Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Ұйымдастырушылық- педагогикалық білімдері мен іскерліктері



бет200/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
4. Ұйымдастырушылық- педагогикалық білімдері мен іскерліктері.
Бүгінгі тандағы ғылым мен білім беру жүйесі қалыптаскан түрлі жаңа үрдістерге тікелей байланысты. Себебі тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы мен ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты орта жалпы білім беретін мектепте білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру, білім мазмұнын жаңарту, сапалы білімге қол жеткізу, оқытудың жаңа дидактикалық жүйесін іздестіру, сапалы оқулықтар мен оқу-көрнекі құралдар шығару - бүгінгі таңда дидактиканың алдында тұрған көкейкесті мәселе. Аталған мәселелерді шешу үшін білім мазмұнын, оқыту жүйесін, жеке тұлға қалыптастырудағы оқулықтың рөлін жаңаша дидактикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Өйткені туған елі мен жерінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін, ертеңгі болашағын оқытып үйрету — оқушыларды азаматтылық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан республикасына деген сүйіспеншілікке тербиелейді, жеке тұлғаны қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға, өздігінше білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге септігін тигізеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негізін шешудің маңызы зор.
Өскелең ұрпаққа гуманитарлық білім беру, жаңа оқулықтар мен оқу- көрнекі құралдар дайындау, олардың мазмұны мен құрлымын жетілдіру мәселелерімен көп жылдар бойы педагог-ғалымдар мен тарихшылар айналысуда. Қазақстан тарихын оқытуда тарихи білім беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын нәтижеге бағдарланған білім беруге бағыттау курстың негізгі міндеті болып табылады. Қазіргі жалпы білім беретін мектепте оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесі мен бүгінгі талапқа сай білім мазмұнының тұлғалық бағдары дидактикалық тұрғыдан жүйелі түрде зерттееп отыру керек.
Ал кейбір оқушылар кесте түріңде көрсетті.





Тас құралдар дәуірі

Егіншілік



Тарихи деректер



Тастан жасалған құрал-саймандар



Соқа, кетпен



Жазба деректер, заттай деректер



Мұнан соң тексті өз бетінше мәнерлеп оқу.


Оқушы мәтін сөзін бұзбай мәнерлеп оқуға жаттығады. Тақырып соңында берілген таным арттыратын топтама, құжаттар, жеке тұлғалар өмірімен өздік жұмыс. Берілген материалдарды мазмұңдауға немесе дәптерге қажеттісін жазу, тапсырмаларды орындау ұғымына байланысты мысалдар келтіру. Сөйлем құрау тапсырылады. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде алдын-ала даярланған кестені беріп соған байланысты қоғам өмірінің қырларын анықтауға жетелеуге болады. Өзіндік жұмыстың мұндай түрлерін орындай отырып, оқушы өз бетімен қоғам өмірінің экономикалық, саяси әлеуметтік, таптық, мәдени жағын ажырата білуге дағдыланады. Осылайша оқушылар үшін проблемалардың күрделілігі біртіңдеп өсіп отырады. Бұл орайда 5-6 сынып оқушыларына арналған қосымша құралдарды пайдалануға болады. (Жұмыс дәптерлері, т.б.) Оқушының жаңа білімді қалай меңгергенін білу мақсатында жабық тест түрінде өздік жұмыс тапсырылады. Сонымен бірге, сөз жұмбақтар немесе ребус жасау тапсырылады. Ойлауды қажет ететіндіктен көбінесе үйге беріледі. Әр оқушы әр түрлі етіп даярлайды.
Мұндай жұмыстар оқушылардың қабілетіне қарай тапсырылады. Мысалы, 6-сыныпта оқушылар мынадай топтарға бөлінген.Поэзияға аздап болса да бейімділер «Жас Мұқағалишылар» то6ы. Бұл тұрғыдағы өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге шығармашылық қабілетін де жетілдіруге көмектеседі. Бір оқушы Кұлтегін ескерткішін былайша жұмбақтады:
Бұл қандай тас он бойына құпиясын жасырған,
Кеше ғана мәлім болып шежіресі ашылған.
Бұрынғы өткен көне түркінің баян еткен тағдырын
Батыры мен бағланының жайып салған жан сырын — десе,екінші оқушы:
- Биіктегі үш метрден асады,
Үшбұрышты тастан оны қашады.
Бір метрден ұзынырақ ені бар,
Тапшы соны кімдер оны жасады?—деп өлең жолдарымен өрнектейді. Ал Хаммурапи заңдарын:
Екі жүз сексен екі баптан тұрған,
Патшасы Вавилонның мұны құрған.
Жер мен қарыз, кепілдің, дәрігерлік
Табасың не керектің бәрін бұдан.
Береді мол мәлімет ежелгідей,
Ұрлық үшін өлімге үкім қылған.
Бұл қандай заң? (Хаммурапи заңы) деп жұмбақтайды. Мұндай өлеңдер мен жұмбақтаудың қайсы біреулері ұйқасы жоқ, тек мазмұнын қара сөз арқылы төрт жол етіп жазып келетіндері де кездеседі. Ондай оқушыларды өз бейіміне қарай бағыттауға болады. «Қастеевшілер» тобы тақырыпқа сай өз суреттерін салып келіп, сол суреттің мазмұнын ашады. Әңгімелеу барысында оқушылардың өнерін мадақтаумен бірге сол суретті көрсету арқылы білуге тиісті сұрақтарға оқушылар жауап береді. Суретті салған оқушы оның сырын қысқаша баяндайды, суреттегі негізгі ойды ашуға көңіл бөлінеді. Өзіндік жұмыс атқаратын келесі топ «Жас Әуезовшілер» тобы. Олар көбінесе оқулықтағы суретке карап шағьш көркем әңгіме жазып жүр. Әңгімелер өте қысқа, ал кейде шұбалаңкы көркемдік жағы әлсіз болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет