Тасымалдауды ұйымдастыру және



бет6/10
Дата12.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#11558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(4.2.1)

мұндағы - жыл ішіндегі қозғалыс қарқындылығының қосындысы, бірлік/жыл;

- салыстыру айындағы қозғалыс қарқындылығының қосындысы, бірлік/ай;

12 - бір жылдағы ай саны.

тәуліктік бірқалыпсыздық коэффициентін төмендегі формуламен есептейміз:
(4.2.2)

мұндағы – салыстыру сағатындағы қозғалыс қарқындылығы, бірлік/сағат;



- бір тәуліктегі қозғалыс қарқындылығының қосындысы, бірлік/тәулік;

24 – тәуліктегі сағат саны.


Көлік ағындарының құрамы жолдың жүктелуіне әсерін тигізеді, себебі автомобильдердің габариттік өлшемдерінің елеулі айырмашылығында. Егер жеңіл автомобильдердің ұзындығы 4-5 м болса, ал жүк автомобильдерінің ұзындығы 6-8 м, автобустардың ұзындығы 11 м, автопоездардың ұзындығы 24 м жетеді. Бірақ та қозғалысқарқындылығын зерттегенде ағын құрамын арнайы есепке алғанға керекті жалғыз себеп габаритті өлшемдердің айырмашылығы болып табылмайды. Сонымен қатар бұл көрсеткішке жүргізуші реакция уақытына байланысты көлік құралдарының тежеу динамикасы да әсер етеді.

Көлік ағындарының тығыздығы qa жол жолағының жүктелу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Оны 1 км созылған жол жолағынан өтетін көлік құралдарының санымен анықтайды.

Ағын тығыздығына тәуелді қысылу дәрежесі бойынша қозғалыс жағдайын келесі түрлерге бөлуге болады: еркін қозғалыс, бөлшекті байланысты қозғалыс, қаныққан қозғалыс, бағаналы қозғалыс, асыра қанықққан қозғалыс.



Қозғалыс жылдамдығы жол қозғалысының маңызды көрсеткіші болып табылады, өйткені оның мақсаттық қызметін сипаттайды.

Көлік құралдарының қозғалысы кезіндегі уақыт шығындары жалпы түрде келесі түрлендірумен анықталуы мүмкін:

(4.2.3.)
мұндағы – нақты хабарлау жылдамдығы, км/сағ;

– есепті хабарлау жылдамдығы, км/сағ;

– жолдың аумақшаларының қарастыру нүктесі, км.

Қалалардағы көлік құралдарының кідіріс шығындарын кеміту үшін қиылыстардағы қозғалыстың реттелуін тиімді жүйеге келтіру, сондай-ақ автомобиль тұрақтары мен бағытжолдың жолаушы тасымалдау көлігінің аялдау пунктерін тиімді ұйымдастыру шешуші мәнге ие болады.

Жаяу жүргінші ағыны

Жаяу жүргіншінің қозғалысы мен оның параметрі

1. Көлік ағынының жиілігі, көлік құрылғыларынының  түрімен, көлік легінің тығыздығы, жүріс жылдамдығы, жүрістің  бөгелуімен сипатталады.

Көлік ағынының тығыздығына байланысты жүріс жағдайы бос, жартылай біріккен, қаныққан, бір бағыттағы болып бөлінеді.

Көлік легінің жағдайы, физикалық шамасына жол параметрлерінің жоспарына және профиліне, тіркеу коэффициентіне, сондай-ақ құрам ағынындағы көлік құрылғыларының түрлерімен, жүргізушінің таңдаған жылдамдығымен жүргізіледі. 

Жүріс жылдамдығы жол қозғалысындағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Көлік құрылғыларында барлық бағыттағы жүрісті сипаттайтын қашықтықтағы жылдамдықтың өзгеру графикте көрсетеді. Жүрісті ұйымдастыру жолдардың қиылысуында, көлік құрылғыларының  жүріс жылдамдығымен бағаланады.

Бағыттағы жылдамдығы жолаушылар мен жүкті жылдам жеткізу көлік құрылғыларының бекеттердің арасында  жүру қашықтығы мен олардың жолда болған уақытымен анықталынады.

Жүріс мөлшері бағыттағы кері жылдамдықпен анықталынады, секундпен өлшенеді, жолдың ұзындығымен анықталынады.

Қаладағы жүрісті реттеу үшін берілген бағыттағы ағының легінің қосындысымен, бір бағыттағы жүріс жиілігін, қозғалыстың берілген жиілігі деп атайды.

Көлік құрылғыларының бір бағытта бірінен соң бірінің жүруі, қозғалыстың жиілігі уақытша интервал болады.

Әр түрлі көлік құрылғылары көлік ағынының құрамымен сипаталады. Бұл көрсеткіш жол қозғалысының барлық параметрлеріне әсер етеді. Көлік ағынының құрамы берілген аумақтағы автомобиль парктерінің жалпы құрамымен көрстіледі.    

Көлік ағынының  құрамы жолдың күшімен, автомобильдің габариттік мөлшерінің айырмашылығымен түсіндіріледі. Егер жеңіл машинаның ұзындығы 4-5 м, жүк машинасыф 6-8 м, автобуста 11 м, автопойызда 24 м, троллейбуста 16,5 м. Көлік ағынындағы қозғалыстың статистикалық айырмашылығы, автомобильдің динамикалық габариті көлік құрылғыларының тежеуімен, жүргізушінің басқаруына байланысты. Динамикалық габаритке жол телімі жатады, берілген жылдамдықтағы автомобильдің көлік ағынындағы қозғалысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, автомобильдің ұзындығымен қоса дистанциясын дистанция қауіпсіздігі деп атайды.

Жаяу жүргінші ағынын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жаяу жүргінші қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы жатады.



Адамның жай қадамдағы қозғалыс жылдамдығы орташа есеппен 0,5 м/с – 1,5 м/с аралығында болады және ол адамның жасына, адамның денсаулық жағдайына, қозғалу мақсатына, жол жағдайына (жолдың тегістігі, бойлық енісіне және төсемнің тайғақтығы), қоршаған ортаға (көрінуі, ауаның температурасы, жауын-шашын) тәуелді болады.

Жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы , көше немесе жолдардың сипаты және ондағы орналасқан ттиеу объектілеріне байланысты кең шекте құбылады. Әсіресе жаяу жүргінші қозғалысының жоғарғы қарқындылығы үлкен қалалардың негізгі және сауда көшелеріне, сонымен қатар көліктік ауыстыру тораптарының аумағына (вокзал, метрополитен, станция) тән.

Жаяу жүргінші өтімін ұйымдастыру сұрақтарын шешкенде қолданылатын қосымша көрсеткіштердің бірі, кідіру уақыты болып табылады. Кідірістерді өтімнен амалсыз күту мүмкіндігіне әр адамның жоғалтқан уақытымен немесе бұл қиылыстан өткен әрбір жаяу жүргіншіге шаққандағы, осы уақыттың орташа мәнімен анықталады. Өтімдегі жаяу жүргіншілердің салыстырмалы кідірісінің уақыт аралығын мына формуламен есептейміз (%):



(4.2.4)

мұндағы - жаяу жүргіншілердің өту бөлігін қиып өтуге кететін уақыттың қосындысы (Т уақыт аралығы, мысалы 1 сағ).



Дәріс №6 Жол көлік оқиғаларын зерттеу. Жол-көлік оқиғаларын есептеу. Жол-көлік оқиғаларын сараптау. Жол-көлік оқиғаларын талдау әдістері. Жол-көшелі желіде апаттар ошағын айқындау тәсілдері. Даулы нүктелерді талдау. Даулы жағдайларды зерттеу. Жол қозғалысын үйымдастырудың негізгі бағыттары мен тәсілдері. Біртекті көлік ағындарын ұйымдастыру.

Жол-көлік оқиғалары

Жол-көлік оқиғаларының статистикасын зерттеу кезінде оңғы жылдары жолда үлкен жылдамдықты автомобильдердің саны көбеюде. Қалааралық байланыс жолдарының ені небары 7.0-7.5 м ғана болатын магистраль жолдар көп, олар жоғары қарқындылықты көлік ағындарына икемделмеген.

Негізінен жылдамдық тәртібін жас жүргізушілер дұрыс таңдамайды. Жалпы жұмыс стажы 1 жылға дейінгі жүргізушілердің 8 пайызына жол-көлік оқиғаларының 16,5 пайызы келеді, немесе олар жұмыс стажы 1 жылдан көп жүргізушілерден шамамен 3 есе жиі жол-көлік оқиғасына душар болады. Айрықша күрделі жол жағдайларында (тайғанақ жолдарда, мұздақ, тәуліктің қараңғы уақыттарында) қозғалыс жылдамдықтарын дұрыс таңдауды білу, жүргізушінің мамандық шеберлігінің деңгейін сипаттайды.

Белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған жол-көлік оқиғаларының санына байланысты оқиғаның меншікті коэффиценттерін салыстыру біршама қызығушылық тудырады. Оқиғаның меншікті коэффициенті белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған пайыздағы жол-көлік оқиғаларының санының пайыздағы жолдың сол жағдайының орташа ұзақтығына қатынасы арқылы анықталады.

4.2.5-кесте. Оқиғалықтың меншікті коэффициентерінің таратылуы

Жол төсемінің жағдайы

Құрғақ

Дымқыл

Тапталған қар

Тайғанақ, мұз басқан жол

Оқиғалықтың меншікті коэффициенті

0,51

2,03

1,2

2,78

Кестенің мәліметтеріне қарай отырып, тайғанақ және мұз басқан жол жағдайы кезінде жүргізушілер жылдамдықты дұрыс таңдау бойынша үлкен қиындықтарға душар болады. Бірақ та, ауырлық дәрежесі бойынша дымқыл жолдарда жол –көлік оқиғаларының саны көп, себебі мұндай жолдарда мұз басқан жолдарға қарағанда автомобильдің қозғалыс жылдамдығы үлкен болады.

Жол-көлік оқиғалары – көлік құралдарының жолмен жүруі кезінде және оның қатысуымен пайда болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, т.б. зақымданған не өзгедей материалдық зиян келтірілген оқиға. Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайларын талдау және осы себептер мен жағдайларды жою үшін әр елде, аймақта, қалада жол-көлік оқиғаларының есебі жүргізіледі. Оны елдің Ішкі істер министрлік мекемелері, автомобиль жолдарын мемлекетті басқару органдары, идаралық және жеке меншік жолдарының иелері жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелеріне сәйкес жүргізеді [2].

  Автомобильдерді басқарғанда орын алатын жол және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы көп жағдайда ондай техникаларды  адамдардың  дұрыс басқаруына байланысты [3]. 



Жүргізушінің қандай қасиеттері болуы қажет. Әрбір адам автомобильді жүргізуді үйрене алады, бірақ техниканы жақсы, сауатты және жол транспорттық оқиғасыз басқаруы үшін жүргізуші белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Ол қасиеттердің негізгілері мыналар: көзбен мөлшерлеуі ерекше, уақыттың қысқа мерзімін бағалай алу қабілеті, назарды жақсы бөле білу және аудара алу, қысыл таяң жағдайда дәл әрі мейлінше жедел реакция жасай білуі, эмоциялық баяндылығы жоғары болуы.

Жол элементтерін көру және түйсіну. Жүргізуші жолдың және оның маңайындағы барлық элементтерді өзінің назарында ұстай білуі қажет.

Жылдамдықты және жүру бағытын көре отырып түйсіну ерекше маңызды роль атқарады. Жолмен жүріп келе жатқанда жүргізуші қозғалмай тұрған әр түрлі заттарға қарап, өзі жүргізіп келе жатқан машинаның жылдамдығын анықтай білуі қажет. Бұл дағды жол айырықтарындағы жағдайларды анықтау кезінде өте қажет-ақ. Жол айырығына таяу келіп қалған машинаның жылдамдығын сезіну, жол айырығына дейінгі қашықтықты және оған дейін жетуге қажетті уақытты анықтай білу, айналып өтер және қуып озар кезде ара қашықтықты және бүйір аралықты дұрыс таңдай білу жүргізушіге тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Назардың нашарлауына шаршау, автомобильді ұзақ уақыт, аялдаусыз жүргізу әсерін тигізеді. Жол-транспорттық оқиғалар көбінесе жүргізуші үздіксіз 10—11 сағат жұмыс істеген соң болып қалып отырады. Назарға психикалық зорығу, ауру, алкоголь күшті әсер етеді.

Жүргізушінің рөльде отырып қалғып кетуі көпшілік жол-транспорттық оқиғалардың себебі болып табылады.

Жүргізушінің жалғыз өзі бірде-бір реакцияны қажет етпейтін бір сарынды жолмен жүріп келе жатқанда ұйқысы келеді. Қалғып кетуді болдырмау үшін жүргізушінің ұзақ сапарға шығар алдында ұйқысын қандыруы қажет, ұйқының алғашқы белгісі біліне бастаған кезде машинадан шығып, жүру және гимнастикалық жаттығу жасау керек, ең жақсысы 20—30 минут ұйықтап алған жөн.

Жүргізушінің көңіл күйі жақсы болса, оның айналадағы жағдайды сезінуі өте дәл, реакциясы тым тез, қозғалысы аса үйлесімді болады. Ол жүргізушінің психикалық күйіне байланысты. Қайғы, ауыр күйзеліс қарама-қарсы нәтижеге әкеп соқтырады, адам селқос болып қалады.

Жүргізушінің мына формула бойынша әрекет етуі қажет: мұқияттылық, байқампаздық, сезімталдық, батылдылық. Бұларға қоса сақтық, ептілік және гумандылық та қажет.

Түнгі рейс алдында машинаның техникалық күйін мұқият тексеріп шығу керек; жүргізушінің алдағы маршрутты (жүруге қиындық келтіретін учаскелерді, өр мен ылдиды, көпір мен өткелдерді) жақсылап зерттеп алуы қажет.

Автомобильдің, доңғалақты трактордын, және басқа өздігінен жүретін машиналардың аударылуына жиі себепші болатындар мыналар: шұғыл бұрылыстар мен тайғақ жолдарда жылдам жүру; бір бүйірге алып қашу және оның кенет тоқталуы; артқы доңғалақтың борттық тасқа немесе басқа кедергілерге тірелуі; рульдік дөңгелекті шұғыл бұру; кенет тежеу; автомобиль қорабында, тіркемеде жүкті бірқалыпсыз орналастыру.

Жүргізушінің бұрылысқа қарама-қарсы жаққа бағытталған көлденең көлбеулігі бар жолда бұрылу кезінде өте сақ болғаны жөн. Жүктің дұрыс орналаспауы бұрылыс кезінде бүйірге қисаюына әсер етеді, мұндай кұбылыс сұйыққа онша толмаған автоцистернаның жүрісі кезінде болады. Машинаның ауырлық центрі биіктеу (тіркеме қорабы жүкке толтырыла тиелген кезде) орналасқан сайын, бұрылыста жүру жылдамдығы едәуір баяулатылуы тиіс.

Бұрылыста, әсіресе тайғақ жолда, тежеу немесе жылдамдықты арттыру өте қауіпті, себебі доңғалақты тежеу немесе тарту күштерінің әсерінен жолдың жабынымен екі аралықтағы ілініс коэффициенті төмендеп аударылып кетуі мүмкін. Машинаның алдына немесе артына қарай алып қашу білінісімен оны тоқтату үшін былайша істеу қажет: машинаның   алдыңғы бөлігің алып қашқан кезде рульдік дөңгелекті алдыңғы  доңғалақтарының сырғанау бағытына қарама-қарсы жаққа бұрады, ал машинаның  артқы осінің алып қашуы кезінде — алып қашу бағыты жағына бұрады.

      Еліміз жолдарындағы көліктердің бір-бірімен соқтығысып немесе жаяу жүргіншілерді қағып, басып кету салдарының негізгі үш себепке байланысты:

-  жүргізуші жол жүру ережесін талапқа сай білмейді;

-  жүргізуші өтілі аз немесе қасақана тәртіп бұзып, жол жүру ережесін сақтамайды;

-  жол, көлік және жаяу жүргіншілер кінәсінен.

Аттестаттау қорытындысымен  бірқатар басшылар ауысып кетті. Қызметтен кеткендердің басым бөлігі осы жол полициясында істейтіндер. Жол ережесін сақтамағандарға заңды күшейту керек. Айыппұл көлемін бірнеше есеге арттыру жағын қарастыруды халық қалаулары Парламентке ұсынуы қажет.

Жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін сараптама тобы бір қатар ұсынысты ортаға салды. Олардың қатарында: белгіленген салмақтан тыс жүк артатын ауыр автокөліктердің жүрмеуіне қатаң бақылау жасау, тасымалдаушы кәсіпорындар өкілдерінің жол полициясы қызметкерлерімен және осы саладағы басқада құзырлы органдармен  бірлесе отырып, жергілікті жерлердегі қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздік, нұсқаулық белгілері мен жолдың  сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру мәселесі бар. Сонымен бірге, қалааралық трассаларда жүргізушілердің демалуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы орындар ұйымдастыру, қалааралық трассаларда белгілі бір жерлерге жедел көмек қызметін (01, 02, 03) шақыру мақсатында телефон бекеттерін орнату, В, С, Д категориялы жүргізушілерді оқытуды арнайы базасы мен оқытушылары  бар автокомбинаттарда өткізу, оқу соңынан жүргізушілерді 3 айлық мерзімде өндірістік тәжірибеден өткізуін ұйымдастыру, жол полициясы басқармасында өтетін сынақтарда емтихан тапсырушының жол жүру ережесін білуі, тәжірибеден өткендігі туралы анықтаманың сұралуы қажет деген сияқты талаптар бар. 

Апаттың барлығы жол полициясы мен көліктің бақылау инспекциясына итеріп тастап, бақылаушы болып отыру әділеттікке жатпайды. Ел қоғам болып күресуіміз керек.

Мамандардың статистикалық мәлімет негізінде берген материалдар бойынша жол-көлік оқиғасының 60 пайызы қыс мезгілінде болады екен. Апта ішіндегі ең қауіпті күндер: жұма, сенбі, ал тәулік ішінде- 16.00-20.00 ге дейінгі уақыт аралығы.

Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді толық және жан-жақты талдаудың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімдерді өңдеу үшін, соның ішінде қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шешімдердің негізі болп табылады. Маңызды міндеттердің ішінде ЖКО туралы мәліметерді талдау негізінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту міндеттерінен басқа келесі мэселелерді айтуға болады:



  • қозғалыс жағдайларын, көлік құралдарының конструкциясын, жүргізушілердің кәсіби дайындығын, сондай-ақ, осы іс-шараларды бағалауды жетілдіру бойынша іс-шаралар кешенін егіздеу; жол-көлік оқиғаларын алдын-ала бағдарлау;

  • әр турлі бағыттар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі мен апат жағдайын салыстыру үшін ақпараттарды өңдеу әдістемесін жасау;

  • жол-көлік оқиғаларын жекелей талдау және себептерін зерттеу.

Кез-келген нақты жол-көлік оқиғасы кездейсоқ жағдай болуына қарамастан, ақпараттарды толық көлемде статистикалық талдау олардың пайда болуының жалпы заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Жол-көлік оқиғасының тіркеу материалдарын зерттеудің қозғалысты ұйымдастырудың мақсаты үшін қажетті үш сипатты бағыттарын.. атауға болады және оларға сәйкес талдаудың үш әдісі бар:

  1. Сандық талдау - жолдың белгілі бір аумағында апат жағдайын бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша өткізілетін іс-шараларға байланысты оның өзгеру тенденцияларын анықтау;

  2. Сапалық талдау - жол-көлік оқиғаларының пайда болуына әсер ететін себептері мен факторлардың әсерін зерттеу және оларды жою бойынша іс-шаралар жасау.

  3. Топографиялық талдау - жол-көлік оқиғасы жиі болатын жол учаскелері мен орындарын анықтау.

Құжаттық зерттеу

  • Бұл әдістің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайларда зерттеу болып табылады, сондықтан бұл әдісті кейде камералық деп те атайды. Құжаттамалық зерттеуді арнайы жинақталған мағлұматтар негізінде, сондай-ақ іс жүзіндегі және өзге мақсаттарда қолданылатын мағлұматтар негізінде де жүзеге асыруға болады.

Жүктерді тасымалдау қашықтығы іс жүзіндегі көше-жол тораптарына сәйкес келетін фактілік бағытжолдар бойынша анықталады. Сұрақтамалық зерттеуді, сонымен қатар жүргізушілердің қозғалысты ұйымдастырудағы немесе жол жағдайларындағы кемшіліктер туралы ескертулерін жалпыламалау үшін де пайдалануға болады.

Камералық зерттеулердің маңызды бөлімін (тарауы) қозғалыс өлшемдерінің өсуі мен автомобильдер паркінің өзара құрылымдастығы туралы ғылыми болжамға негізделген. Жол-көлік оқиғасының жол полиция ақпаратындағы есепке алу картотекасын дәйекті зерттеу олардың жан-жақты талдамасын орындауға және жол-көлік оқиғасының пайда болуына әкеп соққан себептер мен себепкерлерді жалпыламалауға мүмкіндік береді.

Қолда бар жобалық құжаттамаларды көше-жол тораптарында талдау қозғалысты ұйымдастыру шешімдерді өңдеп шығаруға қажетті жол сипаттамаларын (жалпы енін, жолақтар санын, бұрылулар радиусын және т.с.с) алдын-ала дайындап шығаруға мүмкіндік береді.

Шынайы зерттеулер

Шынайы зерттеулер уақыттың берілген кезеңінде факт жүзінде өтетін жол қозғалысының нақты жағдайларын және көрсеткіштерін тіркеуге негізделген. Әдістердің бұл тобы қазіргі уақытта кең таралған және өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шынайы зерттеулер жолдардың күйі туралы нақты ақпараттарды алудың жалғыз (бірыңғай) әдісі болып табылады және іс жүзіндегі көлік және жүргізушілер ағындарының дәл сипаттамасын беруге мүмкіндік етеді.

Жол қозғалысы сипаттамаларының шынайы зерттеулері ақпаратты алу әдісінен және алынған ақпараттың сипатынан тәуелді екі топқа бөлінуі мүмкін:



  • көптеген сипаттамаларды және олардың уақыты бойынша өзгерулерін алуға мүмкіндік беретін стационарлық кедендерде зерттеу;

  • жол қозғалысының алуан түрлі себепкерлерінің кеңістіктің және кеңістікті-уақыттың сипаттамаларын алуға мүмкіндік беретін жылжымалы құралдардың көмегімен зерттеу.

Екінші топқа жататын зерттеулерді көбінесе автомобиль-зертхананың немесе ағында “жүзетін” автомобильдің көмегімен жүзеге асырады. Барлық шынайы зерттеулер үшін жалпы шарт жол-көше торабының зерттелетін нүктесінде бақылаушының қатысуы қажеттілігі болып табылады. Жол қозғалысының нақты зерттеулері белсенді немесе енжарлы әдістермен жүргізіледі.

Көлік ағындарын стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.

Көлік ағындарын жылжымалы құралдармен зерттеу. Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті – уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар – жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. “Жүзу” автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басып озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады.

Қозғалысты модельдеу

Қозғалыс барысын физикалық немесе математикалық әдістерімен, мысалы ЭЕМ-ның көмегімен жасанды үндемей өндіруге негізделген физикалық моделдеудің қарапайым мысалы ретінде әртүрлі көлік құралының ептілік және аялдау мүмкіндерін тексеру әдісін алуға болады.

Көлік құралдарының математикалық жазбасына негізделген матема-тикалық модельдеу (есептеу тәжірибесі) кеңінен таралған. Шынайы тәжірибе нәтижелерін зерттеу бернелік қатынастарды және теориялық үлестірулерді алуға мүмкіндік береді, осылардан шыға отырып математикалық модельдерді тұрғызады.

Зерттеулердің ұйымдастырушылық және әдістемелік міндеттері жүргізілетін зеттеу жұмыстарының мақсаттарына және масштабтарына және олардың аспаптық жарақтау мүмкіндіктерінен тәуелді болады.

Әрбір зерттеу ережесі бойынша, 4 негізгі кезеңдерден тұрады:


  • 1-ші кезең: бағдарлама жобасын және зерттеулер әдістемесін өңдеп шығару;

  • 2-ші кезең: зерттеулерді дайындау (әзірлеу);

  • 3-ші кезең: зерттеулерді тікелей жүргізу;

  • 4-ші кезең: алынған нәтижелерді өңдеу және есеп беру жазбасын құрастыру.

Жол қозғалысының параметрлерiн зерттеу

Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын қауіпті жағдайларды жылдамдықты дұрыс таңдамау қала сыртындағы жолдарға қарағанда қала ішінде көбірек (53 %) болады. Жол көлік оқиғаларының қаладағы таратылуы төмендегідей:



екі қиылыс аралығындағы жолдарда 76,9%;

реттелмейтін қиылыстарда 8 %;

реттелетін қиылыстарда 4,9 %;

жалпы пайдалатын көліктердің тоқтайтын аумақтарында 6,3 %.

Ал қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының 10 % астамы жол бұрылыстарынан өткен кезде және 13,4 % өрлер мен құламаларда қозғалыс жылдамдығын дұрыс қабылдамауға байланысты болады.


Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-қимылдар құрылымы.

1. Жол-көше жүйесіндегі қалыптасқан қозғалысты ұйымдастыру деңгейі туралы ақпараттар, транспорттық және жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы мен құрамы жөніндегі мәліметтер және жол қозғалысы туралы басқа да хабарламалар жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасау үшін негіз болып табылады. Мұндай мәліметтерді, әдетте, қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар кешенін жасауға тапсырма берілген мекеме (жобалау, жолды пайдалану және коммуналдық) жинақтайды. Бұл мәліметтерді жинау үшін жол-көше жүйесінде және жол қозғалысын зерттеу ұйымдастырылады.

2. Қолданылып жүрген жол-көше жүйесінің бойындағы жол-транспорт және жаяу жүргіншілер ағындарының кідірісі байқалған жол бөліктерін, жолдың өткізу мүмкіндігі шектелген аймақтарын анықтау жұмыстары жол-трапспорт оқиғаларының есебі туралы мәліметтерге, жол полициясы басқармаларының Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы ақпараттарына, жол-көше жүйесінің жекелеген бөліктерінің откізу мүмкіндіктерін бағалау нәтижелеріне және қозғалу лабораториясы көмегімен жүргізілген қозғалыс жағдайларын зерттеу есептеріне негізделеді. Жол-көше жүйесінің қауіпті орындарын анықтау жұмыстарын, жүйелі түрде, белгіленген аймаққа немесе жол бөлігіне қызмет көрсететін жол полициясының тиісті бөлімдері атқаруы тиіс. Ал жолдардың өткізу мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарын жол полициясы басқармасымен қатар жол қозғалысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге тапсырма алған мекеме де жүргізеді.

3. Жол-көше жүйесінің жағдайы, жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейі, жол-транспорт оқиғалары туралы және олардың шоғырланған орындары жайлы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті техникалық-экономикалық негіздеу арқылы, жол қозғалысын ұйымдастыру жобалары жасалады. Берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерге байланысты жоба не белгілі бір жергілікті жер бөлігі үшін (көше қиылысы, жол бөлігі), немесе қала үшін, автомомбиль жолдары, қала көшелері үшін жасалуы мүмкін. Добаны жасау үшін тапсырма тек қана арнайы жобалау мекемесіне беріледі. Ал жобалау тапсырмасын, әдетте, жергілікті әкімшіліктердің тиісті бөлімдері, сол аймаққа немесе жолға қызмет көрсететін жол полициясы органдарымен бірге, жасайды.

4. Жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қабылданған іс-шараларды іске асыру жұмысына тікелей қатысу қажет болған жағдайда жобалау шешімдеріне өзгерістер енгізуге және оларды тәжірибе барысында тексеруге мүмкіндік береді.

Қозғалысты ұйымдастыру бойынша кез-келген шараны тағайындау мен іске асыру жол қозғалысының барлық мүшелерінің тәртібін реттейтін белгілі бір ережелердің бар болуын есепке алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін жол қозғалысын ұйымдастырудың негізі деп есептеу қабылданған. Жол белгілері мен таңбалары, бағдаршамдық реттеу қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлылығын қамтамасыз ететін қосымша және аса маңызды құралдар болып табылады.

5. Жол қозғалысын ұйымдастыруға шұғыл өзгерістер енгізу қажеттігі әр түрлі көпшілік шараларды өткізу барысында және жол-көше жүйесінің кейбір жекелеген бөліктерінде транспорт құралдарының кептелуі байқалған жағдайда, жол-транспорт оқиғалары тіркелген орындарда, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында туындайды. Әдетте, көпшілік шараларының өткізілу орындары алдын-ала белгіленіп қойылады, сондықтан қозғалысты ұйымдастыру қызметтерінің қолында, тиісті мекемелер мен ұйымдармен келісілген, уақытша жабылатын көшелер мен жолдарды айналып өту схемасы болуы тиіс. Жалпы, жол қозғалысын ұйымдастыруды өзгерту және оны жүзеге асыру жол полициясы қызметтеріне тапсырылды.
Дәріс№7 Көлік құралдарын тұрақтар мен қоғамдық көліктің аялдамаларын орналасуы. Тұрақтар қажеттілігі мен өткізу қабілеті. Қоғамдық көліктің аялдау және басып озу бекеттерін орналастыруы мен жабдықталуы. Жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін зерттеу Спецификалық жағдайда қозғалысты ұйымдастыру. Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу Қыс мезгіліндегі қозғалыс. Мұз өткелдері. Паромдар. Таулы жердегі қозғалыс. Темір жолды кесіп өтетін жерлер. Жолды жөндеу жерлерінде қозғалысты ұйымдастыру.
Көлік құралдарын тұрақтар мен қоғамдық көліктің аялдамаларын орналасуы. Тұрақтар қажеттілігі мен өткізу қабілеті. Қоғамдық көліктің аялдау және басып озу бекеттерін орналастыруы мен жабдықталуы.

Қала тұрғындары контингентінің, автомобиль паркінің артыуы, көлік құралдарының жүрісінің көбеюі ЖКО алдын алу және қозғалыстың жоғары жылдамдықтарын бірге қамтамасыз етумен байланысты қалаға ойланатын мәселе тудырып отыр.

Әр түрлі елдерде ғалымдар көлік ағындарын ұйымдастыруда бірдей әдістерді қолданбайды, өйткені бұл мәселені әмбебапты түрде шешу мүмкіндігі жоқ.

Қала салушылар өздерінің күштерін қалаларда, қала айналысында және халықаралық автомагитральдармен қосылған жерлерде үзіліссіз қозғалысты магистральды көшелер мен қаланың жоғары жылдамдықты жолдар жүйесін көлік құралдары қозғалыстарының шиеленістік бағыттарында екінші жаңа көшелер салу, көпірлер, жол торабы мен транзиттік автомат қозғалыстарын айналып жүретін автомагистральдарын салуға жұмсайды.

Жол қиылыстарында, алаңдарда және қала жолдардың бұрылыстарында жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бағытталған аралшықтар мен бағдаршамдардың ретке келтіруді қою ұсынылды.

Алаңдар мен қиылыстардың пішіні, қозғалыстың түрі мен көлеміне байланысты олардың формалары мен мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында автомобиль көлігі маңызды роль атқарады. Автомобиль көлігі біріншіден, халық шаруашылығында зор еңбектенуді қажет ететін салаларының бірі болып табылады, екіншіден, энергетика ресурстарын көп шығындайды, үшіншіден, көп қаржы қоры мен салымын қажетсінеді.

Автомобильдендіру мемлекет экономикасына орасан зор әсер етуімен қатар, адамдар үшін қолайлықты және жабдықталғандықты жасауымен қатар, бірқатар жағымсыз құбылыстарды: адам құрбандықтарын, жол-көлік апаттары (ЖКА) нәтижесінде болатын орасан зор материалдық зиянды, қаланың ауалық бассейіндерінің газдануын, көшелердің тұрған автомобильдермен үйіліп бөгеттелуін, сондай-ақ көліктік іркілістердің және қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуін тудыруы мүмкін.

Қазіргі уақытта еліміздегі жалпы пайдаланымдағы 91 мың шақырым автомобиль жолының үштен біріне жуығы қанағаттанғысыз жағдайда, оның 11 мыңға жуық шақырымы республикалық маңыздағы жолдар. Жол апаттарының артып кетуіне жолдардың сапалық жағдайы да кері әсер етіп отыр.

Осыған байланысты «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заң талаптарына сәйкес үкіметке автомобиль жолдарын жобалау, жөндеу, қалыпқа келтіру жөніндегі нормативтік және жобалық-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі шаралар қабылдау тапсырылған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын шешу мақсатында жергілікті әкімдерге орта мерзімді өңірлік бағдарламалар әзірлеу керектігі де айтылған.

Қиылыстарда автомобильдердің топталып қалулары және жиі аялдаулар, қаланың ауалық бассейнінің отынның толық жанбай қалған заттарымен жоғары ластануының себептері болып табылады. Қала халқы әрдайым көліктік шуылға және жанар-жағар майлардан шығарылған газдарға душар болады.

Қозғалыс шараларын және қозғалысты ұйымдастыруды іске асыру кезінде ерекше рөл техникалық құралдарды: жол белгілерін және жол таңбаларын, бағдаршамдық реттеуді, жол қоршауларын және бағыттағыш құрылғыларды енгізуге беріледі.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:

— жолдың берілген учаскесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату;

— көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу;

— көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қозғалысын тәртіпке келтіру;

— қақтығысу нүктелерінің санын азайту;

— Ойдан алынған қиылысты және көше-жол торабының зерттеліп отырған бөлігінде жол-көлік апаттарының санын азайту.

Қала қозғалысының өсуіне қарай қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын, жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру мәселесі бірінші орынға қойылады.

Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және меншікті көліктерді пайдалануға қолайлықты қалыптастыру үшін, көше-жол желісін жетілдіруден басқа қозғалысты бақылау және басқару бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет.

Қалалар мен елді мекендер аумағындағы өзара шиеленісуші көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылықтарының әртүрлі қатынастары үшін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның деңгейін арттыру мақсатында қолданылуы мүмкін ұйымдастыру және реттеу іс шаралары да әртүрлі болып келеді. Олардың барлығының мақсаты жол–көше жүйесінің, салыстырмалы түрдегі кішігірім элементтері арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін көтеру.

Бұл ретте жаяу жүргіншілер аймақтарын қолдану мәселесінің орны бөлек. Оларды енгізу нәтижесінде жол-көше жүйесінің көлік құралдары тарапынан қолданылатын едәуір бөлігі алынадыжәне ол, олардың өткізу мүмкіндіктерінің төмендеуіне, көлік ағындарының тығыздығының артуына және осы сияқты басқа да келеңсіз жағдайлардың пайда болуына алып келеді. Сол себептен де, жаяу жүргіншілер аймағын қолдану жол-көлік жағдайларын кешенді түрде сараптауды және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс шаралар жүйесін өткізуді қажет етеді. Жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы «Жаяу жүргіншілер аймағы» тәсілі қалалық тұрғындарды тарту орталықтарын пайдалану жағдайларын жақсарту, тарихи ескерткіштерді сақтау, экологиялық ақуалды жақсарту, қала халқының демалу жағдайларын қамтамасыз ету және

жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Жаяу жүргіншілер аймақтарын енгізу, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәйекті түрде негізделген, жалпы қалалық деңгейдегі ұйымдастыру-реттеу шарасы болып табылады.. Сондықтан да, жаяу жүргіншілер аймақтарын енгізу үшін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағындарына арнайы зерттеуді ұйымдастыру керек. Зерттеулер нәтижесінде апаттылық деңгейі мен қозғалыс ыңғайлылығы, аумақтағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізудің мүмкін болатын зардаптары бағалануы керек.

Жобалау шешімдерінің алуан түрлілігі жаяу жүргіншілер аймақтарын ұйымдастырудың да көптеген үлгілерін ұсынады.

Көшелер мен жолдардың түрі мен ұзындығына байланысты жаяу жүргіншілер аймағы мына төмендегі аудандарды қамтуы мүмкін:

- негізінен жаяу жүргіншілерге арналған бірыңғай аудан;

- қаланың әртүрлі орамдары мен аудандарындағы жаяу жүргіншілер көшелері;

- қаланың үлкен аумағын кесіп өтуші жаяу жүргіншілер торабы (жүйесі).

Құрылысты жүргізудің жұмыс сипатына байланысты жаяу жүргіншілер аймақтары мынадай аудандарда құрылуы мүмкін:

- қаланың негізгі сауда мекемелері мен тұрғындарды өзіне тарту орталықтары

орналасқан, орталық аудандары;

- қаланың саяхатшыларды өзіне тарту орталығы болып табылатын, тарихи аудандары;

- қаланың балалардың ойын алаңдары мен үлкендердің демалысына арналған, аудандары.

Жаяу жүргіншілер аймақтарын салу мына жағдайларда тиімді болып есептеледі:

- тарихи және сәулеттік көрікті орындардың сақталуын қамтамасыз ету;

- қаланың белгілі бір ауданының экологиялық қауіпсіздігін, басқа бір әлеуметтік себептер

(кейбір жағдайларда экономикалық себептер) тұрғысынан арттыру;

- халықты тарту орталықтарының тұрғындар үшін қол жетімділігін арттыру;

- жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Бұл ретте жолдың жүріс бөлігінің, жаяу жүргіншілерге ажыратылып берілетін енінің шамасы:

Впр.ч.= 0,75(Nф - Nр)/1000, м

мұндағы Nф - жаяу жүргіншілер қозғалысының нақты қалыптасқан қарқындылығы.

Жолдың жүріс бөлігінің өткізу мүмкіндігі:

Р = 500/3 [bпр.ч – 0,015(Nф - Nр) – 3,8] , бірлік/сағ.

мұндағы bпр.ч – жолдың жүріс бөлігінің жалпы ені, м.

Қозғалыспен жүктелу коэффициентінің шамасы 0,8 ≤ Nтр/P ≤ 1,0 болғанда, жолдың жұмысының экономикалық тиімділігі жеткіліксіз болады. Мұндағы Nтр – көлік құралдарының

қарқындылығы, авт/сағ.

Бұл ретте, кейбір көлік құралдарының жекелеген санаттарына аймаққа кіруге шектеу қойылады мысалы, жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салу.

Қозғалыспен жүктелу коэффициентінің тиімді шамасын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда (z<0,8), яғни көлік құралдарының қозғалысының нақты қалыптасқан қарқындылығының (Nф.тр) жолдың жүріс бөлігінің өткізу мүмкіндігінің 80 % - нан асып кетуі тіркелген жағдайларда, экономикалық (тасымалдау үрдісінің тиімділігі) және әлеуметтік (жол қозғалысының қауіпсіздігі) көрсеткіштер бойынша бұл көшені көлік құралдарын өткізу үшін

пайдалану оңды нәтиже бермейді. Жаяу жүргіншілер аймағын, жаяу жүргіншілердің көлденең қозғалысының қарқындылығы көрсеткіші бойынша енгізу шартының түрі мынадай

(Nф - Nр) > 0,8/3(500 Впр.ч1900 - 3 Nф.тр)

(1)

Жаяу жүргіншілер аймақтары, әдетте, тұрғындарды өзіне тарту орындары шоғырланған (сауда орталықтары, театрлар, мұражайлар, қызмет көрсету орындары және т.с.с.) және жаяу жүргіншілер ағындарының жоғары қарқындылығын тудыратын, көшелер мен жолдар да енгізіледі.



Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелдері арасындағы ара қашықтық өте аз болады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жиынтық өткізу мүмкіндігі көлік құралдарының қарқындылығына байланысты болады. Жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығы Nп, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жинақ өткізу мүмкіндігінен Рп асып кететін болса, онда жер бетілік жаяу жүргіншілер өткелдерінің техникалық жарақтандырылуын жақсарту мәселесін қарау және көшелерден тыс жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселесін қарау қажет болады. Материалдық шығындардың өсуімен қатар жол-көлік жағдайларының техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігіне әсерін де ескере отырып, оларды жарақтандырудың оңтайлы шешімі нақты жағдайларға байланысты қабылдануы керек. Қандай да бір шараны қабылдаудың көрсеткіші ретінде оны іске асыруға жұмсалатын шығындар көлемі мен көлік құралдарының іркілісін, қатынас уақытын және жанармай шығындарын төмендетумен байланысты үнемделетін қаржы көлемімен салыстырылады


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет