«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет7/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,06 Mb.
#493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

8. Студент білімін бағалау нәтижесі
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:

- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;

- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;

- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;

- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Балл қою

1


емтихан

Қорытынды бақылау

40

Аралық бақылау

5+5

Кезекті бақылау

50







Барлығы

100

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 30 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 60 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.


Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау

түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырмалары, тақырыпқа сәйкес тапсырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тапсырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:



  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.


Қорытынды бақылау тапсырмалары:

1. Бақылау жұмысына дайындық.

2. Бақылау тестісіне дайындық.

3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.


ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:


Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш

Бағалау

55-60

5 (өте жақсы)

45-54

4 (жақсы)

30-44

3 (қанағат.)

0-29

2 (қанағатсыз.)


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

В

В-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

С+

С

С-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз


Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.

9.Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізу кестесі:

Ағымдағы бақылауапта сайын өткізіледі.

Аралық бақылау –7-8 апта,екіншісі – 14 -15 апта

Қорытынды бақылау (емтихан) –15 апта


10. Емтихан сұрақтары.
1. Тарих пәнінің мақсаты мен міндеті.

2. Күнделікті сабақ жоспары.

3. Қазіргі мектептің тарих беру бағдарламасының жүйесі.

4. Сабаққа қойылатын талаптар

5. Сабақтан тыс тарих пәні бойынша жұмыстар.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану түрлері. Тақырыптық көрнекілік.

7. Сабақта көрнекілікті жоспары, компоненттері.

8. Оқулықта берілген суреттермен сабақта жұмыс.

9. Тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақ – тапсырмаларды құрастыру.

10. Тест сұрақтарын құрастыру.

11. Тарих сабақтарында, тарихи анықтамалардың ролі, қолдану жүйесі.

12. Сабақтың мақсаттары (3 бағыт). Мақсат қою талаптары.

13. Тарих пәнінін мұғалімі және оған қойылатын талаптар.

14. Ежелгі тарихта, әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды анықтауына тапсырмалар құрастыру.

15. Тарихи құжаттар және олармен жұмыс жасау жүйесі.

16. Тарихи білімнің ролі. Тарихи білімнің компоненттері (көрініс; түсініктер; заңдылықтар).

17. Тарих сабағында кеңесудің ролі. Кеңесудің түрлері.

18. Тарих сабағында сұрақ пен тапсырмаларды қолдану жүйесі.

19. Оқушылардың оқытуда дамыту тапсырмаларының ролі.

20. Тарих сабақтарында әдеби шығармаларды қолдану түрлері, әдеби шығармалардың –тәрбиелік, дамыту, оқыту ролі.

21. Тарихи тұлғаның мінездемесін беру.

22. Тарих сабақтарының түрі мен типтері.

23. Тарихты оқытуда ауызша сөздік ролі.

24. Тарихи фактілер және олармен сабақта қолдану жүйесі.

25. Қазіргі кездегі тарих сабағына қойылатын талаптар.

26. Сабақтың бірінші этапын ойластыру.

27. Оқушылардың біліктілігіне мінездеме беру.

28. Тарих оқулығының жұмыс жасау жүйесі, талаптары.

29. Сабақта сараптамалық жұмыс жасау. Сараптамалық түрлері.

30. Хронологиялық, синхрондық кесте сызу, анықтамасын беру.

31. Дәстүрден тыс сабақтардың анықтамасы, түрлері, т.б.

32 Оқушылардың білімін тексеруде қойылатын талаптар (сұрақтар мен тапсырмалардың түрі).

33. Оқыту процессіндегі этаптардың мінездемесін беру.

34. Сабақта қолданатын кесте түрлері; кестенің анықтамасы.

35. Сабақ барысында тарихи көріністер арқылы тарихи білімді қалыптастыру.

36.«Білім туралы»ҚР заңы.

37.Модуль технологиясымен оқыту.

38. ТОӘ курсының мақсаты мен міндеті.

39. Тарихи білімнің қазіргі кездегі мінездемесі.

40. Негізгі ТОӘ курсының түсініктемелеріне анықтама беру (пропедевикалық курс; оқулық; факт; түсінік; заңдылық).

41. Қазіргі тарих оқулығына мінездеме беру.

42.ТОӘ курсының қалыптасуы мен дамуы.

43. ТОӘ ғылым ретінде атқару міндеті, мақсаты

44. Мектептік тарихи білімінің қалыптасуы және даму

45. ҚР қазіргі таңдағы білім жүйесі мен структурасы.

46.Терминалогиялық сөздіктер түрлері.

48. Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерді анықтау, талдау жолдары.

49.Мектептік тарих бағдарламасына сараптама беру.

50.Оқыту дың оқулықтағы ролі, оқулыққа қойылған талаптар.

51. Оқулықтың мазмұнына сараптама беру.

52. Қазақстанның ХХ-ХХІ ғ. басындағы оқу жүйесі

53.Қазақстан тарихы курсы бойынша қолданатын қосымша құралдар (хрестоматия, әдебиет, техника құралдары) дидактикалық материалдар.

54.Тарихи білімнің структурасы

55. Тарихтағы фактілердің ролі

56. Тарихи білімді қалыптастырудағы кезеңдері.

57.Оқушылардың тарихи процесс заңдылықтарын ұғынуын қалыптастыру.

58. Тарихи көріністердің түрлері мен оның тарихи білімді қалыптастырудағы ролі

59. Тарихи көріністерді қалыптастыру әдісі

60. Тарихи кезең, тарихи оқиғалар жөніндегі көріністерге сипаттама беру.

11. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.М. Қозыбаев, т.б. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы «Мектеп»2005,-248 бет.

2. Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

3.Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984.

4. Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

5. Ысқақов.Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру».//Қазақстан мектебі, Алматы, 1987 № 1

6. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабороторным занятиям по методике преподования истории казахстана, Алматы,1997.

7. Аманжалов Қ. «Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиет пайдалану», Алматы, 1971 ж.

8. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1

9. Қасымбаев Ж.К. «Тарихты талғаммен оқыт».//«Ленин жас», 1990 ж. 18 қазан.

10. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.
Қосымша:

11. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.

12. Толеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентінің оқу тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама.// Алматы, 1997.

13. Сарсекеев Б.С. «Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана», Алматы, 1991.

14. Толеубаева К. М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек.//Қазақ тарихы, Алматы, 1998., № 2.

15. Толеубаева К. М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу, «Қазақ тарихы», Алматы, 1998. №3.

17.А.А. Бейсенбаева. Пәнаралық байланыс негізінде оқу працесін ұйымдастыру. Алматы,1995,-117бет.

18.А.А. Бейсенбаева. Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пән аралық байланыс. Алматы, 1991,-16 бет.

19.Н.А. Оразақынова. Пәнаралық байланыс оқу- тәрбие жұмысын жетлдірудің бір жолы. Кандидаттық диссертация. Алматы,1993.

20.Ж.Қасымбаев. Қазақстан тарихы.8- сынып.Алматы «Мектеп»,2004,-248 бет.

22.Г. Шолпанқұлова. Пәнаралық байланыс негізінде оқыту тиімділігі.//Ұлағат.2002,№6, 17-18 бет.

23.Г. Шолпанқұлова. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыс дамуының теориялық негізі.// Ұлт тағылымы. 2005,№3,102-106 бет.

24.Е. Әуелбеков. Пәнаралық байланыс және оқушылардың дүниетанымы.// Қазақстан мектебі. 2004,№2,49-51 бет.

25.І.Есенберлин. Көшпенділер. Алматы «Атамұра»,2003.

26.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары.//Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

27.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. //Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб



28.Ө.И.Исенов . Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб

« Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

29.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

30.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.

31.Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.

32. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224 с.

32.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

33.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары.// №3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.

34.Е.Қайкенов. Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.//№ 8 . 2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

12. К у р с т ы ң с а я с а т ы :

Елбасының жыл сайынғы жолдауларында білім беру стратегиялық маңызы зор сала ретінде аталады. Қазіргі күн сайын жаңарып келе жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау- білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.

Еліміздегі балабақшалардан бастап, орта білім беретін оқу орындарына дейін жас ұрпақтың бойында ұлттық дүниетаным мен діл мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті осы заманғы оқу құралдары мен технологиялардың жетістігін пайдалана білу шеберлігіне дағдылану.Бүгінгі қоғамның сұранысына орай, білім мазмұнын қалыптастырып игеру. Білім беру жүйесін дамыту мен оның техникалық жетістіктерін меңгере білумен кәсіби шеберлік дағдыларын нығайтуға ерекше көңіл бөліну.

- Отандық тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;

- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;

- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліуге үйрету;

- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында оқушылар мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;

- Болашақ мамандығын жақсы меңгерген шеберлік дағдыларын жетілдіру барысында ізденгіш еңбек қорлық дағдысын қалыптастыру;
13. Тәртіп пен өзін өзі ұстау этикасының саясаты

- Сабаққа кешікпей қатысу.

- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

- Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

- Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

- Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

- Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

- Сабаққа тиісті киіммен келу.

- Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

- Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

- Оқу процесіне белсенді қатысу.

- Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.

- Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

- Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

- Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

- Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.

- Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.

- Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.

- Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.

- Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.

- Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.

- Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.



Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары.
1. Кіріспе. Тарихты оқытудың қалыптасуы.

2. Тарихты оқытудың әдстемесінің мақсаты.



  1. Тарихтьітарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен әдістемесі

  2. Тарихты оқытудың тәсілдері

  3. Тарихты оқытуда көрнекті кұралдарды пайдалану

  4. Тарихты оқытуда компьютерлік құралдарды пайдалану

  5. Тарихтыоқытуда тарихи құжаттар мен мәліметтерді пайдалану

  6. Тарих пәні мұғалімінің рөлі

  7. Антикалық ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері

  8. Орта ғасырлар тарихын оқытудың ерекшеліктері

  9. Тарихты оқытуда көркем әдебиеті пайдалану әдістері

  10. Қазақстан Республикасы тарихын оқыту әдістемесі

  11. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихын оқыту әдістемесі

  12. Қазақстанның жаңа және жаңаша оқыту әдістемесі

  13. Қазақстан тарихын оқытуда жаңа технологиялық мәліметтерді пайдалану

  14. Қазақстан тарихын оқытуда кино- фото құжаттарын, баспа материалдарын пайда­лану

  15. Қазақстан тарихы пәнін жүргізудегі бүгінгі талап

  16. Пән мұгалімінің нормативтік құжаттары оларды пайдалану әдістері

  1. Бүгінгі ақпарттағы - Білім:көкейкесті мәселелер, ұсыныстар, тәжірбиелер.

20 Қазақстан Респубилкасы Білім беру жүйесі.Білім беру жүйесінің міндеттері

  1. Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдары

  2. Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру

  3. Білім туралы кұжаттар

  4. Білім беру бағдарламалары

  5. Білім берудегі балалар мен жасөспірімдерге арналган қосымша дамыту бағдарламалары

  6. Жалпы және кәсіптік білім беру

  7. Білім деңгейлері. Мамандардың біліктілігін арттыру

  8. Білім беру жүйесіндегі басқару органдары

  9. Білім сапасына мемлекеттік бақылау жасау


Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша реферат жұмыс тақырыптары.
1. Дидактика — білім беру және оқыту теориясы.

2. Оқыту заңдылықтары.

З. Мектептегі білімнің мазмұны (ҚР.Білім заңы).

4. Оқыту принциптері.

5. Оқыту әдістері туралы түсінік.



6. Сабақтың түрлері, оның дидактикалық құрылысы.

  1. Кіріспе сабағының құрылымы.

  2. Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы.

  3. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағы.

  1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.

  2. Қазіргі сабақтың жаңа түрлері.

  3. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері.

  4. Басқару, мектепішілік басқару және менеджмент.

14. Мектеп басшысының басқару мэдениеті.

15 .Оқушының отбасымен байланыс орнатудың психологиялық -

педагогикалық негіздері.



16. Мұғалімдердің білімділігін арттыру жэне оларды аттестациялау.

17. Шығысойшылдарының педагогикалық пікірлерінің тәрбиелік мәні.

18. Әбу -насыр әл- Фараби еңбек тәрбиесі туралы.

19. Махмуд- Қашқари еңбегінің тарихи маңызы.

20. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" дастанының тәрбиелік маңызы

21. Мұхаммед Хайдардың еңбек тәрбиесі туралы.

22. Ян Амонс Коменский Еуропа педагогикасының негізгін қалаушы.

23. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.

  1. Н.К. Крупскаяның педагогикалық теориясы.

  2. Ш.Уэлиханов-ғалым ағартушы.

  3. Ы.Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы.

  4. А.Құнанбаевтың ағартушылык тағылымдары.

  5. Шәкәрімнің тәлімдік кезқарастары.

  6. М.Жұмабаев - ағартушы педагог.

  7. Т.Т. Тұрлығұл - Қазақстан тарихы әдістемесінің негізін қалаушы.

  8. Қ.Жарықбаев Қазақстанның көрнекті психологы.

  9. Оқушылардың картамен жұмыс істеу талаптары.

  10. Тарих пәнін оқытуда ҚР Рәміздерін қолдану тәсілдері.

  11. Тарих пәні зертханасын жабдықтау тәртібі.

  12. Тарих пәнінің мұғалімі, келбеті ұстанымы.

  1. XXI ғасырдың мектеп басшысына қойылатын талаптар.

  2. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармен жұмыс істеу формалары.

38. Баспасөз материальн пайдалану ережелері.

39. Мектептегі оқушылардың шығармашылық орталығын құрудың міндеттері мен мақсаттары.

40. Олимпиадаға дайындаудағы талаптар.

41. Өзін- өзі басқару, ұжым, бірлігіндегі бастамалар.
42. Бүгінгі қоғамдағы - білім және ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет