Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.
Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, кезектесіп орналасу дейді.
Қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).
Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл (олеандр), қарғакөз)
Достарыңызбен бөлісу: |