Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері



бет176/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:
а/ өздік жұмыс. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде "өздік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісіне енгізілген оқушылардың өздік жұмысы - мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады (Б.П.Есипов);

  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімінің бақылауынсы

орындауы (Р.М. Микельсон);
өздік оқу іс-әрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі .
Компьютер оқушылардың өздік жұмысын тез және қарқынды турде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен, Місrosoft Word мәтін редакторында оқушыларға әртүрлі жазбаша тапсырмаларды өз бетінше орындатуға бола-ды. Оқушылар компьютерде жетекші сөз бен мәтінді бөліп алу мүмкіндігін пайдалана отырып, мәтіннен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды пайдалану арқылы қысқа жинақталған дәрістік жазып шыға алады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау болып табылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың жазба жұмыстарын орындауға қызығушылықтарын арттырады, себебі олар қаламның көмегімен дәптерде жазуға аса ынта танытпайды және өте баяу жазады. Бірақ, бұл жазба жұмыстарын толық компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді.
Ақпараттық технологиялар балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының әдеби шығармашылықтарын арттыру мақсатында "Менің алғашқы қолжазбам", "Менің жанұям", "Балалық шақ" т.б. жобаларға қатынасуды ұсынуға болады, балалар мектепке дейінгі өмірі, отбасы туралы әңгімелер жазады, әртүрлі жұмбақтар құрастырады.
Сонымен бірге оқушыларға шығармашылық ойын түрлерін қуруға тапсыр-ма беруге болады. Оған біршама уақыт беру қажет, себебі оқушы алдына қойылған жұмысты шешу үшін жан-жақты ізденеді, отбасымен ақылдасады, әртүрлі әдебиетді қарастырады, сыныптастарымен, мүғаліммен ақылдасады.
Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды пайдаланудың мумкіндіктері жан-жақты. Оқушылардың жасаған жұмыстарын әшекейлетуге де, бейнелеу өнері пәнінен Раіnt бағдарламасында әртүрлі суреттер салғызуға және оқу үрдісінде әртүрлі танымдық ойындарды, логикалық сипаттағы ойындарды пайдалануға болады.
Сонымен бірге бастауыш мектепте әрбір пәнді оқытуды ақпараттық технологияларға негіздеуге болады. Мұнда электрондық байланыс ерекше мәнге ие.
Электрондық байланыс жүйелерінде оқыту мынадай сұрақтардың шешімін табуды көздейді:
1."Нені оқыту керек?" компьютерлік жүйеге енгізілетін тақырыптарды саралау қажет.
2.Оны қандай ретпен, тәртіппен оқыту керек, тақырып арасындағы байла-ныс, сабақтастық қатаң ескерілуі қажет.
3."Қалай оқыту керек?" тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алған жөн.
Осы үш сұрақтың шешімін табу ақпараттық технологиялар негізінде оқыту әдістемесінің негізін құрайды.
Сонымен бірге мектепте компьютерді оқушылардың іс-әрекетін жедел бақылауды ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Оның мынадай артықшылықтары бар:
- әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді;
- тексерілушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар;

  • компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді;

  • уақытты үнемдейді;

  • қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді;

  • ақпараттың аздығымен ерекшеленеді;

  • сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді;

- мұғалімнің жетекшілігі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге
ауысады. Осы өзіндік жұмыстар арқылы бала алған білім, білік, дағдыны жағдайға тасымалдай білуге, талдай, жинақтай, нақтылай білуге үйретілуі керек. Сонда ғана бала психологиясында өзгерістер болып, дамуы ілгерілейді. Ал бұл - бүгінгі күннің басты талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет