9.бастауыш сыныптарға арналған пайдалы қазбалардың коллекциясын анықтап қараңыз
Пайдалы қазбалардың түрлері қолданылуына қарай жанатын пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар және кенге жатпайтын пайдалы қазбалар болып үшке бөлінеді.
Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б.Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.
10. тас көмірдің қандай қасиеттері бар оны антрацит пен қоңыр көмірден қалай ажыратуға болады
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттер, сапропелиттер, сапрогумолиттер.
Олардың біріншісі – тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі – негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.
Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады
Тас көмірдің түрлері Антрацит шымқай қара түсті қолға жұқпайды жылуды көп береді металл қорытуға жұмсалады мүлде жалтырамайды солғын қоңыр түсті жылуды да аз береді оңай үгіледі қара түсті, көп жалтырамайды қызуы да кемірек Кәдімгі таскөмір Қоңыр көмір
Достарыңызбен бөлісу: |