесі жетістіктерінің,мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;



-Тарихты оқыту әдістемесі шеберлік мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;

- Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына оқыту әдістемелік ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;

- Отандық тарихты оқыту әдістемесі жетістіктерінің тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.
О қ у б а р ы с ы н д а с т у д е н т т е р и г е р е т і н б і л і м д е р :

Қазақстанның білім беру жүйесінің жетекші салаға айналуы, бәсекеге қабілетті экономиканы, бәсекеге қабілетті білім беруді, бәсекеге қабілетті ұлтты құру үшін алғышарттарды туғызады. Білімге және ғылыми әлеуметке негізделген қоғам ғана еліміздің әл- ауқатын және бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, еліміздің әрбір азаматының жағдайын қамтамасыз ете алады. Тек осындай ұрпаққана ел мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын процестің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік даму көшіне ілеспек. Бүгінгі таңда өздеріңіз тәлім- тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет.



- гуманитарлық пәндер жүйесіндегі Отандық тарихты оқыту әдістемесінің орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқыңдау;

- интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту,шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.



Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің лекция сабағының тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /






Тақырыптар

Дәріс

1

Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

2

2

Мектептегі тарихи білім білім берудін қазіргі жүйесі.

2

3

Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы

2

4

Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.

2

5

Тарихи құбылыстарды тудыру

2

6

Тарихи түсініктердің қалыптасуы.

2

7

Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінің қалыптасуы.

2

8

Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.

2

9

Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсәлдері.

2

10

Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.

2

11

Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінің байланыстыра оқытуды жетілдірудің ғылыми әдістемелік жолдары.

2

12

Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.

2

13

Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

2

14

Тарихты оқыту процессіндегі білімді бағалау мен баға беру жүйесі.

2

15

Тарих мұғалімі

2




Барлығы:

30



Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің дәріс

сабақтарының тақырыптары мен жоспары
1 Дәріс Тақырып: Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.

Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеме-нің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:

1. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.

2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
Бекіту сұрақтары:

1. ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты қандай?

2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» қалай жүрді?

3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатылары қандай?



Әдебиет:

1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984

2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.– Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.
2 Дәріс Тақырып: Мектепте тарихи білім берудін қазіргі жүйесі.

Негізгі түсініктер:Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.

Мақсаты: Тарихи білім беру құрылымын құрастыра отырып, Қазақстанда мектептерде тарихи білім берудін қазіргі жүйесінің ерекшеліктерін көру.
Жоспары:

1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы.

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі.

3. Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау.

а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,

б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты


Бекіту сұрақтары:

1. Мектептерде тарихи білім беру қалай қалыптасты?

2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі

жүйесі қандай?


Әдебиет:

1.Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2.Тарих бағдарламасы 5-11 сынып А., 1993 А., 2000

3. Отан тану курсының бағдарламасы. Отан тану курсын оқыту туралы әдістемелік ұсыныстар). А., 1992

3 Дәріс Тақырып: Тарихты оқыту процесінде оқушылардың іскерлігінің қалыптасуы. (2 сағат)

Негізгі түсініктер: Оқу іскерліктері, біліктер, оқыту әдісі.,тарихты оқыту процесі.

Мақсаты: Оқушыларды оқыту процесінде дамитын іскерлігін бекіту.
Жоспар:

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту.

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуы.

3. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері.

Бекіту сұрақтары:

1.Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері дамыту әдістері қандай?

2. Тарихты оқыту процесінде ақыл-ойлық біліктерінің дамуын қалай түсінесің?

3. Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасын айтыңыз?.

4. Оқушылар іскерліктерінің қалуыптасуының методикасы мен кезеңдері

туралы не айтасыз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Қазақстан тарихының оқулықтары 5-11 сынып таңдап алу.

3. Қазақстан тарихы курсы бойынша қолданатын қосымша құралдар (хрестоматия, әдебиет, техника құралдары) дидактикалық материалдар.

4. Тарих бағдарламасы.

5. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.


4 Дәріс Тақырып: Мектептегі тарихи білімнін қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: білім; факт; тарихи білім структурасы; тарихи түсініктер; тарихм заңдылықтар.

Мақсаты: Тарихи білімнің негізінің функцмясын анықтау, тарихты білімнің құрылымын көрсету, оқушылардың қабілетіне байланысты, тарихты оқыту барысында білімді меңгеру процесін бақылау.
Жоспар:

1. Тарихи білімнің құрлымы мен функциясы.

2. Тарихты оқытуда фактілердің ролі.

3. Тарихты оқыту процессінде білімнің қалыптасу сатылары.


Бекіту сұрақтары:

1.Қазақстан тарихы курсының мазмұнына талдау бер?

2.Тарихи білім мен фактілердің білімдік маңызы неде?

3.Қазақстан тарихын оқытудағы тарихи фактілердің ролі қандай?

4.Тарихи заңдылықтарды қалай түсінесің ?
Әдебиет:

1. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.

2. Гора П.В. Повышение эффективности процесса обучения истории. М., 1989

3. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

4. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
5 Дәріс Тақырып: Тарихи құбылыстарды тудыру

Негізгі түсініктер: көріністер; тарихта болған фактілер жөнінде көріністер; тарихи кезеңдерді бейнелеу.

Мақсаты: Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру.

Жоспар:

1. Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесін-дегі ролі.

2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер.

3. Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары.


Бекіту сұрақтары:

1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлерін айтыңыз?

2. Тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері қалай жүзеге асады?

3. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістерді атаңыз?

4. Тарихи кеңістікпен уақыттағы құбылыстарды тудыру жолдары қандай?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.


6 Дәріс Тақырып: Тарихи түсініктердің қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: термин; тарихи түсініктер; жалпы тарихи түсініктер; дара тарихи түсініктер; әлеуметтану түсініктері.

Мақсаты: Білім алу процессінде тарихи түсініктердің қалыптасуының мағынасын көрмету. Түсініктердің әр түрлері тобын қарастыру.
Жоспар:

1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері.

2. Тарихи түсініктерді топтау

3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлар.


Бекіту сұрақтары:

1. Тарихи түсініктердің қалыптасуының әдістемелік аспектілері қандай?

2. Тарихи түсініктерді қалай топтауға болады.

3. Тарихи түсініктерді анықтаудағы тәсілдер мен жағдайлартуралы не білесіз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов. Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары 3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб.
7Дәріс Тақырып: Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы.

Негізгі түсініктер: тарихи құбылыстар, жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы, Қабілеттін қалыптасу әдісі,тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

Мақсаты: Тарихты оқыту процесінде оқушыларда дамитын білімнің негізін меңгеру. Алған білімді іс жүзінде көрсете алу қабілетін дамыту.

Жоспар:

1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы.

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:

а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

б/ тарихи құбылыстарды салыстыру.

в/ қорытынды жасау.

г/ тарихи материалды түсіндіру.



Бекіту сұрақтары:

1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдері қалай қалыптасады?

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісінеден құралады?

4.Қорытындыны жасаудың маңызы қандай?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Ө.И.Исенов. Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.


8Дәріс Тақырып: Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.

Негізгі түсініктер: Оқыту әдісі, оқыту әдіс классификациясы.

Мақсаты: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдіс классификациясын қарстыру.
Жоспар:

1. Оқыту әдісі туралы түсінік.

2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдер, оларға қысқаша

мінездеме.

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі.

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс

істеу әдісі.
Бекіту сұрақтары:

1.Оқыту әдісіне түсінік беріңіз?

2. тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдерін қандай?

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігін қалай түсінесіз?

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі туралы не түсіндіңіз?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » // Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

9Дәріс Тақырып: Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсілдері.



Негізгі түсініктер: шартты-графикалық, бейнелеу көрнекілік, көрнекілікәдісі.

Мақсаты: Көрнекілік оқыту әдісіне мінездеме беру. Оқыту рпоцесіндегі бұл әдістің қажеттігіне көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсуі.
Жоспар:

1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.

2. Жұмыс істеу тәсілдері:

а/ бейнелеу көрнекілік құрамымен.

б/ шартты-графикалық

в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.


Бекіту сұрақтары:

1. Көрнекілік оқыту әдісінқалайтүсінесің?

2.Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жолы туралы небілдіңіз?

3.Көрнекі құралдармен тарих сабақтарында жұмыс істеу тәсілдерінатап беріңіз?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

3.Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.


10ДәрісТақырып: Тарих сабақтарында баспа текстермен оқыту жұмысынын тәсілдері.

Негізгі түсініктер: Оқулық текстермен жұмыс, баспа текстермен жұмыс, тезис және конспект құру.

Мақсаты: Студенттерге тарих сабақтарында баспа текстермен жұмыс істеудің қажеттігін түсіндіру.
Жоспар:

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процесснде оның маңызы.

2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:

а/ негізгі көрсету.

б/ жоспар көрсету

в/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер.

3. Тарихи документтер түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.

4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет