Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Тарих сабақтарында интерактивті



бет185/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың маңызы.
Казіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі ұрпаққа қат-қабат міндеттер койды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолдануды тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман кезеніне теренірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге - рөлдік ойындар, кон-курстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейнринг т.б. іс-шаралар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б.
Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні:

  1. Әдістемелік мәні - тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік мәні - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын кұрметтеуге үгіттейді.

  1. Теориялық сипаты - оқушылардың өзін-өзі ұстау ерекшеліктері, сөйлеу стильдерін қалыпастыруға көмектеседі.

Еңді әрбір сыныпта өтілетін тақырыптарда қолданылатын интерактивті әдістерге тоқталып өтсек:

  1. «Тарихи шынжыр» ойын тізбегі. Бұл тәсіл кез-келген сыныпта тарих пәніңде қолдануға қолайлы. Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп, біреуі әуелі басын, екіншісі орта тұсын, үшіншісі аяқ жағын айтып, тұтас бір ойынды тізбекті құрайды. Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек кұрылады. Тиімділігі - оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді.

  1. «Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жаткан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі саяси оқиғаларды жазушы жылнамашылар атыан кез-келген тарих пәнін сүйетін оқушы мәлімет жазып, оларды өз көзкарасы шеңбері нде жеткізеді, өзінше сипат береді. Деректанушы болп отырған оқушы нақты фактілерге айкын сипаттама беруге үйренеді.

  1. «Проблемалық полемика» ой талкысы. Оның мәні өтілетін материалдағы болып кеткен тарихи оқиға, түрлі реформалардың, саяси тұлғалардың жеке басы, іс-әрекеттеріне он (+) және теріс (-) дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-келген мағлұматгарды объективті түрде баға беруге үйретеді.

  1. Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген такырып бойынша ой елегінен өткізіп жинақтап жүрген материалдарды тест сұрағы формасында көрсету. Осы бойынша әрбір оқушы өзінің қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бірінің білмеген мәліметін екіншісі толықтырып, оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғарылады.

  1. «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық шоуды ұйымдастыру тәсілі көбінесе өтілген материалдарға шолу жасау, қорытынды сабақтарға, жинақтау сабақтарына пайдалануға өте ыңғайлы. Өтілген сабақ тақырыптарын жинақтау кезінде оқушылардың арасынан тілек білдіруші немесе ең білімді деген оқушылар шығып, әркайсысы жеке-жеке жалпы шоудың турлары бойынша сайыска түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлілік, біліми белсенділігін танытьш жеңіске жеткен дарынды окушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстын тигізер тиімділігі - оқушыларды лидерлік касиеттерге тәрбиелеу әрі танымды-лық кабілетін арттыру.

  2. Тарихи сахналык койылымдар. Әсіресе Казақстан тарихы пәні сабақтарында жинақтау сабақ ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар кезеңіне тереңірек енуіне, мүмкіндігінше кебірек сезінуіне ықпал етеді. Жекелеген оқушыларды белгілі бір сценарий желісі бойынша дайындалған рөлдерге оқушыларды орнымен қойып ойнату, балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыгггастыру, бейнелік ойлау шеңберін, шешендік сейлеу стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет