Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Жапырақтардың сабаққа орналасуы Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.
Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, кезектесіп орналасу дейді.
Қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).
Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл (олеандр), қарғакөз)