Сөйлемдердің бірігуі – бұл түпнұсқаның синтаксистік құрылымындағы екі жай сөйлемнің бір күрделі сөйлемге бірігуі арқылы өзгеретін аударма əдісі. Бұл алдыңғысына қарағанда қайшы трансформация.
That was a long time ago. I seemed like fifty years ago.
Бұл бұрын болды елу жыл өткен секілді көрінді.
Бірігуде трансформацияның қолданылуы көршілес сөйлемдер арасындағы предикативті синтагмалардың қайта таратылуымен жиі байланысты, яғни бірігу мен бөлу бір мезгілде жасалады – бір сөйлем екі бөлікке бөлінеді де, бөліктердің біреуі басқа сөйлеммен бірігеді.
Грамматикалық ауыстырулар – бұл түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің АТ грамматикалық мағынасына өзгеретін аударманың түрі. Ауысуға БТ грамматикалық бірлігі түседі: сөз формасы, сөз бөлігі, сөйлем мүшесі жəне сөйлем.
Достарыңызбен бөлісу: |