Жай және күрделі жапырақтар
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы, терек, қарағаш, қайың, жөке ағаштары, т. б.).
Бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді. Жапырақшаларының әрқайсысы өз алдына жеке-жеке түседі. Жапырақшаларының орналасуына қарай: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделі деп бөлінеді.
1. Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады, мысалы: беде, соя және т. б. 2. Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора. 3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді. Жұп қауырсындылар – асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ; тақ қауырсындылар – қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы. Жай жапырақтардан тағы бір ерекшелігі ағаштың күрделі жапырақтары күзде, тұтас үзіліп түспейді. Алдымен жапырақшалары, соңынан сағағы үзіліп түседі. Шөптекті өсімдіктердің күрделі жапырақтары тұтас қурап түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |