Т.Қатаев атындағы №22 орта мектеп» МКМ бойынша 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың І жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебі.
Әлеуметтік педагогика – ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
2022 жылы тамыз айында әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары құрылып бекітілді.
Оқу жылының басы әдеттегідей Мектепке жол «Шекарасыз жақсылық» атты қайырымдылық акциясымен басталып, мешіт, демеушілер, мектеп ұжымы және ата-аналар тарапынан әлеуметтік санаттағы оқушыларға көмек көрсетілді.
Қыркүйек айында сынып жетекшілермен бірлесіп, сыныптың әлеуметтік паспорты жасалынды. Сынып паспортынан әлеуметтік санаттағы оқушылардың тізімдері жасалынып, бекітілді. Нәтижесінде:
Жетім – 1 отбасы, 1 оқушы
Аз қамтылған отбасы оқушылары, яғни атаулы әлеуметтік көмек алатын оқушылар – 29 отбасы, 41 оқушы
Көпбалалы – 89 отбасы, 237 оқушы
Толық емес отбасынан шыққан /ата-анасы заңды ажырасқан, ата-анасының біреуі қайтыс болған, жалғыз басты аналар/ - 43 отбасы, 63 оқушы
Өгей ата-анамен тұратын оқушылар – 12 отбасы, 19 оқушы
Қыркүйек айында 2021-2022 оқу жылында мектепті бітіріп және отбасы жағдайына байланысты мектеп ауыстырған оқушыларды тегін тамақтанушылардың тізімінен шығарып, орнына аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналарынан өтініш қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілген құжаттарды жинақтаған оқушылар тізімге қосылды. аз қамтылған отбасынан шыққан 175 оқушы жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақпен қамтылды. Қазан айы мен қараша айында 10 ата-анадан өтініш түсіп, тегін тамақпен қамтылған отбасы балалары – 185 оқушы болды.
29 қазан – Қамқоршылар күніне орай жетім қалған оқушы Мулдыкан Диананың қамқоршысына алғыс хат пен естелікке сыйлық табысталды.
Қараша айында сынып жетекшілермен бірлесіп өгей ата-анамен тұратын оқушылардың, инклюзив және үйден оқитын оқушылардың үйлеріне үй-тұрмыс жағдайын тексеру Актісі жасалынды. Қараша айында мектеп ұжымы Сағидан Диас, Илияс, Асландардың отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.
Желтоқсан айында аудандық білім бөліміне және Байсерке ауылдық округ әкімдігіне, мектеп асханасын жалға алушыға Жаңа жылдық сыйлыққа оқушылардың тізімдері берілді.
Білім бөлімі тарапынан – 83 оқушы
Байсерке ауылдық округ әкімдігінен – 10 оқушы
Асхананы жалға алушы – 5 оқушыға сыйлық үлестіріп берілді.
Сонымен қатар мектеп ұжымының ұйымдастыруымен 11000 тг жиналған сумма, үйі өртенген отбасына аударылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құралай Құдайбергенқызы инклюзив және үйден оқитын оқушыларға отбасы атынан киім алып берді. Мектебіміздің ұстазы Қапасова Фарида Арыстанбекқызы Жаңа жыл қарсаңында сыныбындағы 25 оқушыға қыстық бас киім, 2 оқушыға Дүйсенбек Мақсатқа спорттық аяқ киім мен Дәмен Айбарға күздік және қыстық аяқ киім және 5 оқушыға мектеп формасын сыйлады.
Желтоқсан айында аудан әкімінің Жаңа жылдық жасыл шыршасына 4 оқушы және Байсерке ауылдық округі әкімінің жасыл шыршасына он оқушы қатыстырылып, сыйлықпен қамтылды.
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында жетім қалған оқушылардың есебі және әлеуметтік педагогтің 1 жарты жылдық есебі, аудандық білім бөлімі мен қамқоршылық-қорғаншылық бөліміне тапсырылды.
Әлеуметтік педагог Сембаева Д.Т.
Достарыңызбен бөлісу: |