ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДІ УНИВЕРСИТЕТІ
Л.ТОЛСТОЙ АТЫНДАҒЫ
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ИНСТИТУТЫ
ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІ
ЕГЕ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер, қонақтар!
Қазақстан Республикасы, Татарстан Республикасы (Ресей) және Түркия мемлекеті арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру және озық тәжірибелер алаңы» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысуға шақырамыз.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар 2017 жылдың 22 ақпанында өткізіледі.
Талқыланатын мәселелер:
Тілдерді ана тілі ретінде оқыту мәселесі;
Тілдерді екінші тіл ретінде оқыту мәселесі;
Тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу: іштей онлайн.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне:
қатысуға өтінім;
баяндама мәтінін жолдау қажет.
Жұмыс тілі: қазақша, татарша, түрікше, орысша, ағылшынша.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары бойынша жинақ шығарылады деп жоспарлануда (PDF форматында).
Ұйымдастыру комитеті өтінім мен 5-7 бет көлеміндегі мақаланы 2017 ж. 08 ақпанға дейін қабылдайды. Ұйымдастырушы тарап баяндамаларды іріктеуге құқылы.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 мөлшерінде, 1 интервалмен, барлық жағынан 2 см, азатжол – 1,0 см қалдырылып жазылуы тиіс. Тырнақша «» түрінде белгіленеді. Мақала аты ортаға қойылып, бас әріппен жазылады. Бір интервал қалдырып, оң жағына автор(лар)дың аты-жөні және қызмет орны, e-mail көрсетіледі. Сілтеме тік жақшаның ішінде жазылады [5, 123]. Пайдаланылған әдебиеттер алфавиттік жүйемен беріледі. Мақала аннотациясы, кілт сөздер 2 тілде жазылады (мәтін қазақ, татар тілінде болса, орыс, ағылшын тілдерінде).
Өтінім мен мақала жіберілген файлда қатысушының тегі көрсетіледі:
Сатанов_мақала, Сатанов_өтінім.
Мақаланы безендіру үлгісі:
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОРНЫ
Сарсенова А.А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
sarsen_a@yandex.ru
Мәтін………………….
Пайдаланылған әдебиет:
1. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: әлеумет және жастар. – Алматы, 2013. – 200 б.
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Қатысушының толық аты-жөні
Жұмыс орнының толық атауы, қызметі
Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі
Мекенжайы
e-mail
Телефон (үй, ұялы)
Баяндама тақырыбы
Секция ( бағыты)
Байланыс: 010008, Қазақстан, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, оқу-зерттеу ғимараты. Ауд. 212, 213. Тел.: 709-500 (32-233; 32-203).
Өтінім мен мақала төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады:
Bayan1968@mail.ru, assanova_62@mail.ru (қазақ тіліндегі материалдар)
bakyt_zhienalina@mail.ru (орыс,қытай тілдеріндегі материалдар)
kadria.kgu@mail.ru (татар,түрік тілдеріндегі материалдар)
khalinet@gmail.com (ағылшын,неміс,француз тілдеріндегі материалдар)
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы ақпарат Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |