Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


темір кеңінің,болаттың,шойынның темір қасиеттері қандай



бет20/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

12.темір кеңінің,болаттың,шойынның темір қасиеттері қандай
Темірдің 2 түрлі құймасы бар: шойын және болат. Шойын — кұрамында 1,7%-тен жоғары көміртек, одан басқа кремний, марганец, аз мөлшерде күкірт пен фосфор болатын темірдің кұймасы. Тотыксыздандырғыш ретінде көміртек жөне көміртектің (II) оксиді қолданылатындықтан, алынған темірдің құрамында 4—4,5% көміртек жөне басқа қоспалар болады.
Көміртек темірге қаттылық және жақсы кұйылатын қасиет береді. Балқығанда көміртек темірде ериді, қатайғанда қатты ерітінді немесе химиялык косылыс түзеді. Шойынның сапасы көміртектің; мөлшеріне қарай өзгереді. Сұр шойында көміртек графит түрінде кристалданады. Сұйык күйінде тез құйылады, оңай кристалданады, көлемін сақтайды. Сұр шойыннан машинаның қаттылықты қажет ететін тетіктері жасалады. Сұр шойьщда 2,4—3,8% көміртек, кремний жөне марганец болады. Ақ шойында көміртек 6%-тен астам, әрі химиялық қосылыс түрінде кездеседі, өте катты, болат қорыту үшін пайдаланылады.
Шойын домна пешінде өндіріледі Домна пеші биіктігі 30 м, диаметрі 12 м-ге жететін алып қондырғы, ішкі бөлігі отка төзімді кірпішпен каланған. Пеш жұмыс істеген кезде температура 1840°С-ка дейін көтеріледі. Оның жоғары жағында қорытуға түсетін кеннің қоспасын тиейтін құралғы, домна газы шығатын арнайы тесігі, төменгі жағында шойынды кұйып алатын, ауа үрлейтін, қожды шығарып алатын бөліктері бар.
Домна пешіне оксид түріндегі темір кенінің, кокстың және балқытқыш заттардың қоспасын салады. Пеш жұмыс істегенде үрленген ыстық ауаның әсерінен химиялық реакциялар жүреді.
Қож деп аталатын бұл қосылыс жеңіл болғандықтан, шойынның үстінде жиналады да, арнайы тесіктен ағызып жіберіледі. Ауа орнына оттек үрлеу арқылы домна пешінде шойын қорыту процесі тездетіледі. Шойында көміртектен баска кенді қорытканда ілесе шығатын марганец, кремний, күкірт және фосфор болады. Күкірт пен фосфор шойынға морттық касиет береді. Сондықтан шойынды болатқа айналдыру үшін оның құрамынан күкірт пен фосфорды шығарып, көміртек пен кремнийді азайту керек.
Шойыннан болат корыту оның күрамындағы коспаларын ауа немесе оттек аркылы тотыктырып, кожға айналдыру реакцияларына негізделген.
Қызған сұйық шойынға оттек үрлегенде, апдымен шойын құрамындағы элементтердің бәрі тотығады:
Шойыннан болат алу күрделі, сатылап жүретін процесс. Арнайы конвертор, мартен жөне электр пештерінде жүзеге асады.

13. алюминий кенінің темір кенінен айырмашылығы қандай және оған ұқсастығы неде


Вёлер алюминийдің онша таза емес үлгісін толык бөлгенге дейін алюминийді металл деп есептемеді, ол кезде темір әлдекашан белгілі болып, кендерден өндірілген болатын. Алюминийді балқыту процесі өте киын. Алюминий берік және жеңіл, сонымен бірге жемірілуге тұрақты, электр тогын жақсы өткізеді. Әрбір пайдалану аймағында оның бір немесе бірнеше пайдалы қасиеттерін ескеріп қолданады, нәтижесінде бірқатар металдық құрылымдарда темірді, ал электр торабында мысты алмастырады
. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет