Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы


Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы



бет145/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

Оқу іскерліктері мен біліктерінің сипаттамасы.Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ есте сақталады. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы мен жоңғар шапқын-шылығы кезіңдегі қазақ батырларының ерлігін баяндауда М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді келтіруге болады. Мысалы: ақын поэманың басты кейіпкерлеріне - Абылай хан, Баян батырды және бір топ батырларды атап, олардың әрқайсысына мінездеме береді.

...Жиылды өңшең ноян ығай - сығай,
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай.
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарты қыран Қанжығалы карт Бөгенбай - деп, Қанайдың басқаларға қарағанда шешендігін, оның батырлығын, ал Бөгенбайдың басқаларға қарағаңда жасы үлкендігін, ал мінезін ашу үшін «қыран» деген теңеуді шебер қолданған.
Не болмаса, жауынгер жырау Қазтуғанның (XV ғ.) тәлімдік идеяларын қолдану.
...Жатып қалған бір токты,
Жайылып мың қой болған жер.
...Шырмауығы шеккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жапсырмас - деген өлең жырларынан Қазтуған-жыраудың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көреміз. Мектеп оқушыларына тарихи танымдарды насихаттау, отансүйгіштік тәрбие беруде «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» екенін, құлыны талдай, қыздары айдай керінетін жер қадірін, ел қадірін сездіру тарих білімдерін меңгертумен тығыз байланысты. Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам процесінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттерден бастау алатыны белгілі. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өскен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүниетаным негізінде ғана бітеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біздін тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу» - деп маңызды міндеттердің бірі ретінде алға тартуының сырын содан іздеген жөн. Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сініруге тырысқан. -Мұны еңалдымен туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдар мен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Жоғарыда айтып еткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қаған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ елкесін қазақ ліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 530 жылы Сақ патшасы Томирис өз кезінде ешкімнен жеңілместей көріп асқақтаған парсы патшасы Кирді жеңіп, өзінің 7 мың атты әскерімен төбенің басына шығып: «Массагеттер! Сендердің патшаларың сезінде тұрды! Ал, Парсы патшасы, сенің аңсағаның қан еді, енді тойғаныңша іш!» деп, қолындағы қоржыннан Кирдің басын алып, меске толтырылған қанға өз қолымен батырған екен. Міне, бұл да осы ұлан байтақ даланың төсінде өткен қайсарлық. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Отанға, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухын, ата салтын қалыптастыру, оны кеңінен таратуға, соның нәтижесінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді жаңданды руда тарих пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше.
Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан езіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезенде болма-сын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шық-қанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихын сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Күлтегіннен, Қазақхандығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланың рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ер жеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атан батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жан-ған ғасыры болатынынша сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосайық.
Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.
Білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар, Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты, міндеттері, білім мазм9ны, оған қойылатын дидактикалық принциптер мен талаптар және оларды іске асыру шаралары негізделген "Қазақстан тарихынан тарихи білім беру тұжырымдамасы " жасалынды.
6. Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогикағылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты төрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, жеке түлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық-мемлекеттік білім стандартыньщ талабына сөйкес оқу
бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен
оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамытуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет