Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары



бет190/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары. Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, соңда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, кұбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде коғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін кажетті дәрежеде тарихи біліммен карулаңдырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.
Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихың сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Кұлтегіннен, Қазақ хаңдығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланын рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ержеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атаң батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосу оқытушылармен ата-аналардың парызы болып қала береді.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметгік және саяси жаңару жолыңда» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр.
Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзіңде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет