Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет189/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
Негізгі ұғымдар: Ұлтжандылық, елжандылық,ұлттық сана.
Жоспар:
1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман
2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары
Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу.Қазақстандағы барлық халықттардың жаңа талаптарға сай мектепте Қазақстан тарихын оқытудың жалпы дидактикалық негіздерін дайындау, оны жүзеге асыру әдістемесін ұсыну және патриоттық тәрбие беру жолдарының әдістерін меңгеруге үйрету.
Лекция
1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сондықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдалану керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.
Жастар - қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді».
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептің тарих курстарында кұнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапкыншылық жасап бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. Бірақ мұндай кұнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған кызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес косады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазакстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді; еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалык, экологиялык, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Патриотизм (грекше рatriotes - отандас, раtris - Отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет