Тасөткел негізігі мектебінің жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігінің бірінші жартыжылдық есебі 2016 – 2017 оқу жылы



Дата08.09.2017
өлшемі65,06 Kb.
#30313
Тасөткел негізігі мектебінің жаратылыстану – математикалық

әдістемелік бірлестігінің бірінші жартыжылдық есебі

2016 – 2017 оқу жылы
Тасөткел негізігі мектебінің жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігінің ұжымы Қазақстан Республикасының Білім заңын, Қазақстан Республикасы Конституциясын, Білім берудің мемлекеттік стандартын басшылыққа ала отырып мектепішілік жасалған шараларды өз бірлестігімізде талдап , жоспар жасап, жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын енгізе отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру».

Бірлестік мұғалімдері мектепішілік өзекті тақырыпты басшылыққа ала отырып жұмыс атқарды. Өзекті тақырыпты іске асыруда келесі міндеттерді іске асырдық : оқушылардың шығармашылық қабілеттерін үштау, дарынды оқушылар мен жұмысты жандандыру, мемлекеттік стандарқа сай оқушылардың білім сапасын көтеру, жана технологияларды тиімді қолданып әр сабақта оқушылардың пәнге деген биімділігін арттыру

Жаратылыстану – математикалық әдістемелік физика пәнінің мұғалімі Бектемисова Сауле Кайсаровна басқарады. Бұл бірлестекке 7 мұғалім кіреді. Олардың жоғарғы санатты – 1,

І санатты - 2, санатсыз - 4.

2016 – 2017 жаңа оқу жылының басында бірлестіке үш жас мамандар келді Әбубакирова Айдын Жұмаділләқызы, Елтаева Жайна Биржановна, Шайрманова Мейрамгуль Ерлановна

Оқу жылының басында күнтізбелік, орта мерзімді, қысқа меозімді, факультатив, үйрме жоспарлар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Қыркүйек айында оқушылар физика, математика, химия , биология, герграфия пәндерінен «0»-дік бақылау жұмысын жазды. І тоқсан сонында ӘБ пәндерін бақылау, зертханалық жұмыс дәптерлері тексерілді. Жұмыстың барысында мұғалімнің дәптерлерді тексеру, тақырыптық күнтізбелік бойынша сәйкестігін, тазалығы, тыстауы тексеріліп анықтама жазылды.

Бірлестік мұғалімдері дарынды оқушылардың білімдерін дамуға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, нәтіжесінде: Ф.Г. Башмаковтың шәкірттері облыстық және республикалық жарыстардан тыс қалған жоқ. Облыстық шаңғы жарыстардан ( Зеренда қаласында) жүлделі І – ІІ орындарға ие болғандар Кинуарбек Алишер, Есимсейтов Чингиз .

Желтоқсан айында Тәуелсіздіктін 25 жылдығына арнап өткізілген Республикалық арақашықтық « Алтын қылқалам »сурет көрмесіне Мырзахметова Аяна, 6 сынып оқушысы қатысып сертификатар алды ( дайындаған Бектемисова С.К.) және 8 сынып оқушысы Төлеген Мейірбек « Информатика әлемі» атты көрмесіне қатысып сертификат алды ( дайындаған Шайырманова М.Е.)

21 желтоқсанда мектебімізде аудандық семинар өтті. Осы семинарда математика пәнінің мұғалімі Жунусова К.К. 6 сыныпта сындарлы оқыту технологиясын пайдаланып ашық сабақ берді және «КВН ғажайып бірлік» атты сабақтан тыс іс шара өткізді. Сабақпен іс шара жоғарғы деңгейде өтті.

Әдістеме бірлестіктің мұғалімдері 16 қаңтардан – 21 қаңтар аралығында пән апталығын өткізді. Пән апталығы « Әлем нақты ғылымдар тілінде » тақырыбы бойынша өткізілді.



Мақсаты: Математика, физика, биология, дене тәрбиесі, информатика, химия сабақтарында, іс – шараларда инновациялық әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық деңгейін қалыптастыру.

Апта бойы математика – информатика пәндерінен «Ең үздік матемитик», «Информатика- ақпараттар ғылымы», «Математика – барлық ғылымдар падишасы» атты, физика , химия, музыка пәндерінен «Жүздің бірі», «Музыка әлемінде»атты қызықты сайыстар өткізілді. Дене тәрбиесінің мұғалімі мектепішілік шорт - трек чемпионатын өткізді. Мектеп оқушылары бұл шараларға белсене қатысты.

Осы жұмыстан басқа ашық сабақта берілді. Математика пәнінің мұғалімі Жүнісова К. Қ.

7 сыныпта ашық сабағында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырып бойынша интерактивті тақтамен жұмыс жасап, сындарлы оқыту технологиясы бойынша деңгейлік есептерді шығарып социограмма құрды.

Сол сияқты физика пәнінін мұғалімі Бектемісова С. Қ. «Электр тогы. Ток көздері» деген

8 сыныпта ашық сабақ өткізді. Өз сабағында сындарлы оқыту технологиясының 7 модульді пайдаланып, оқушылардың білім диаграммасы аңықтап, сабақ соңында кері байланыс жасады.

Химия пәнінің мұғалімі. Әбубакирова А. Ж. 9 сыныпта «Алюминий және оның қосылыстары» деген тақырыпқа сабақ берді. Бұл сабақта ұстаз сындарлы технологиясының элементерін пайдаланды. Ал соңындағы рефлексия сабақтың балаларға ұнағанын және өздерінің білім сапасын дәлелдеді.

Информатика пәнінің мұғалімі Шайырманова М.Е. 5 сыныпта «Масштаб. Суреттің трансформациясы» деген тақырыпқа сабақ берді. Сабақта әр оқушы компьютермен практикалық жұмыстар істеп, өз білімдерін дәлелдей білді.

Математика пәнінің мұғалімі Кузенбаева А.Ш. 6 сыныпта ашық сабағында «Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару» тақырыбында оқушылар топтық, жұптық жұмыс істеулді. Сабақты қорытыңдысында « лем аралау» әдісімен презентация жасап қорғады.

Музыка пәнінің мұғалімі Елтаева Ж.Б. 6 сыныпта «Өнер ордасы» атты сабақ бірді. Оқушылар Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясымен танысып, шығармашылық жұмыстар істеді.

Барлық сабақтар мен іс – шаралар жақсы өтілді деп бағаланды.

Оқушылардың жеке пәндерге деген қызығушылығын арттыруда биология, математика, физика, химия, география, информатика пәндерінен қосымша сабақтар мен факультативтер өткізіліп отыр.

Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері жоспар бойынша тесттік, бақылау және сарамандық жұмыстарын уақытында жүргізді.

Бірлестік әдімістелік мұғалімдері жыл басында білім министірінің жаңа құжаттарымен танысты.

Барлық оқушылардың жартыжылдық білім үлгерімі 100 %. Әр пәнінен бөлек тоқтағанда бірінші жартыжылдық қорытындысын кестеден көруге болады.
Тасөткел негізгі мектебінің жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігі

бойынша 2016– 2017 оқу жылының оқушылардың білім көрсеткіші




П ә н д е р

Орташа білім көрсеткіші, %

1

2

3



4

5

6



7

Математика

Физика


Дене тәрбиесі

Биология


География

Химия


Информатика

73

76

98



73

73

73



79




Орындаған МӘБ жетекшісі: С.К. Бектемисова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет