Тасымалдауды ұйымдастыру және


Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу



бет7/10
Дата12.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#11558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тәуліктің қараңғы уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу

Тәуліктің қараңғы мезгілінде автомобиль жолдарында барлық ЖТО 40-50% орын алады. Бұл кезде қозғалыс қарқындылығы тәуліктік орташа қарқындылықтың небәрі 10-15% құрайды. Автомобильдердің орташа қозғалыс жылдамдығы түн мезгілінде орташа есеппен 5-7 км/сағатқа төмендейді.

Тәуліктің қараңғы мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін негізгі инженерлік шараларды атап өтетін болсақ:

A) түнгі мезгілде көріну шамасын жақсарту үшін автомобиль жолдарын қайта салу;

Б) тұрақты жарықтандыру құралдарын орнату;

B) арнайы, жарық жол қаптамасын қолдану;


Г) жолдың жүріс бөлігін таңбалау;

Д) шағылыстыруға қарсы бағыттаушы қондырғыларды орнату және жол бойын көгалдандыру;

Е) арнайы жарықтандырылушы жол белгілерін орнату.

ЖТО талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай жоғарда аталған шараларды ең әуелі жолдардың қауіпті жолдардың жүзеге асырған тиімді:

A) елді мекендерде;

Б) транспорт тораптарда;

B) жол өткелдерінде, көпірлерде, темір жол өткелдерде;
Г) радиусы кіші бүрылыстарда;

Д) тұмандар жиі болып тұратын ойпаттар арқыды өтетін жол бөліктерінде.

Қарыңғы мезгілде жүргізуші жол жағдайларын нашар қабылдайды, автомобильдің жылдамдығын дәл бағалай алмайды, сыртқы жарық беру көздерінен шағылысуға ұшырайды.

Кесте 4.1.

N

ЖТО түрлері

ЖТО таралу, %

ралуы, %


Күндіз

Түнде

1

Жаяу жургіншілерді қағып кету

10

90

2

Қарсы келе жатқан велосипед-шілерді қағу

28

72

3

Транспорт қүралдарының соқ-тығысуы

64

36

4

Автомобильдердің аударлуы

71

29

5

Автомобильдердің кедергілер-мен соқтығысу

38

62

Сонымен қатар, ірі құрылыс алаңшалары маңынан өтетін жол бөліктерінде жүргізушілердің көзін шағылыстыруды болдырмауға үлкен көңіл бөлу керек. Бұл жерде жүргізушілерді түрақты прожекторлар жарығымен шағылыстыру қауіпі жоғары. Сондықтан жол бөліктерін зерттеу кезінде жүргізушілерге эсер етуші прожекторларды анықтау және олардың орнын ауыстыруды талап ету қажет.

Тұрақты орналасқан жарық беру көздері жоқ жалдар мен көшелерде жүргізушілердің оптикалық бағдарлауына үлкен көңіл бөлу керек. Оптикалық бағдарлау жүргізушілерге жолдың жүріс бөлігінің және жол белу жолақтарынаң шекарасын, сонымен қатар жолдың жүру бағытын анық анықтауға көмектеседі. Түнгі мезгілде тиімді әсер беретін оптикалық бағдарлау құралдарына жолдың жүріс бөлігінің көлденең таңбалануын атауға болады. Таңбалауды арнайы жарықтандырғыш бояумен жасайды. Жарық - қайтарғыш элементтерді, сонымен қатар МемСТ - 23457 - 86 талаптарына сәйкес қолданылатын тік бағыттаушы қондырғыларда пайдалану қажет.

Бағыттаушы тұғырлар көшенің жүріс бөлігінің шетінен 0,5 / 1,0 м. қашықтықта орнатылады. Жарыққайтарғыш элементтер оң жақтан қызыл түсті, ал сол жақтан ақ немесе сары түсті болуы тиіс. Мұндай орналыстырулар «Жол белгілері мен таңбалары туралы конвенция» талаптарына сай келеді. Себебі, жолдың оң жағының қызыл түске боялуы автомобильдердің артқы габариттік жарық түсіне сәйкестігінде.

Тәжірибелер нәтижелерінде белгілі болып отырғанындай, жолдың бойына тек қана үзік остік сызықты салу тәуліктің қараңғы мезгіліндегі қозғалыс қауіпсіздігінедәуір арттырады. Бұл тұрғыда, жолдың шетін бояумен немесе боялған бетонмен белгілеу тиімділігі жоғары. Бұлардың бір ғана кемшілігі бар, ол - олардың тез ластануы. Сондықтан жол шеті нашар жабдықталған жолдарда жол таңбаларын бағыттаушы тұғырлармен жабдықтап, олардың тазалығына бақылау жасау қажет.

Жолдарды тұрақты жарық беру көздерімен жабдықтау оптикалық бағдарлау құралдарын қолдану қажеттілігін жоймайды. Әсіресе, жарық беруші көздерді тоннельдерге кіре берістегі қауіпсіздік аралшаларына, эстакадалар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне қою қажет.

Қараңғы мезгілдегі қозғалыс қауіпсіздігінің басты шарты ретінде жол белгілерін жүргізушілер тарапынан уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуді атауға атуға болады. Жол белгілерін қараңғы мезгілде байқау тек қана олардың ішкі және сыртқы жарық беру көздерімен жабдықталғанында немесе олардың жарыққайтарғыш материалдардан жасалғанында ғана мүмкін. Бұл жағдайлар ГОСТ 10807 - 78 талаптарымен белгіленген. Сондықтанда жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандардың басты міндеті жарыққайтарғыш беттермен жабдықталған жол белгілерін орнату. Сонымен қатар ол жол белгілерінің техникалық жағдайына, олардың көріну мүмкіндігіне бақылау жасау қажет.

Жол белгілерінің жарықтығы:

К = (Ло-Лд)/Лд

Жол белгісін қараңғы мезгілде көру үшін жарықтықтың шектік шамасын қамтамасыз ету керек:

ЛПОР= ЛПОР /Лд

мұндағы ЛПОР - жол белгісі мен жол беті жарықтықтарының ең төменгі айырмасы немесе ол жарықтықтардың шектік айырмасы деп аталады.

Жол белгісінің анық көрінуі үшін қажетті шарт

К = КПОР = 15 : 20

Сонда


К= 100-60/4= 1

Қыс мезгіліндегі қозғалыс

Қыстық автожолдарды ұстап тұру кезінде оларды қардан қорғау үшін алдын ала белгіленген өлшемдері, конструкциясы анықталған қарлы тосқауылдан қорғау құралдары орналастырылады және одан қорғау үшін қарлы көшкіндер жасалады. Қардан қорғау құралдары іс-әрекет принциптеріне қарай қарды ұшырушы және қарды ұстап тұрушыға (снегозадерживающие и снегопередувающие) жіктеледі. Қарсы ұстап тұрушы құралдары кең қолдау тапқан. Оларға аймақтық өнімдерден өндірілген қашалар, қоршаулар, шырпы талдан жасалған бөгеулер мен қалқандар және тағы да басқа өнімдерден өндірілгендер жатады. Қардан ұстап тұрушы саймандардың ерекше топтарына таулы аймақтың тас қабырғалары, траншейлары және қарлы валдар ұсынылады. Қардан ұстап тұрушы қашаларын 1,5-2м биіктіктегі ағаш қалқандарынан жасайды. Олар стационарлық болуы мүмкін: бірыңғай ағаштан және 70% құрамды темір бетондардан, бірпанельді және екіпанельді 5м-ге дейінгі биіктіктегі көп салалылардан тұруы мүмкін.

Пассивті қардан қорғау үшін уақытша кеңістікті құралдар (УКҚ) қолдану қызығушылық туғызады. Оларды полимерлі өнімдерден даярлайды. Өйткені олар ағаштан жасалған қоршауларға қарағанда 1,8-2 есе тиімді және көп есе мықты болып келеді. УКҚ өзіндік 2м биіктіктегі қазық-тіреулерді елестетеді, оларға копронды баулармен рулонды толтырулар-доға тәріздес немесе бұрыштық профильдегі жапырақ пленкалы полимерлер бекітіледі.

Негізгі функциялардан басқа – жолдарды қардан қорғау негізінде қар тоқтатушы құралдар белгілі эстетикалық функцияларды да қамтамасыз етеді. Эстетикалық қабылдауда табиғи жолдардың қалқанды қоршауларын шіруден, коррозиядан мақсатты түрде қорғауды жақсарту үшін олады жасыл, сары, көк түстегі майлы бояулармен бояйды. Көктемде барлық ауыстырылатын қоршауларды сақтауға және жөдеу үшін базаға әкелуі керек, әйтпесе табиғи жағдайдағы асфальтталушы аудандарға төселуі қажет.

Тайғақтықпен күрес химикалық, фрикцондық және жылулық тәсілдермен жүргізіледі. Тайғақпен күресудің ең көп таралған және жеткілікті тиімді тәсілі – жолда фрикциондық өнімдерді 8-10% массадағы көлемде химикаттық ұоспалардың қосылуымен тағайындалуы болып табылады.

Табиғи жағыдайда қыста автокөлік жолдарын ұстап тұруды қамтамасыз етуге химикалық қоспаларды сақтау базалары; фрикцондық өнімдер үшінгі базалар, оперативті кезекшілік жолдық техникалар үшінгі аумақтар, гологенге қарсы өнімдерді төсеу аумақтары жатады.

Қар жинаушы техникаларды сақтау және жөндеу үшін гараждық және жолдық-эксплуатациондық құралдар шаруашылық жөндеуде қолданылады.

Темір жолды кесіп өтетін жерлер

I - III санаттағы автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысуын әр түрлі деңгейде жобалау керек.

IV және V санаттағы автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысуы әр түрлі деңгейде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында жобалануы тиіс:

- үш немесе одан көп басты темір жолдардың қиылысуы немесе қиылысу қозғалыстың тез жылдамдықтағы темір жол телімдерінде орналасқанда немесе қозғалыс қарқыны тәулігіне жүз пойыздан көп болғанда;

- қиылысатын темір жолдың ойыста орналасуы, сонымен қатар 6.5.3. т. Сәйкес көру нормалары қамтамасыз етілмеген жағдайларда;

- автомобиль жолында троллейбус қозғалысынемесе трамвай жолдары болғанда. Темір жолдарының үстінде жол өтпелерін жобалау кезінде, құрылыс габариттерін темір жолдарға жақын орналастыруды қамтамасыз ету бойынша талаптармен бірге:



пойыздардың қауіпсіз қозғалуна талап етілетін шарттар бойынша жолдар мен дабылдарды көруді қамтамасыз етуі тиіс;

темір жолдың жер төсемінің беріктігін ескере, су бұрғышты қарастыру



Дәріс№8 Көлік үрдісі, оның жүйектері және сипаттамалары туралы негізгі ұғымдар. Автотасымалдаудың түрлері мен классификациясы Автомобиль көлігін пайдалану бойынша инженерлерді дайындауда автотасымалдардың ролі. Жүк және жолаушы автокөліктік құралдарының классификациясы

Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:

  1. Жүк ағындарының маркетингі.

  2. Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.

  3. Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.

  4. Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

  5. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.

  6. Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.

  7. Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.

  8. Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.

  9. Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.

  10. Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.

  11. Жылжымалы құрам жұмысымен оны пайдаланудағы оперативті бақылау.

Жүргізуші - көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігінің деңгейіне қатысты.

Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.

Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:

  1. Жүктерді тиеу және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқтиеу; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын ала жүктерді дайындау және т.б.

  2. Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.

  3. Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.

  4. Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.

  5. Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақытын максимальды пайдалану.

Жолаушы автомобилі тасымалының классификациясы

Барлық орындалатын жолаушылар автомобилі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.

Жылжымалы құрамның жолаушы автомобилі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.

Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.



Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.

Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендерімен байланыстырады.

Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.

Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.

Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.

Жолаушы автомобилі тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.



Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған.

Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын ала жасалып келісілген маршрут бойынша туристік қатынасқа арналған.

Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.

Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.

Вахталық тасымал мұнайшыларды, құрылысшыларды, шахтерларды және т.б. бригадамен немесе сменалық түрде тасымалдауға арналған.

Жолаушы автомобилі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.



Маршрутты тасымалдар бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.

Тапсырысты тасымал ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

Тiкелей аралас тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.

Тиеуға дейін немесе түсірудегі аралық жүріс тасымал циклын үзбейді. Әрбір жаңа жүріс жылжымалы құрамның бос кездегі берілуінен басталады.

Тұрақтан жылжымалы құрамның берілуі мен соңғы пункттан түсіруден кейінгі оралуы жеке тасымал циклына жатпайды, жылжымалы құрамның толық бір күндік жұмысын - нөлдік жүріс (пробег) деп атаймыз.

Автомобиль айналымы бір немесе бірнеше тасымал циклындағы бос жылжымалы құрамның тиеу пунктіне берілуінен кезекті оралуын атайды.



Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыру

Жүк автотасымалдарының орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыруда бірнеше варианттарға бөлуге болады.



  1. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыдағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы қарапайым варианты ұсынылады.

  2. Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыға жіберушіге дейінгі кері бағыттағы жүктің жеткізілуі немесе кез келген аралық пункттар болып табылады.

  3. Бірінші немесе екінші варианттардағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы бір жүк жіберушімен бір қабылдаушының бірнеше жылжымалы құрамды пайдалануы.

  4. Бірнеше жіберуші мен бірнеше қабылдаушының бірретті немесе көпретті жүк тасымалындағы бір немесе бірнеше автомобильдің алғашқы тиеу пунктіне оралуы (жылжымалы құрамның айналмалы қозғалыстағы кіші жүйесі). Бұл вариантта бір автомобиль жүк жөнелтушімен қабылдаушыға бір айналымда бірнеше аялдама жасайды.

  5. Бір жөнелтушіден немесе қабылдаушыға жүкті жинау немесе тарату.

  6. Белгілі-бір мақсат жұмысына бағынатын, бірнеше шағын жүйелерді пайдалануды талап ететін белгілі-бір өндірістік құрылымның қызметі .

  7. Көлік жүйесі бірнеше өндірістік құрылымдарға немесе белгілі-бір географиялық регионға қызмет етеді.

Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары

Жүк автокөлік жұмысы екі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жүктерді тасымалдау көлемі және жүк айналымы.

Жүк ағыны белгілі-бір уақытта автомобиль көлігі тасымалдауында немесе тасымалданғандағы тоннамен өлшенетін жүк көлемін көрсетеді.

Жүк айналым тонна-километрмен немесе осы уақытқа дейінгі немесе белгілі-бір уақыт аралығында орындалған аралас жүктердің көліктік жұмысымен өлшенеді.

Жалпы жүк айналым көлемі және автокөлік мекемелерінде жүк айналым қабылданған номенклатура бойынша бөлінеді. Бұл бөліну жүк айналымы мен тасымал құрылымы деп аталады. Тасымал көлемін анықтауда бір жүкті бірнеше есе тасуға тура келеді (бұл көбіне қалалы орындарды кездеседі). Бұл дегеніміз бір жүкті қабылдау орнына жеткізудегі алмасушылық болуы мүмкін. Мысалы, кейбір жабдықтауға арналған құрылыс материалдары, санитарлы-техникалық және электромонтаждау жұмыстарында бірінші, сәйкес қоймаларға апарылып, содан кейін құрылыс нысандарына тасылады. Көбіне қайталанбалы тасымалдар сауда жүйелеріне өндірістік және азық-түлік тауарлары болып келеді. Бұл тауарлар көбіне алғашқыда темір жолмен, су және әуе көліктермен станция немесе аэропорттардағы сауда қоймаларына әкелініп, сортталып, сосын дүкендерге тасымалданады.

Уақыттың ұзақтығына байланысты жүк айналым және тасымал көлемі сағаттық, тәуліктік, айлық, кварталдық, жылдық болып келеді.

Жүк айналым және тасымал көлемі ереже бойынша әрбір ай және квартал бойынша бір қалыпты таралмайды. Бұл тербеліс автокөлік қызметі мен сұранысқа байланысты.

Бір қалыпсыздық деңгейі бір қалыпсыздық коэффициентпен анықталады, тасымал көлемі жүк айналымының максимальды шамасының белгілі-бір уақыттың орташа қатынасына тең.

Тасымалдау шартына және сақтауға байланысты жүктер қарапайым және спецификалық болып бөлінеді.

Дәріс№9 Жүк- және жолаушы ағыны, оларды зерттеу әдістері. Халықтың көліктік қозғалысы.Көлік жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері. Кәсіпорындар мен халыққа көліктік-экспедициялық қызмет көрсету.Тарифтерді құру және көліктік қызмет көрсетудің даму принциптері, көліктік қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар

Маршруттық тасымалдар көрсеткіші

Маршрут өзіне:


  • тасымал көлемін;

  • бағытты;

  • қашықтықты;

  • уақыт бойынша жету;

  • түрлі категориядағы жол жүктілігі;

  • қозғалыс кезектілігі бойынша;

  • жеткізу тиімділігі.

Маршруттаудың негізгі тапсырмаларына:

  • қозғалысты ұйымдастыру;

  • жүкті жеткізудің минимальды мерзімі;

  • қозғалыс қауіпсіздігі;

  • көлік құралдарын тиімді пайдалану;

  • тасымалдау жоспары мен графигін орындау;

  • жол жағдайының өзгеруіне байланысты кешенді реттеу.

Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:

  • Тасымалдау қашықтығына байланысты:

  1. қалалық (шамамен қала шетіне дейін);

  2. қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);

  3. қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);

  4. халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).

  • Жыл уақыттары бойынша:

  1. тұрақты (жыл бойына);

  2. уақытты (уақытша);

  3. мерзімді (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).

Маршрут ашуда алдын-ала сұрақтарды шешуде мыналарды қажетті түрде қарастыру қажет:

  1. осы маршрут бойынша жүк тасымалының сұранысын анықтау;

  2. жол жағдайын зерттеу және қозғалыс трассасын таңдау;

  3. маршрут мақсатының техника-экономикалық негіздемесін құру.

Маршрут тұрақты жүкағыны мен жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде алуға болады.

Маршрут жасауда мыналарды қарау қажет:



  • қаланың негізгі пункттар аралығында тапсырыс берушілерге көлік байланысын қамтамасыз ету;

  • автокөлік түрлерін тасымал түріне орай пайдалану;

  • қозғалысқа бақылау жасау мүмкіншілігін;

  • мекеменің автокөлік құралдары қозғалысын координациялық басқарумен қамтамасыз ету;

  • аралық және соңғы аялдамаларды автокөлік құралдарының бос жүріс аралығын азайту мақсатында ірі жүк жинау орындарына жақын орналастыру;

  • қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесін қолдану.

Жүк ағындары белгілі-бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.

Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.

Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі-бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі-бір масштапбен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті

Эпюр жүк тасымалының түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.

Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.

Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.

Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.

ҚЖК жүйесін жаңғырту жолындағы алғашқы кадам әлемнің түрлі елдерінің практикалық тәжірибесін зерделеу болды. Анықталған шешімдердің талдауы, шын мәнінде, жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушы көлігінің жұмысын ұйымдастыруда баламалы екі тәсілдің бар екендігін көрсетті.

Жүк ағындарының сипаттамасы

Жүк ағындары белгілі бір уақыттағы белгілі-бір бағыт бойынша тонналық жүк сандары.

Графикалық жүк ағындары сызба түрінде немесе жүк ағындарының эпюрасы түрінде ұсынылады. Жылжымалы құрам тасымалдауындағы қатынас жолдарында жүктің қисық сызықты қозғалысы түзу сызықтықпен алмасады.

Жүк ағындарының эпюрасы келесі түрде құрылады. Бірінші, белгілі бір ұзындық масштабымен тасымал кезіндегі бір немесе бірнеше аймақтар белгіленеді. Содан соң осы сызыққа белгілі бір масштабпен тасымал қашықтығын қоса алғандағы жүк саны сызылады: бірінші кезекте жүк, келесі де қабылдау пункті

Жүк тасымалының эпюрі түзу және кері бағытта сызылады. Түзу және кері бағыттағы жүк ағындары қатынасының шамасы бағыт бойынша жүк ағындарының бірқалыпсыздық коэффициенті деп аталады.

Жүк ағындары эпюрасын тұрғызуда екі жағдай болуы мүмкін: барлық жүк жөнелтетін және жүк қабылдайтын пункттар.

Жүк ағындары картограмма түрінде ұсынылуы да мүмкін. Картограмма- аралас жүктердің арнайы қатынастағы автомобиль жолдары, көшелердегі жүк ағындарының картадағы графикалық бейнелеуі.

Эпюр мен картограмма жүк тасымалындағы жылжымалы құрамның маршруттық қозғалысын жасауда үлкен мәнге ие болу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүк ағындарының құрылымы: салалық, топтық, туыстық (тұқымдық).

Экономикалық факторлардың ықпалы. Осы жоба үшін экономикалық факторлардың ықпалы практикалық болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей, жобаның коммерциялық тартымдылығы өте төмен, әрі жобаны іске асырудан келетін пайдалар кәсіпорынға емес, мемлекетке түседі. Сан жағынан бағалау және пайдалылықтың тиісті көрсеткіштерінің есебі қажет болған жағдайда, осы жобадағы ақша бұдан басқа, мемлекет экономикасына оң салым салатын (оң үлес қосатын) қосымша сыртқы факторлардың (экстерналий) есебінен алу да сондай-ақ жобаның экономикалық тиімділігін арттыруы мүмкін.



Жүк ағының оптимизациялау әдістері

Көлік есебінің алғашқы таяныш жоспарлары табылған соң оптимал шешімін симплекс әдәсәмен табуға болады. Бірақ көлік есебінің ерекшеліктеріне туатын қиындықтарға байланысты симплекс әдісін пайдалану қолайсыз.

Сондықтан көлік есебін шешуге арнайы әдістер қолданылады. Оның бірі 1949ж. совет ғалымдары Л.В. Канторович пен М.К. Гавурин ойлап тапқан потенциялдар әдісі.

Потенциялдар әдісімен саны шектеулі интерация жасай отырып көлік есебінің оптимал шешімі алынады.Потенциалдар әдісінің негізгі теоремасын дәлелдеусіз келтірейік.

Теорема 9.1 Егер х*=(xij*) жоспары көлік есебінің оптимал шешімі болса, онда оған оң (xij*>0) элементтері үшін Ui+Vj=Cij, ал қалған (Xij*=0) элементтері үшін Ui+VjCij шартын қанағаттандыратын саны m+n-ге тең Ui және Vj потенциалдары сәйкес келеді.

Ui-жабдықтаушылар, Vj-тұтынушылар потенциалдары деп аталады.

Потенциалдар әдісінің алгоритмі өте қарапайым және келесі қадамдардан тұрады:


  1. Жоғарыда келтіріген әдістердің бірін пайдаланып, алғашқы таяныш жоспарды анықтаймыз.

  2. Табылған жоспардың оптимал екендігін тексеру үшін потенциалдар жүйесін құрамыз. Ол үшін әрбір жабық клеткаға сәйкес Ui+Vj=Cij теңдеуі құрылады. Нәтижесінде m+n белгісіздері бар m+n-1 теңдеулерінен тұратын жүйе аламыз. Бұл жүйенің белгісіздерінің саны теңдеулерінің санынан көп болғандықтан, оның көп шешімі болады. Сондықтан, осы жүйенің кез-келген бір шешімін алу үшін Ui-дің біреуін нольге тең деп алып, қалған потенциалдар мәндерін анықтаймыз.

Мысалы Ui-дің мәні белгілі десек, онда Vj=Cij-Ui теңдеуінен Vi-дің мәні анықталады. Егер Vj-дің мәні белгілі болса, онда Ui-дің мәні табылады Ui=Cij-Vj

Барлық потенциалдар анықталып болған соң, әрбір бос клетка үшін

Мәндері анықталады. Егер барлық i-мен j-лер үшін



Теңсіздігі орындалатын болса, онда табылған таяныш жоспар оптимал жоспар болғаны.

  1. Егер кемінде бір бос клетка үшін болса, онда табылған жоспар жаңа жоспармен алмастырылады. Ол үшін теңсіздігін қанағаттандыратын клеткалар ішінен max =i,j шартын қанағаттандыратын (l,k) клеткасы жабылады, сол клетка үлестірілуі тиіс жүктің мөлшері жазылады. Немесе Xlk= деп жорамалданады.

  2. Үлестірілуі тиіс жүктің мөлшерін анықтау үшін және оны кестеге дұрыс орналастыру үшін контур (цикл) құрамыз. Ол үшін жоғарыда анықталған (l,k) клеткасына (+) таңба жазып, сол клеткадан бастап, төбелері жабық клеткаларда жататындай етіп, тік бұрышты тұйық контур саламыз. Осы контурдың қалған төбелеріне (-) және (+) таңбаларын алмастыра отырып, жазып шығамыз.

  3. Үлестіруі тиіс жүктің мөлшерін немесе -ны таңбалары (-) клеткаларда орналасқан Хij-дің ең кішісіне тең деп аламыз.

Жаңа жоспарды анықтау үшін -ның табылған мәнін (+) таңбасы жазылған клеткаларға қосамыз да, ал (-) таңбасы жазылған клеткалардан алып тастаймыз. Егер контурдың (+) таңбаларымен белгіленген төбелерін к+ деп, ал (-)-пен белгіленген төбелерін к- деп белгілесек, онда айтылғандарды келесі өрнек түрінде жазуға болады:

=min{Xij}=Xpq Xijk-

онда жаңа жоспар, былай анықталады:

X’lk=; X’pq=0 X’ij=Xij; Xijk-UK+ Xij=Xij+, Xijk+ Xij=Xij-, Xijk-

Егер -ға Xijk- бірнеше мәні сәйкес келетін болса, онда жаңа жоспарды анықтау кезінде бірнеше клетка 0-ге айналады. Осы жағдайда көлік есебінің жабық клеткаларының саны m+n-1-ден кем болады да, жоспар алынады.Бұл жағдайда, айнымаған жоспар алу үшін нөлге айналған клеткалардың кейбіреуін жабық клеткалар деп аламыз. Жабық клеткалар саны m+n-1-ден аспауы қажет.

Табылған жаңа жосапар қайтадан тексерілуі тиіс.Ол үшін потенциалдар алгоритмін 2-5-ші қадамдары қайталанады және оптимал жоспар алынғанша жүргізіледі. Қос есе жоғары бағалау әдісімен алынған таяныш жоспарды оптималдаймыз.



Bj

Ai


55


60

75

90

20

Ui

50

307

4

8

9

206

U1=0

100

255

603

11

157

12

U2==-2

80

6

9

752

58

13

U3=-1

70

15

7

8

7010

9

U4=1

Vj

V1=7

V2=5

V3=3

V4=9

V5=9




1.Бұл айнымаған таяныш жоспар, яғни m+n-1=4+5-1=8 жабық клеткасы бар.

2. Жабық клеткаларда пайдалана отырып 9 белгісі бар 8 теңдеуден тұратын жүйе құруға болады.

Осы жүйенің кез-келген бар шешімін алу үшін U1=0деп жорамалдаймыз. Сонда потенциалдар мәні төмендегідей анықталады:

1.U1+V1=7. V1=7-U1=7-0=7.

2.U1+V5=6. V5=6-U1=6-0=6.

3.U2+V1=5 U2=5-V1=5-7=-2

4.U2+V2=3 V2=3-U2=3-(-2)=5.

5.U2+V4=7 V4=7-U2=7-(-2)=9

6.U3+V4=8 U3=8-V4=8-9=-1

7.U3+V3=2 V3=2-U3=2-(-1)=3

8.U4+V4=10 U4=10-V4=10-9=1

Сонымен =(0,-2,-1,1), =(7,5,3,9,6) потенциалдар жүйесі құрылады.Ары қарай барлық бос клеткалар үшін мәндерін анықтаймыз.

1.12=U1+V2-C12=0+5-4=1. 2. 13=U1+V3-C13=0+3-8=-5.

3. 14=U1+V4-C12=0+9-9=0 4. 23=U2+V3-C23=-2+3-11=-10.

5. 25=U2+V5-C25=-2+6-12=-8. 6. 31=U3+V1-C23=-1+7-6=0.

7. 32=U3+V2-C32=-1+5-9=-5. 8. 35=U3+V5-C35=-1+6-13=-8.

9. 41=U4+V1-C41=1+7-15=7. 10. 42=U4+V2-C42=1+5-7=-1.

11. 43=U4+V3-C43=1+3-8=-4. 12. 45=U4+V5-C45=1+6-9=-2.

Табылған барлық ij-лердің мәндерін қарастыра келіп, оның А1В2 клеткасындағы мәні оң екендігін көреміз. Демек табылған жоспар оптимал емес

3. А1В2 клеткасында 12-нің мәні оң болғандықтан осы клетканы жабық клеткаға айналдырамыз, ол үшін осы клеткадан төбелері жабық контур тұрғызамыз, ол контурдың басқа төбелері жабық клеткаларда тік бұрыш жасап орналасуы тиіс. Бздің есепте А1В2, А2В1, А2В2 клеткаларында контурдың А1В2 клеткасындағы төбесіне (+) таңбасын қойып, қалған төбелеріне (-) және (+) таңбаларын алмастырып жазып шығамыз.

4. Үлестірілуі тиіс жүктің мөлшерлері ны мына =min{Xij}=min{30,60}=30

Xijk- шартынан анықтаймыз.

5. Жаңа жоспарды анықтау үшін контурдың (+)таңбалы төбелеріне =30-ды қосып, ал (-)таңбалы төбелеріне алып тастаймыз. Кестенің қалған мәндері өзгермейді, нәтижесінде келесі жаңа таяныш жоспар аламыз. Мұнда

m+n-1=4+5-1=8 клетка толтырылған.





Bj

Ai


55

60

75

90

20

Ui

50

307

4

8

9

206

U1=0

100

255

603

11

157

12

U2==-1

80

6

9

752

58

13

U3=0

70

15

7

8

7010

9

U4=2

Vj

V1=6

V2=4

V3=2

V4=8

V5=6




Осы жоспардың шығынын есептейміз. Z1=30*4+20*6+55*5+30*3+15*7+75*2+5*8+70*10=120+120+275+90+105+150+40+700=1600 баға бар. Алынған жаңа таяныш жоспарды оптималдылыққа тексереміз. Потенциалдарды анықтаймыз. U1=0 деп аламыз.

1.U1+V2=4. V1=4-U1=4-0=4.

2.U1+V5=6. V5=6-U1=6-0=6.

3.U2+V2=3 U2=3-V2=3-4=-1

4.U2+V1=5 V2=5-U2=5-(-1)=6.

5.U2+V4=7 V4=7-U2=7-(-1)=8

6.U3+V4=8 U3=8-V4=8-8=0

7.U3+V3=2 V3=2-U3=2-0=2

8.U4+V4=10 U4=10-V4=10-8=2

Сонымен 1=(0;-1;0;2); 1=(6;4;2;8;6) потенциалдар жүйесі құрылды. Бос клеткалар үшін оптималдылықтың шартының орындалуын тексереміз. мәндерін анықтаймыз.

1.12=U1+V1-C11=0+6-7=-1. 2. 13=U1+V3-C13=0+2-8=-6.

3. 14=U1+V4-C14=0+8-9=-1 4. 23=U2+V3-C23=-1+2-11=-10.

5. 25=U2+V5-C25=-1+6-12=-7. 6. 31=U3+V1-C31=0+6-6=0.

7. 32=U3+V2-C32=-1+4-9=-5. 8. 35=U3+V5-C35=0+6-13=-7.

9. 41=U4+V1-C41=2+6-15=-7. 10. 42=U4+V2-C42=2+4-7=-1.

11. 43=U4+V3-C43=2+2-8=-4. 12. 45=U4+V5-C45=2+6-9=-1.

Барлық бос клеткалар үшін шарты орындалғандықтан, соңғы табылған жоспарымыз оптимал жоспар болады. Оптимал жоспарды келесі түрде жазамыз.

0 30 0 0 20

Хопт = 55 30 0 15 0

0 0 75 5 0

0 0 0 70 0

Осы жоспарға сәйкес ең аз көлік шығыны Zmin=1600 баға бірлігі.

Көлік есебінің ашық моделі жоғарыда келтірілген есептерде

шарты орындалған жағдайда көлік есебінің моделі жабық деп аталады. Егер бұл шарт орындалмаса көлік есебінің ашық моделі деп аталады және ашық көлік моделі үшін келесідей екі жағдай кездесуі мүмкін

а) Жүктің қоры тұтынушылардың қажетінен артық, яғни

б) Жүктің қоры тұтынушылардың қажетінен кем

Бірінші а) жағдайы үшін ашық көлік есебінің математикалық моделі мына түрде жазылады:



Берілген Z()= сызықтық функциясына минимал мән әперетін және

Шарттарын қанағаттандыратын Х=(Xij) жоспарын тап. Екінші б) жағдайында ашық көлік есебінің математикалық моделі келесі түрде жазылады:



Берілген Z()=сызықтық функционалына минимал мән әперетін және

шарттарын қанағаттандыратын Х=(Xij) жоспарын тап.



Кез-келген ашық көлік-есебін шығару үшін, алдымен көлік есебінің жабық түріне келтіру керек. Ол үшін а) жағдайында моделге жасанды Bn+1 тұтынушысы енгізіліп, оның тұтыным мөлшері

ге тең болады. Екінші жағдайда моделге жасанды Аm+1 ші жабдықтаушысы енгізіліп, ондағы жүктің қоры ге тең болады. Енгізілген жасанды Bn+1 тұтынушы мен Аm+1 жабдықтаушының жүк тасу тарифтерін нольге тең деп аламыз. Соның нәтижесінде көлік есебінің анық моделін жабық модельге келтіріледі.

Экономикалық көрсеткіштер көліктің тасымалдау мүмкіншіліктерін, экономикалық тиімділігін, еңбек өнімділігін, құнын, ыңғайлылығын, жылдамдығын және т.б. сипаттайды.

Оларды нақтылы, шартты – нақтылы, пайдаланымды- техникалық және бағалық деп бөлуге болады.



Нақтылы немесе шартты – нақтылы көрсеткіштерге тасымал көлемі және арақашықтығы, жүк және жолаушы айналымы, жүк кернеулігі, көлік желісінің жиілігі, жүктің өнімділігі және тағы басқалар жатады.

Пайдаланымды – техникалық көрсеткіштер: тасымалдау және өткізгіштік қабілеттілік, жүйелілік, қауіпсіздік, жүріс жылдамдығы және мерзімі, жол сапардың жайлылығы, айлалылық.

Экономикалық (бағалық) көрсеткіштерге тасымалдаудың бағасы және тарифі, өздік құн, кіріс, тиімділік, меншікті капиталдық салым, келтірілген шығындар т.б. жатады.

Тасымалдаудың өздік құны экономикалық бағамдаудың ең маңызды жиынтық көрсеткіштерінің бірі, оның шамасына тасымал көлемі, арақашықтығы, жылжымалы құраманың жүк және жолаушы сиымдылығы, энергетикалық қорлардың шығыны, тәуліктік немесе жылдық жұмыстың мерзімі және басқа да факторлар әсер етеді.

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау мерзімі мен жылдамдығы көлік өніміне елеулі әсер етеді және көлік түрлері бойынша маңызы да әртүрлі болады. Жүктерді тасымалдаудың орташа жылдамдығы анықталады:



сағ (12)

мұндағы L – тасымалдау арақашықтығы,км;



- тасымалдау жылдамдығы, км/сағ;

tдоп- қозғалысты ұйымдастыру барысындағы қосымша уақыт, сағ.



Көлік тарифтері.

Тариф – көлік қызметін пайдаланғаны үшін төленілетін төлемдер бойынша белгіленген бағалардың жүйесі.

Негізін тасымалдаудың өздік құны құрайтын тарифтік белгіленген бағаның абсолюттік шамасы көлік нарығының канъюктурасына, көлік қызметіне деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады.

Тарифтік төлемнің негізін тасымал арақашықтығы, бір мезеттік жөнелтулердің шамасы, жүктің сипаты, жылжымалы құраманың мамандандырылуы, тасымалды орындаудың аумақтық шартты жағдайлары құрайды. Тарифтер мемлекеттік аймақтық, салалық, еркін және келісімді түрде болады.

Автокөлік құралдары көбіне уақытша, шақырым бойынша және жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтерді алады.

Уақытша тарифтер. Белгілі-бір уақыт ішінде тасымал көлемі мен санын анықтау мүмкін болмағанда клиенттерге ұсынылатын тарифтер.

Тариф бір сағатқа жылжымалы құрам түріне және пробегті есептеу арқылы жүргізіледі.



Километр бойынша тарифтер. Жылжымалы құрам моделі мен түріне және пробег шамасына байланысты қарастырылатын төлемдер. Көбіне бұл тарифтер қалааралық тасымалда немесе автокөлік құралдары өз ішінде араласуында орындалады.

Жасалынған немесе жүргізілген жұмыстарға байланысты тарифтер. Бұл тарифтер белгілері жүкті тасымалдау мен жүк класына байланысты автокөлік қызметінде жүк тасымалдауда еркін баға бойынша тасымалдаудың өзіндік құны мен бәсекелік дәрежесіне байланысты анықталады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет