Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет151/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Балық өсіру
Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.[4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет