Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
8.қандай тау жыныстары пайдалы қазбалар деп атайды Гранит – өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді.
Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Оны жер асты байлығының қамбасы деп бекер айтпаған. Өйткені Қазақстаннан планетамызда бар қазбалар түгелдей дерлік табылады.
Жерді қалыптастырушы тау жыныстарын біздер көбіне пайдалы қазбалар ретінде көбірек білеміз.
газ алтын, көмір, күміс , мұнай, тұз,бор,темір
Пайдалы қазбалардың топтасып жинақталған жерін кен орны деп атаймыз. Қазақстандағы ірі кен орындарына Қарағанды көмір алабы, Теңіз мұнай кені, Алтай тауындағы түсті металдар кен орындарын жатқызамыз. Біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай мемлекеттердің бірі. Табиғатта пайдалы қазбалардың сарқылатын және сарқылмайтын ресурстары кездеседі. Күн сәулесі, жел, судың толысуы сарқылмайтын ресурсқа жатады, ал көмір мен мұнай сарқылатын ресурсқа жатады.