Балықтардың ұрпағына қамқорлық жасауы
Уылдырығы көп сутіл (2-2,5 млн), треска (2,5-10млн), шортан (100 мың 1млн), көксерке(200мың-1 млн) және сазан сияқты балықтар ұрпағына қамқорлық жасамайды,уылдырықтарының көптігі арқылы ұрпақ жалғастырады. Албырт тұқымдас құнысбалық (1-2 мың), кета(2-4 мың) сияқты балықтар саны аз болғандықтан, қорғап қалу үшін уылдырығын малтатасты топыраққа көміп,бірнеше күн қорғаумен болады. Тікенді кекіренің уылдырығы 600-ге жуық, ал кәдімгі кекіренің уылдырықтары 100 болады. Бұл балықтар уылдырығын былқылдақденелілердің шапанша қуысына салады. Уылдырық жарған кекіренің дернәсілдері бақалшақтағы сарыуызды қорек етеді. Ал аналығы 60-400-ге дейін уылдырық салатын үштікенді шаншарбалықтың аталығы ұя жасап, шабақтарын жауынан қорғайды, тропиктік суларда тіршілік ететін кішкене жайынша- бәсірлердің аталығы, тиляпия балығының аналы,ы уылдырығын аузында сақтап , шабақ өрбітеді. Балықтар ұрпағын сақтап қалу үшін әр түрлі әрекеттер жасауға бейімделе алады.[5
Достарыңызбен бөлісу: |