Себепті қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі
|
Өлең оқу: Футбол
Жиырмасы да жарыста
Жайбарақат қалған ба
Футболистер-барыстар,
Жұлысады алаңда
Алға қарай екпіндеп,
Жүйріктерше бапталған
Теңбіл допты тепкілеп,
Соғады әкеп қақпаға.
(Е. Өтетілеуұлы)
|
Өлеңді тыңдап, мазмұнын әңгімелейді.
Бірнеше рет қайталайды.
|
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
|
-Өлең не туралы?
-Бүгін ненің суретін саламыз деп ойлайсыңдар?
Жұмбақтар:
Аяқпен теп,
Баспен соқ
Қол тигізбе құқық жоқ.
(Доп)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (Футболшылар)
Суға салсаң-батпайды,
Ұрсаң тыныш жатпайды.
(Доп)
Мәлімет:
Доп-резеңке, пластмассадан, сол сияқты серіппелі нәрсеге ауа толтырылған спорттық домалақ шар.
Мақал-мәтел:
*Шынықсаң-шымыр боласың.
*Дені саудың-жаны сау.
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
«Доп» М.Әлімбаев
Секіреді, соқтығады,
Басылмай жүр тоқтығы әлі
Желі кетсе, не болады?
Не болады? Жоғалады?
Сурет салу сәті:
Шеңбер сызу арқылы әдемі, бірнеше, түрлі
түсті доп салуға рұқсат етіледі.
Сергіту сәті:
Добым, добым, домалақ,
Балшыққа тек жолама
Жек көремін мұныңды
Бүлдіресің қолымды.
Қ/о: «Дәл тигіз» Алдарына қойылған затты доппен дәл тигізу. Бейнені дәл салуға үйрету.
Допты пайдаланып бірнеше жаттығу жасау.
|
-Футбол.
-Доп.
Жұмбақтарды шешіп, бүгін не туралы әңгіме болатынын, ненің суретін салатынын анықтайды.
Жаңа мәлімет алады.
Мақалды жаттайды, мәнін ұғынады.
Өлеңді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
Үлгі бойынша сурет салады, бояйды.
Сергіп қалады.
Тәрбиешімен бірге жаттығу жасайды.
Ойынды қуана ойнайды.
|